Скарлатинамен ауыратын науқастарды анықтауды медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйде қарау, медициналық қарап-тексеру, динамикалық бақылау және медициналық ұйымдарға барған кезде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық көріністері және (немесе) зертханалық зерттеу нәтижелерінің және (немесе) эпидемиологиялық анамнезінің негізінде қойылады.

Скарлатинамен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
1) екі айлыққа дейінгі балалардағы аурудың барлық түрі;
2) ауырлық дәрежесі орташа және ауыр науқастар;
3) қосымша патологиясы бар созылмалы аурудың түрі.
Скарлатинамен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсеткіштер:
1) науқастың тұрғылықты жері бойынша қажетті эпидемияға қарсы режимді сақтау мүмкіндігінің болмауы (әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жатақхана, казармалар, коммуналдық пәтерлер);
Науқаспен байланыста болған адамдарды медициналық бақылауды ұйымдастырылған ұжымдарда медицина қызметкерлері байланыста болған адамның орналасқан жері бойынша жүргізеді. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда медициналық бақылау нәтижелері "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 001/е және 052/е нысандарында көрсетіледі.

Медициналық бақылау ұзақтығы соңғы науқас анықталған сәттен бастап скарлатина кезінде күнтізбелік жеті күнді құрайды және сауалнама алуды, қарап-тексеруді және термометрияны қамтиды.
Науқаспен байланыста болған адамдарды оқшаулау жүргізілмейді.
Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда (6 жасқа дейінгі балалар үшін) скарлатина тіркелген кезде күнтізбелік жеті күнге карантин белгіленеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда желшешек, скарлатина қайта пайда болған жағдайда ауырып сауыққан балалар жіті көріністері жойылғаннан кейін топқа жіберіледі.
Карантин кезінде жаңадан келген және уақытша болмаған балаларды қабылдауға, сондай-ақ балалар мен персоналды бір топтан екінші топқа ауыстыруға жол берілмейді.
Скарлатинаны эпидемиологиялық зерттеп-тексеру бір ұйымдастырылған ұжымда өзара байланысты үш және одан да көп жағдайларды тіркеу кезінде жүргізіледі.