Туберкулез алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Туберкулездің алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар медициналық ұйымдардың барлық мамандықтағы медицина қызметкерлері жүзеге асыратын:
1) пациенттің медициналық көмекке жүгінуі кезінде;
2) стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;
3) медициналық қарап-тексеруді жүргізу кезінде;
4) туберкулезге қарсы иммундау жүргізу кезінде науқастарды анықтауды қамтиды.
Медициналық ұйымға туберкулезбен сырқаттануын көрсететін симптомдары бар пациенттер жүгінген кезде медициналық ұйымдардың мамандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-214/2020 бұйрық) бекітілген Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес рентгенологиялық және бактериологиялық зерттей отырып (қақырық жағындысын және патологиялық материалды молекулалық-генетикалық әдіспен зерттеу және микроскопия), толық клиникалық және құрал-саймандық зерттеп-қарау жүргізеді.
Науқасты уақтылы және толық зерттеп-қарауды жүргізуді бақылауды медициналық ұйым жіберген маман және фтизиатр-дәрігер жүзеге асырады.
Науқасты уақтылы және толық зерттеп-қарауды жүргізуді бақылауды медициналық ұйым жіберген маман және фтизиатр-дәрігер жүзеге асырады.
Тұрғылықты жері анықталмаған адамдар туберкулезбен сырқаттануға күдікті болған жағдайда қақырықты молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізілетін медициналық мекемелерде оқшауланады және "Туберкулез" диагнозы расталған кезде санитариялық автокөлікпен фтизиопульмонология орталығына (бұдан әрі – ФО) ауыстырылады.
Туберкулезбен ауыратын пациенттерді жұмысқа және оқуға жіберуге рұқсат беру туралы медициналық қорытындыны ФО-ның орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ОДКК) ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына сәйкес береді.
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымының фтизиатр-дәрігері емделуден бас тартқан, өз бетімен кетіп қалған және туберкулезбен ауыратын науқас емдеу режимін бұзған жағдайда оған ФО-да мәжбүрлеп емдеу тағайындау туралы мәселені шешу үшін ОДКК-ға жүгінеді.
Балалардағы туберкулезді ерте анықтау мақсатында туберкулинмен теріішілік аллергиялық сынама (Манту сынамасы) қолданылады.