Педагогикалық үдерістің белгілері,сапалары мен қасиеттері «Педагогикалық үдеріс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын қоғамдық жеке тұлғаның жан-жақты жетілуі». «Педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті. Педагогикалық үдеріс ерекшеліктері: Педагогикалық үдеріс ерекшеліктері: - Белсенділік пен қарым-қатынас бірлігі
- Өз қызметтерін,міндеттерін,ережелерін меңгеруі
- Субьектілер арасындағы қарым-қатынастың көп түрлілігі
Ғалымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін былайша сипаттайды: - Ғалымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін былайша сипаттайды:
- 1) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;
- 2) ынтымақтастық арқылы сипатталады
- 3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
- 4) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің қайта құру белсенділігімен сипатталады.
Кузьмина бойынша педагогикалық үдерістердің мынадай түрі бар - Оқыту мақсаты
- Оқу аппаратының мазмұны
- Оқыту әдістері
- Оқытушы
- Оқушы
Педагогикалық үдерісті қозғаушы күштер Педагогикалық үдерісті қозғайтын негізгі күш- оқушыларға қойылатын талаптар мен олардың мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарйф - Қоғамдық қызығушылық пен жеке тұлға қызығушылығы арасындағы қарама-қайшылық
- Ұжым мен жеке тұлға арасындағы қарама қайшылық
- Ақпараттар ағыны мен оқу-тәрбие процесі мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық
- Қоғамдағы күрделі құбылыстар мен оларды түсінуге балалар тәрбиесінің аздығы арасындағы қарама-қайшылықтар
Танымдық іс-әрекетті белсендіру Тану үрдісі адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үрдісі болып табылады. Таным дегеніміз сыртқы құбылыстардың адам санасында бейлеленуі. Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнеленуі. Танымдық белсенділік - оқушының іс-әрекет мазмұнына және үрдісіне тұлғаның іс-әрекетінің сапасы. Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды. Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық қызметінің ерекше түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған дүниені таниды. Оқу, үйрену - оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Жалпы оқушының бойындағы танымдық іс-әрекетті дамыту үшін - Оқушы тұлғасын танымдық іс-әрекет субъектісі және өзіндік дамуы ретінде қалыптастыру.
- Оқушыларда танымдық қызығушылық пен ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру.
- Оқушыларды үйрету (оқыту) мотивтері. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетке және өзінің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мотивациялық дайындығын қалыптастыру.
- Оқушылардың танымдық шығармашылық іс-әрекеті дамыту
Достарыңызбен бөлісу: |