ТҮсініктеме ақпарат


Динамикалық афазияның пайда болу себептері?



бет7/7
Дата10.04.2017
өлшемі1,4 Mb.
#13659
1   2   3   4   5   6   7

Динамикалық афазияның пайда болу себептері?

А) ми сыңарларының маңдай арты бөлімдерінің сол жағындағы орталық жүйкесінің зақымдануынан;

В) ішкі құрылыстың бұзылуы,

С) жүрек ауруының ұзаққа созылуы;

Д) бүкірліктің пайда болуы;



  1. Динамикалық афазияға ұшыраған балада кездесетін өзгерістерге жатпайды;

А) өз еркімен байланыстырып сөйлеудің бұзылуы;

В) ұмытшақтық, күрделі сөйлемдердің мазмұнын түсінбеуі;

С) ойлау және мінез құлқы, тәртібі бұзылады, сұрақтар қоя алмайды;

Д) сөйлемдерді дұрыс құрастырып, адамдармен қарым – қатынасы жақсарады;



  1. Тұтығуға шалдыққан балада кездесетін өзгерістерге жатпайды?

А) сөйлеу қатынасына кедергі жасайды;

В) адамдармен қарым – қатынасы қиындайды;

С) баланың психиологиясы жарақаттанады;

Д) көп буынды сөздерді анық және тез айта алады;



  1. Тұтықпа кезінде кездесетін жағдайлар?

А) сөздер еріксіз тоқталады, дыбыстар мен буындар қайталанып айтылады;

В) күрделі сөйлемдер анық айтылады;

С) адамдармен сөйлесу жақсы жеткізе біледі;

Д) сөз тіркестерін дұрыс қолдана алады;



  1. Тұтығудың пайда болу себептері?

А) ішкі құрылыстың бұзылуы,

В) сөйлеу кезінде бұлшық еттердің дірілдеу салдарынан;

С) жүрек ауруының ұзаққа созылуы;

Д) бүкірліктің пайда болуы;



  1. Тұтықпа ауруы алғаш рет қай ғасырда зертелді?

А) XIX ғасырдың аяғында;

В) XX ғасырдың аяғында;

С) XVII ғасырдың басында;

Д) XVII ғасырдың аяғында;



  1. Тұтықпа ауруын ең алғаш зерттеген ғалым?

А) Л.Ф. Островская;

В) И.А. Сикорский;

С) К.Д. Ушинский;

Д) Г.Н. Година;



  1. Тұтықпа ауруына “бала ауруы” деп анықтама берген кім?

А) И.А. Сикорский;

В) В.П. Нечаева;

С) К.Д. Ушинский;

Д) Г.Н. Година;



  1. Шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша баланың қанша пайызы тұтығады?

А) 25%

В) 10%


С) 5%

Д) 2%


  1. Тұтығудың пайда болу себептеріне байланысты бөлінуі?

А) орташа және көп;

В) функционалды, органикалық;

С) қатты, жай;

Д) бастапқы, кейінгі;



  1. Функционалды тұтығу қай жас аралығында пайда болады?

А) 1­2жас;

В) 10­15 жас;

С) 2­5 жас;

Д) 7­8 жас;



  1. Жүре пайда болған тұтығудың себептеріне жатпайды?

А) бала тәрбиесіндегі бұрыс жағдайлар;

В) баланы қатал жазалау;

С) баланы еркіндікте тәрбиелеу;

Д) баланы қатты қорқыту;



  1. Органикалық тұтығудың пайда болу себептері?

А) орталық нерв системасының органикалық зақымдануы;

В) адамның бүйрегінің;

С) омыртқаның майысуынан;

Д) жақ сүйектерінің қисаюы;



  1. Функционалды дислалияның көп тарауының бір себебі?

А) баланы дұрыс тәрбиелеу;

В) баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден;

С) көру мүмкіндігінен айрылғанда;

Д) үлкендердің дұрыс қарым – қатынасынан;



  1. Балалардың дыбыс айту кемшіліктерінің бір себебі?

А) аяқ – қолының дұрыс дамымауы;

В) жүрген жүрісінің кемшіліктің байқалуынан;

С) өңегесіз тәрбиенің себебінен;

Д) баланы шамадан тыс еркелетуден;



  1. Сақаулықтың салдарынан балада болатын өзгерістер?

А) тілін қалыпты жағдайда дұрыс ұстай алмайды, қажетті қимылдарды тез арада орнын алмастыра алмайды;

В) көңіл – күйі жақсы болады;

С) үлкендермен қарым – қатынасы жақсарады;

Д) тәртібі жақсарады;



  1. Қарапайым дислолия қандай жағдайда болады?

А) қатаң дауыссыз дыбыстардың дұрыс айтылуы кезінде;

В) жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс айтылуы кезінде;

С) сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін жетсе;

Д) сөйлемдегі сөздердің дұрыс айтылуы;



  1. Күрделі дислолия қандай жағдайда болады?

А) баланың жүрісінде ақаулық пайда болады;

В) бала көп еркелесе;

С) сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін жетсе;

Д) сөйлемді дұрыс құрастырып айта білген жағдайда;



  1. Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру кезеңінде қанша тәсіл қолданылады?

А) үш тәсіл;

В) он тәсіл;

С) отыз тәсіл;

Д) мүлдем тәсіл қолданылмайды;



  1. Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру кезеңінде қолданылатын бірінші тәсіл неге негізделеді?

А) көруге;

В) естуге;

С) ұғынуға;

Д) еліктеуге;



  1. Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру кезеңінде қолданылатын бірінші тәсіл нені көздейді?

А) саусақтардың көмегімен сөйлеу органдарына ықпал жасайды?

В) саңырау балалардың дұрыс естуін;

С) соқыр балалардың дұрыс көруін;

Д) ақыл – есі кем балаларға көмектесуі;



  1. Үшінші тәсіл бойынша сөйлеу тіліне механикалық ықпал жасаудың мақсаты қандай?

А) баланы қатал жазалау;

В) еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны толық және дәл айтуға үйрету;

С) баланы еркіндікте тәрбиелеу;

Д) баланы қатты қорқыту;



  1. Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру кезеңінде қолданылатын тәсілдер неге сүйену керек?

А) дыбыстардың артикуляциялық тегістігін ескерту және мүкіс дыбысты түзеткенде оған ұқсас дыбыстардың дұрыс айтылуында;

В) күрделі буындардың құрамын таңдаудың қиындығына;

С) тұйық буындарды екі анық буынға бөлшектенуіне;

Д) тапсырманы ауызша түсіндіруге;



  1. Дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету қиындығының дәрежесіне жатпайды?

А) кемшіліктің сипаты;

В) кемшіліктің бағаты;

С) кемшіліктің ерекшелігі;

Д) кемшіліктің түр – түсіне;



  1. Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі қыртысының қызметін зерттеу жұмысына жатпайды?

А) сөйлеу тілінің қатынасының жалппы қабілетін зерттеу;

В) көзі көрмейтін адамның қаншалықты көрмейтінің;

С) сөйлеу мәнерін зерттеу, оқуын, жазуын, есебін зерттеу;

Д) сөйлеу тілін түсінуін, ауыздың, кеңістіктің және динамикасының әдеттегі қозғалуын;



  1. Дыбыстарды бұзып айту кімдерге тән емес?

А) фонемалық есту қабілеті дамымаған;

В) сөздік қоры мен граматикалық сөйлем құрылысы артта қалған;

С) сөйлеу тілі дамымаған;

Д) жалпы дамуында ешқандай ақаулығы жоқ балаларға;



  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілінің дамуын тексеру кезінде сөз байланысын дағдыландыру мәселесіне жатпайды?

А) енжар және белсенді сөздік қорының көлемі;

В) сөйлеу тіліндегі граматикалық құбылыстың қалыптасу дәрежесі;

С) сөйлеуге дағдылану, фонетикалық есту және түйсіне қабілеті;

Д) ересек балалардың сөйлеу тіліндегі қателіктерді түзету;



  1. Баланың фонетикалық есту қабілетін тексеру үшін берілетін тапсырмаларға жатпайды?

А) дұрыс айтылған бірнеше буындарды қайталау және сақтау;

В) берілген дыбысы бар сөзді басқа сөздердің ішінен тауып алу;

С) әндерді өз мақышына келтіріп айту;

Д) белгілі бір дыбысқа өз бетінше сөйлем ойлап табу;



  1. Байланысты сөзді тексеру үшін қолданылатын суреттер?

А) қозғалмайтын және қозғалатын;

В) анық емес;

С) мағынасы белгісіз;

Д) суреті мүлдем көрінбейтін;



  1. Суреттерді таңдап алу кезінде тәрбиешіге қойылатын талаптарға жатпайды?

А) баланың жас ерекшелігі;

В) баланың психиологиялық ерекшелігіне назар аудармау;

С) баланың жас ерекшелігіне байланысты;

Д) психиологиялық ерекшелігі;



  1. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекемедегі оқытудың бірінші деңгейіндегі балалардың жасы мен оқыту мерзімі?

А) 1 жастан бастап бір жылдық оқыту;

В) 2 жастан бастап бес жылдық оқыту;

С) 3 жастан бастап 3­4 жылдық оқыту;

Д) 10 жастан бастап жарты жылдық оқыту;



  1. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекемедегі оқытудың екінші деңгейіндегі балалардың жасы мен оқыту мерзімі?

А) 4 жастан бастап үш жылдық оқыту;

В) 2 жастан бастап бес жылдық оқыту;

С) 3 жастан бастап 3­4 жылдық оқыту;

Д) 10 жастан бастап жарты жылдық оқыту;



  1. Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған мекемедегі оқытудың үшінші деңгейіндегі балалардың жасы мен оқыту мерзімі?

А) 4 жастан бастап үш жылдық оқыту;

В) 2 жастан бастап бес жылдық оқыту;

С) 3 жастан бастап 3­4 жылдық оқыту;

Д) 4­5 жастан бастап екі жылдық оқыту;



  1. Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде балалармен жүргізілетін жұмыстың міндетіне жатпайды?

А) сөйлеу тілінің түсінуін дамыту;

В) кез – келген дыбыстар тіркесінің айтылуында еліктегіштік қабілетін белсенді дамыту;

С) есте сақтау қабілетін дамыту;

Д) балаларды жүріс – тұрыс мәнеріне үйрету;



  1. Логопедтің баланың ауызекі сөйлеу тіліндегі алғашқы дағдыландыру жүйесі қанша кезеңнен тұрады?

А) бір кезеңнен;

В) жеті кезеңнен;

С) үш кезеңнен;

Д) бес кезеңнен;



  1. Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейінде балалардың сөйлеу тілі дамуындағы кемшіліктерді түзету жатпайды?

А) сөйлеу тілін жүйелендіру одан әрі жетілдіру, лекцикалық граматикалық сөйлеу тілі құрамын меңгеру;

В) ақыл – есі кем балалардың ойын жетілдіру;

С) дұрыс сөйлеуді қалыптастыру;

Д) оқып жазуды үйретуге дайындық:



  1. Сөйлеу тілі тілі бұзылған балаларға арналған балалар бақшасындағы тәрбиелеушінің міндетіне жатпайды?

А) кішіпейілдікке үйрету, адамдарға ізгі ниетпен қарау;

В) жеке басының мүмкіндікшілігіне сенімін нығайту, оқуға қызығуын арттыру;

С) қоршаған ортадағы табиғат байлықтарын сақтамау;

Д) сөйлеу тіліндегі кемшілігіне ұялмай, белсенділікке үйрету;



  1. Дисграфия дегеніміз не?

А) дауыстың бұзылуы;

В) дұрыс сөйлесу;

С) ымдап сөйлесу;

Д) қосымша бұзылу ұғымы жазудың ерекше кемістігі;



  1. Дисликсея дегеніміз не?

А) жазамын;

В) көремін;

С) дауыстың ырғағы;

Д) оқудың ерекше кемістігі;



  1. Жазудағы кемістіктер көру түйсігінің жеткіліксіздігінен дәл түсіндіретін жаңа теория қай ғасырда пайда болған?

А) XV­XVI­ ғасыр аралығында;

В) XII­XIII­ ғасыр аралығында;

С) XIX­XX­ ғасыр аралығында;

Д) XX­XI­ ғасыр аралығында;



  1. Дисграфиялық қателердің ерекшелігіне жатпайды?

А) ерекше фонетикалық алмастырулар;

В) сөздік буындық құрылысының бұзылуы;

С) граматикалық;

Д) математикалық қателіктер;



  1. Ерекше фонетикалық алмастыруларға жатпайды?

А) дауыстың ырғағы;

В) ұяң және қатаң дыбыстар;

С) жуан және жіңішке дыбыстар;

Д) дауыссыз дыбыстарды алмастыру;



  1. Граматикалық қателіктерге жатпайды?

А) жалғаулықтарды көмекші сөздердің;

В) шығарманың мазмұны дұрыс болмауы;

С) септік жалғауының түсіп қалуы немесе дұрыс қолданылмауы;

Д) сөздердің дұрыс қиылыспауы;



  1. Дисграфияға ілеспелі қателерге жататындар?

А) орфографикалық, графикалық;

В) математикалық;

С) физикалық;

Д) химиялық;



  1. Балалардың оқуын тексеру үшін пайдаланылатын құрал?

А) суреттер;

В) есептер;

С) баспа әріптермен берілген арнайы құрал;

Д) құрал ­ саймандар;



  1. Балалардың оқуын тексеру үшін қойылатын талаптарға жатпайды?

А) текстің ішінде қарама ­ қарсы әріптер мен буындар неғұрлым көп болуы керек;

В) текстің мазмұны баланың жасына сай және көлемі көп болмауы керек;

С) балаға таныс текстерді пайдаланбау;

Д) романдарды пайдалану,



  1. Балаланың оқуын тексерудің тәсілдеріне жатпайды?

А) жеке әріптерді оқу, сөздерді оқу;

В) жеке сөйлемдерді оқу және арнайы іріктеп алынған сөз жолдарын оқу;

С) жеке сөйлемдерді және арнайы іріктеп алынған сөз жолдарын оқу;

Д) баланың жас ерекшелігіне байланысты шығарылатын есептердің санын азайту;



  1. Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттарына жатпайды?

А) Фонематикалық түйегін жетілдіру, дыбыстарды айтқызу;

В) дыбыстарды талдау және жинақтауға дағдыландыру;

С) сөздік қорын байыту, грамматикалық дағдыларын жетілдіру, ауызша мен жазбаша сөйлеу тілінің байланысын жетілдіру;

Д) иіс сезу мүшелерінің қызметін тексеру;



  1. Баланың оқуындағы түзету жұмыстарының бағыттарына жатпайды?

А) өлең оқыған кездегі дауыстың ырғағы мен мәнерін түзету;

В) дыбыстардың айтылуын қалыптастыру;

С) фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;

Д) сауатын ашу, оқуына дайындық;



  1. Логопедиялық тексеру бағытында жүргізілетін жұмыстың бағыттарына жатпайды?

А) тұтығудың себептері мен түрін анықтау, сөйлеу жылдамдығын анықтау, көңіл бөлудің бұзылуын тексеру;

В)балалардың іш­ құрылысы ауруларын тексеру;



С) баланың айналасындағы сөйлесу ортасын білу, жанұя жағдайын қарым ­ қатынас сипатын білу;

Д) дыбыс шығарудағы кемшіліктердің пайда болуы, тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет