Алғыс айту, ризашылық-адамның адамға жасаған жақсылығына, іс-әрекетіне өз ризашылығын білдіруі болып табылады.Адам баласына өзінің өмірінде болып жатқан жағдайларына түсіністікпен қарап, қолындағы барына қанағат етуі керек! Алғыс пен ризашылық ең алдымен өмірді бағалау болып табылады.Адам баласы өзінің өзгеге жасаған жақсылығына,игі істер орындаған кезде, өз бойында ризашылықты сезінеді.Ал өзге адамның жасаған қамқорлығына , мейірімділігіне, ізеттілігіне өз алғысын айтып жатады. Біз өсіп келе жатқан келешек ұрпағымызға қамқорлық, адамгершілік, ізеттілік , мейірімділік сияқты құнды қасиеттерді бойларына дарытып , дұрыс жол көрсетуіміз керек!