Түсінік хат «Өзін –өзі тану» пәнін оқыту «Адамның үйлесімді дамыту» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒпббсо) дайындаған, Қр білім және ғылым министрінің 2013 жылғы



бет3/26
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#117280
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
1-11сын ө ө т 2020ж

«Адам болам десеңіз...» атты үшінші тарау баланың жас ерекшелігіне қарай олардың психологиялық дамуын, яғни өспелі мінез-құлықты түйсінуін, әсерленгіштікті, сезімнің қарқынды дамуын, жалпы эмоционалдық тонусын (шаттық, сергектік), жігерлілік сапаларын ескере отырып жасалған. Тарауда баланың адамгершіліктік құндылықтық бағдарларды қабылдау дағдыларын дамытуға септігін тигізетін материалдар бар. Осы арқылы оқушылар мейірімділік, борыш, адалдық, ұят, намыс, батылдық сияқты және т.б. адамгершілік ұғымдармен танысады. Баланың қайырымдылық, достық, ұстамдылық, мақсаткерлік, батылдық, өз-өзін құрметтеу, абырой, көңіл күйге ортақтаса білу, басқа адамдарға, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық көрсетуін дамытуға ықпал ететін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға айырықша көңіл бөлінеді. Бағдарлама мазмұнында өзінің және басқалардың қылықтарын жинақтап қорыту, салыстыру, талдау, оның этикалық мәнін көре білу және бағалау қарастырылған.
Оқытудың мазмұны мен әдістері балалардың сезімталдығын, елгезектігін, өзін-өзі құрметтеуін, өз қадір-қасиетін сезінуін, эмпатиялық сезімін көрсетуін тәрбиелеу үшін жағдай жасауға бағытталған. Білім үдерісі баланың өз ұстанымына, оның өмірлік тәжірибесіне құрылуы қажет, сондықтан да оқушыларға оқу мен тәрбие үдерісінде берілетін ақпарат баланың жай назар аударуына ғана емес, оны эмоционалды түрде бастан кешіретіндей болуы тиіс. Онда балаларды өмірлік жағдаяттарды адамгершілік амалдармен шешуге үйрететін негіздегі тәжірибені қолдану қажет.
Тарауды оқытуда этикалық әңгімені жетекші әдіс ретінде қолдану мақсатқа сәйкес болады. Адамгершілік көрініс беретін оқиғаларды талқылау үдерісінде мұғалімнің балалар бойында жағымды эмоциялар оятуы, өз қадір-қасиетін сезінуін дамытуы қажет. Этикалық әңгіме мазмұны балалар әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты туындайтын қоғамдық құбылыстарды бағдарлай алатындай, өз мінез-құлықтарын сезінетіндей, өз қылықтарының адамгершілік нәтижелерін алдын ала болжай алатындай болуы керек. Адамгершілік тәрбиенің ұтымды тәсілі мен құралы арнайы құрылған танымдық міндеттер болып табылады. Оларды шешу барысында кіші жастағы оқушылар қылықтарын қарастыруды, жағдаяттарды талдауды, оларға өздерінің жеке қатынасын білдіруде өздеріне таныс адамгершілік ұғымдарды қолданады. Адамдардың қылықтары мен әдеттері туралы алынған мәліметтер кіші жастағы оқушыларға мінез-құлықтың әлеуметтік мәні бар жағымды мотивтерін орнықтыруға, өз бойындағы жақсы үлгілерді жетілдіру тілектерін дамытуға ықпал етеді. Білім мен тәрбиенің қаланған негіздері баланың бойында өз қылықтары үшін жауапкершілік сезімін және өзіне қатысты талап қоя білуді орнықтыруға көмектеседі, жеке тұлғаның басты келбетін дамытуға көмектесетін өзін-өзі дұрыс бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет