«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет22/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Т.Жүргенов атындағы ЖББОМ
Өмірзақ Ару Бақытбекқызы
7-сынып оқушысы
Жетекшісі: Тлеубаева Айсәуле Әбдімәлікқызы

Биыл Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта өшпес ізін қалдырған қырғынның өз соңына жетіп, жеңісті қанжығамызға байлағанымызға 75 жыл. Осы кездерде «Кеңес Одағындағы» басқа халықтар секілді қазақтар да қолдарына қару алып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы аяусыз күресті.


Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қаһармандарымыз Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев және де ерлермен қатар жүріп, қазақ қыздарының да намысшыл, қайратты екендігін дәлелдеген Мәншүк пен Әлия сынды батырларымызды білмейтін жан жоқ десем артық емес.
Иә...бұл батырларымыз туралы көркем фильмдер түсірілді, көркем шығармалар жазылды, сондықтан олардың қандай ерлік көрсеткені, қай жерлерде болғанын жақсы білеміз. Ал, өзіміздің Нұра өңірінен де шыққан, айтылмай жүрген қаншама ардагерлеріміз бар. Қазіргі ұрпақ сол ардагерлеріміз туралы, олардың ерліктері туралы біле ме? Міне, мені сол толғандырады.
Болашақ ұрпағы бейбіт елде өмір сүруі үшін қасық қаны қалғанша соғысып, елім, жерім деп, елді жау қолына бермей, ерлік көрсеткен жерлес батырларымыздың бірі де бірегейі – Зәрубек Мырзағұлов. Ол 1941 жылы небәрі 19 жасында соғысқа аттанады. Ол кісі алдымен Орынборға, кейіннен Уфаға әскери оқуға жіберіледі. Жеті сыныптық білімі болғандықтан, алты ай оқуға барады, содан кейін сержант, бөлімше командирі болып Украина, Харьков майдандарына ұрысқа қатысады. Мұнан кейін Украинада және Молдавияда соғысып, сонымен қатар бөлімше командирі болады. Сөйтіп Украинада Карпат тауында оқ тиіп аяғынан жарақаттанып, госпитальда 11 ай бойы емделеді. 1945 жылы госпитальда қарсы алып, елге қос балдақпен оралады.
Соғыста көрсеткен ерлігі мен бейбіт күндегі еңбегі үшін І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», ІІ, ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, тағы басқа да орден-медальдармен, білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Мінекей, Зәрубек атамыздың қысқаша өмірбаяны осындай. Әрі қарай атамыздың отбасымен байланыс жасап, ізденер болсақ, бұдан да көп мәлімет алар едік. Сол арқылы өзім секілді жас буынның патриоттық сезімі, туған жердің тарихын, ондағы атақты тұлғалардың есімін ұлықтауға деген қызығушылығы арта түсер еді деген ойдамын.
Қан майданда барша ауыртпалықты көтеріп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей ерлік көрсеткен сол бір қайратты да қайсар жандарға, бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз! Ел үшін жасалған ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Туған Отанының бостандығы мен азаттығы үшін ауызбен айтып жеткізгісіз қиындыққа төзіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізуге өз үлесін қосқан қаһарман батырларымызды мақтанышпен айта аламын! Осындай бабаларымыздың ұрпағы болғанымыз үшін, Аллаға шүкір!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет