«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет20/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Нұрланқызы Әйгерім
7 а сынып оқушысы


Мен ең алдымен адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырларымызға бүкіл жас буындырдың атынан алғысымды білдіремін. Себебі олар болмаса біз осындай ашық аспан астында Ұлы Отан соғысының жетпіс жылдығын тойлап отырмаста едік?! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді... Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Соғыстың от майданында жүріп алты малтаны ас етіп, толарсактан қан кеше жүріп елге жеңімпаз ретінде оралған олар соғыстың ерлік рухын, адам бойындағы бар қасиетке сын болған алапат қиыншылықта өзінің азаматтық арына дақ түсірмей жан кештілігі мен төзімділігінің арқасында бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай. Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп бізге жеңіс туын сыйлады. Қанша жылдар өтсе де бұл соғыста ерлік пен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз. Жанкешті майданда өз батылдықтарын көрсеткен қазақтың батыр қыздары Мәншүк пен Әлия. Мәншүк пен Әлия ел есінде мәңгі қалады. Өкінішке орай біз соғыс аяқталған алпыс жылдан кейін барып қана қазақтың тағы бір қызы соғыста айрықша қаһармандық көрсеткеніне қанықтық.
Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш ауылымыздың ардагерлерінің ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. Міне, Ұлы Отан Соғысына жетпіс жыл толды! Қаншама қиындықпен келген еңбек. Осындай сұрапыл жылдары қолына қару алып, Отан қорғауға үлес қосқан сарбаздарымыз, бейбіт күнде туған жерді түлетуге атсалысқан еңбек майталмандары, Ұлы Отан соғысының ардагері Алуадин Орақұлы және Өсәләмов Әбді атамыз Боранқұл ауылының тұрғындары, біздің мақтанышымыз. Бүгінде тоқсан асқан ардагерлеріміздің айтқан әңгімелері ғибратқа толы. Адамның ізгілігі мен жақсы болуы болмысынан деген қағида ежелден айтылып келе жатқан пікір. Әрине, көрсетілер құрмет олар үшін сұраусыз да. Әліге дейін ардагерлеріміз ауылдастарының арасында, ұр­па­ғының алдында абыроймен ғұмыр ке­шіп келеді. Сіздер нағыз қас батырсыздар. Қазақстан сіздерді мақтан тұтады. Сіздер менің жүрегімде нағыз қаһарман болып қаласыздар. Егерде біреу маған Қазақстан мен қалай мақтанасың десе мен ойланбастан қазақтан шыққан батырларыммен мақтанамын деуші едім.
Жандары жүдемесін, жүректері ауырмасын, бақуатты болуларын қарт майдангелерімізге тілейміз! Асыл сүйекті текті аталарымызды ардақ тұтып, құрметтеу біздің парызымыз. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет