375. 2010 жылы 1 ақпанда қабылданған "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты Жобаның мәні туралы Елбасы Н.Назарбаев: "Интеллектуалды ұлт - 2020" ұлттық жобасы идеясының негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестік қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру",- деген еді.
376. 2010 жылы желтоқсанда республикамыздың әлемдегі беделі мен атқаратын маңызды рөлін айқындай түскен жағдай: ЕҚЫҰ-ға төраға болдық.
377.«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Н.Назарбаевтың қай мақаласында көрініс тапты? Саясаттану, әлеуметтану мен философия, тарих, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша азаматтарға заманауи білім беруге қажетті жағдай жасау үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында арнайы тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау мақсатында 2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды.
378. Парламенттің айрықша құқығын көрсетіңіз: Заң шығарушылық қызмет.
379. Қазақстан 2011 жылы қандай халықаралық ұйымға төрағалық етті: Ислам Ынтымақтастық Ұйымына абыройлы төрағалық жасадық.
Қазақстан 2011 жылы әуелгі аттауы Ислам Конференциясы Ұйымы болып табылатын жетекші халықаралық ұйымға төрағалықты сәтті еңсерді.
380.«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Елбасының қай стратегиясында айқын басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған: Қазақстан-2050.
381.«Америка этникалық топтарының Гарвард Энциклопедиясына» сәйкес 1960 жылдары АҚШ-та қанша қазақ отбасы тұрды: «Америка этникалық топтарының Гарвард Энциклопедиясына» сәйкес 1960-жылдары АҚШ-та 20 шақты қазақ отбасы болған.
382.1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламентінің палаталары: 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдум нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламентті заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Сенат пен Мәжіліспентұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады.