Туберкулез,скарлатина инфекциясы кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар



бет3/5
Дата19.05.2023
өлшемі405,27 Kb.
#177140
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эпидемиология, ПРАКТИКА2

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкері қақырықты жинауды және оны зерттеу үшін зертханаға уақтылы жеткізуді жүзеге асырады. Қақырық жинауды ФО-да оқыған және жыл сайын қақырық жинау бойынша қайта даярлаудан өтетін медицина қызметкері жүргізеді.

  • Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың медицина қызметкері қақырықты жинауды және оны зерттеу үшін зертханаға уақтылы жеткізуді жүзеге асырады. Қақырық жинауды ФО-да оқыған және жыл сайын қақырық жинау бойынша қайта даярлаудан өтетін медицина қызметкері жүргізеді.
  • Халық арасында флюорография әдісімен туберкулезді анықтау 15 жастан бастап жүргізіледі. Қалалық жерлерде флюорографиясы оң нәтижелі болған адамды толық тексеру кезеңі екі аптадан аспайды, ауылдық жерлерде – бір ай болады.
  • Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда және стационарлық жағдайларда флюорографиялық түсірімді талдау екі кезеңмен (екі рет оқу) жүргізіледі. Жеке медициналық кітапшалардағы жұмысқа рұқсат қайта (екінші) оқу нәтижесі негізінде қойылады.
  • Барлық босанған әйелдер босандыру ұйымында болған кезең ішінде шығарылған сәтке дейін флюорография әдісімен туберкулезге тексерілуге жатады. Босандыру ұйымдарының басшылары босанудан кейінгі кезеңде туберкулезге күдікті әйелдерді жеке палатаға уақтылы оқшаулауды, туберкулезді растау немесе жоққа шығару мақсатында қосымша зерттеулер мен фтизиатр-дәрігердің консультациясын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Әрбір бөлімшеде, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында, амбулаториялық және стационарлық көмек көрсететін мекемелерде қақырық жинауға арналған бөлме бөлінеді.

  • Әрбір бөлімшеде, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында, амбулаториялық және стационарлық көмек көрсететін мекемелерде қақырық жинауға арналған бөлме бөлінеді.
  • Қақырықты жинау бөлмесінде тікелей қақырық жинау үшін пайдаланылатын үй-жайдың бір бөлігі бүкіл биіктігі бойынша жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған қалқамен бөлінеді. Қақырықты жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, ингалятормен, антисептикалық сабыны және антисептик ерітіндісі бар дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен және қағаз немесе электр сүлгілермен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлерге және қақырығы бар контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен, патологиялық материалдың үлгілерін сақтауға арналған тоңазытқышпен, ауа алмасу жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлем болатын жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.
  • Қақырық жинау бөлмесінің есігінде пациенттердің немесе науқастың туыстарының кіруіне тыйым салатын және медицина қызметкерлеріне бөлмеге кірерде арнайы маска - респиратор тағу керектігін ескертетін белгі болуы керек.
  • Ауа алмасу жиілігі сағатына 24 көлемнен кем емес механикалық сору желдеткішімен, сөйлесу құрылғысымен және мөлдір тереземен жабдықталған "жөтел" кабинасында қақырық алуға жол беріледі. Қақырық алу бөлмесінен контаминацияланған ауаны шығару ғимарат шатырынан кемінде 0,7 метр биіктікте тұрғын емес аймаққа жүзеге асырылады немесе жұқа тазалау сүзгісі арқылы тазартылады.
  • Егер арнайы бөлме болмаса, қақырықты жинау үй-жайдан тыс, ашық ауада, арнайы бөлінген жерде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет