«Туған елге нұрын сепкен Елбасы» Сыныбы: 6 Мақсаты



Дата02.07.2018
өлшемі17,22 Kb.
#45642
«Туған елге нұрын сепкен - Елбасы»

Сыныбы: 6

Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру. Ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдісі: сайыс

Көрнекілігі: сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Барысы:

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші Атамыз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгінгі 5-6 сыныптар арасында өткелі тұрған «Туған елге нұрын сепкен - Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер. 1 желтоқсан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күні. «Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан»

«Отан – оттан да ыстық» дейді дана халқымыз. Сендер тәуелсіздік заманыныда дүниеге келген Қазақстанның ұланысыңдар. Біздің бүгінгі атқарып жатқан ұланғайыр істеріміз қазақ елінің болашағы - сендерге арналады. Ата-аналарың бастаған игілікті істі алға апару үшін сендер үздік оқып, талмай талаптанып, оқуда, білімде, еңбекте, спортта тек алда болуларың керек. Сонда ғана еліміз бүкіләлемдік биіктерден көрінетін болады. Мен сендерге сенемін алаңсыз оқып, білім алуларың үшін болашақта да барлық жағдайды жасайтын боламыз. Осы сөздерімен біздерге ақ жол тілеген Қазақстан Республикасының предиенті Н.Назарбаев.

Оқушылардың өлең жолдарына кезек береміз:



Дильназ

Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,

Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың,

Жер шары әлемдегі барлық елдер,

Біледі Президентіміздің ақыл-ойын
Мөлдір

Арманын орындадың бабалардың,

Көтердің көкшіл туын даналардың.

Қазақтың асқақтаттың өр рухын,

Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:

1тур «Таныстыру»

2 тур «Ұшқырлар» тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш

3 тур «Өнерлі тарландар» өз беттерінше дайындаған, өлең жолдарын неме әндерін орындайды

4 тур «Кім білгір» сұрақ жауап

5 тур «Байқампаздар» түсіндіру бойынша атақты адамдарды табу


Әділқазылар:
1тур «Таныстыру»
2 тур «Ұшқырлар» тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш

1.Қас пен көздің арасында (лезде)

2.Қара қылды қақ жару (әділ)

3.Төбе шашы тік тұрды (шошыды)

4.Тайңа таңба басқандай (анық)

5.Аузына құм құйылды (үндемеу)

6.Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)

7.Тонның ішкі бауындай (тату)

8.Бет моншағы үзілу (ұялу)
3 тур «Өнерлі тарландар» өз беттерінше дайындаған, өлең жолдарын неме әндерін орындайды
4 тур «Кім білгір» сұрақ жауап

Сенат тобына



  • сағатта неше минут бар - 60

2.Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы -

3.Президентіміз қай елді мекенде туылған - Үшқоңыр

4.Бір тәулікте неше сағат бар – 24 сағат бар

5.Тудың авторлары кім -

6.9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата – 98

Парламент тобына

1.9 ондық 9 бірліктен тұратын санды ата – 99

2.Тәуелсіздік алған жылымыз – 1992 ж

3.Президент алғашқы рет қашан сайланды

4.Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы кімдер –

5.1 желтоқсан қандай мереке – Президент күні

6.Мектеп бізге не береді – білім


5 тур «Байқампаздар» түсіндіру бойынша атақты адамдарды табу

Сенат тобына

Роза Рымбаева

Мақпал Жүнісова

Мұхтар Шаханов

Олжас Сүлейменов


Парламент тобына

Әли Оқап


Нұрлан Қоянбаев

Мәдина Сәдуақасова

Мұхтар Әуезов
5 сынып оқушысы Нұрланқызы Нұризаның орындауында ән: «Елім менің»
Сіз- әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.



Сіз – басшы, халқың – қосшы бола бергей,

Жарасып келе жатыр әніміз де, сәнімізде, - дей келе «Туған елге нұрын сепкен - Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Барлығыңызға рахмет !!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет