ФНО-a антагонистерімен емдеу, ағзаларды ауыстырып қондыру (реципиент және донор) және гемопоэздіктің жасушаларының трансплантациясы жоспарланған әрбір пациент туберкулезге зерттеліп-қаралады және емдеу процесінде – жылына 2 рет, жоспардан тыс – туберкулезге тән белгілер пайда болған кезде.
ФНО-a антагонистерімен емдеу, ағзаларды ауыстырып қондыру (реципиент және донор) және гемопоэздіктің жасушаларының трансплантациясы жоспарланған әрбір пациент туберкулезге зерттеліп-қаралады және емдеу процесінде – жылына 2 рет, жоспардан тыс – туберкулезге тән белгілер пайда болған кезде.
БЦЖ вакцинасы жасалмаған және ұзақ уақыт бойы иммундық супрессивті терапия (глюкокортикоидтер, цитостатиктер және балалар) алатын балалар, сондай-ақ отбасы мүшелері туберкулезге жылына екі рет – әр 6 ай сайын, көрсетілімдер бойынша – жиі зерттеп-қаралады.
Манту және туберкулездің рекомбинанттық аллерген сынамасының нәтижесі 72 сағаттан кейін инфильтрат (папула) көлемінің қанша миллиметр (бұдан әрі – мм) екендігін миллиметрлік бөліктері бар мөлдір сызғышпен өлшеп, білек осіне көлденең жатқан көлемін тіркеу арқылы бағаланады. Инфильтрат болмаған жағдайда гиперемия/қызару көлемі өлшеніп, тіркеледі.
Манту сынамасы мынадай болып бағаланады:
Манту сынамасы мынадай болып бағаланады:
1) теріс – инфильтраттың және гиперемияның болмауы немесе "инемен шаншу реакциясының" болуы (0-1мм);
2) күмәнді – инфильтрат көлемі 2-4 мм болса немесе кез-келген көлемді инфильтратсыз гиперемия ғана анықталса;
3) оң – 5 мм және одан астам инфильтрат (папула) анықталса. Көлемі 15 мм және одан астам инфильтрат немесе везикуло-некроздық өзгерістер және/немесе лимфангоит, лимфаденит анықталса, инфильтрат көлемі есепке алынбай, гиперергиялық реакция ретінде бағаланады.
Туберкулинді Манту сынамасы инфекциялық аллергияны да, вакцинадан кейінгі аллергияны да анықтайды. Сараланған диагностика кезінде аллергия сипаты мынадай кешенде ескеріледі:
1) оң туберкулинді реакцияның динамикасы және қарқындылығы;
3) БЦЖ вакцинасын еккеннен кейін өткен мерзім (5 жасқа дейінгі 5-11 мм папулаларының мөлшері бар, күмәнді немесе оң реакция, вакцинадан кейін аллергияның болуын жоққа шығармайды);
4) туберкулезі бар науқастың қарым-қатынаста болуы немесе болмауы;