Туған жердің батырларына мың тағзым!
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Рзабекова Айдана
7 «Ә» сынып білім алушысы
Жетекшісі: Бекниязова Динагүл Алмасқызы
Сүйінші, халқым, сүйінші
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан- ата-бабамыз,
Шаттан, аға- бабамыз
Кек қайтарып фашистен
Соғыс бітті жеңіспен
Жеңдік жауды күресте
Жасасалсын той- мереке!
Т.Жароков
1941 жылдың 22 маусымында дүние маужырап, таң қылаң берген кезде Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық әлі қайғылы үнге, шуақты күн қара түнекке айналды. Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Содан 5 жылға созылған алып соғыс басталды.
Биыл Ұлы Отан соғысына 75 жыл. Бұл тоқталмаған соғыс 5 жыл 1418 күнге созылыпты. Бұл соғысқа жүз мыңнан астам қазақ азаматтары қатысқан. Бұл соғыстан 27 миллион адам қаза тапты. Оның қасіреті мен қасиеті жаныңды түршіктіреді, әрі ерліктерге басыңды идіріп, таңқалдырады. Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Қарсы келген адамға қасқайып қарсы тұрды.
Барды жоқ ететін. Тауды жер ететін,тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетін газет журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізеді. Ия, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмтылғын жоқ.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 75 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс ұмытылмастай ізін қалдырды. Қазақстандықтар жиі майданның ең қауіпті аумақтарының біріне түсіп отырды. Бұл соғыс Кеңес халқына үлкен зардап әкелді. Ал фашистер соғысты Атлантикадан Сібірге дейін ұлы мемлекет құру жолындағы шешуші кезең ретінде қарастырды. Бірақ кеңес халқы немістердің көзілеспес соғыс туралы жоспарынының күл талқанын шығарды.
Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысында жасаған ерлігі барша халыққа белгілі. Ол алғашқылардың бірі болып, Берлинде Рейхстагтың үстіне қызыл ту тікті.
Бауыржан Момышұлы-екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Мәншүк Маметова-қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды.
Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1942 жылы өз еркімен майданға аттанып, 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26-атқыштар дивизиясы құрамына түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі айқастарға қатысып, нағыз мергендігімен танылды.
Шығыс Қазақстанның тумасы Қасым Кайсенов туралы жазғым келеді.
Қасым Қайсенов - Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының Кеңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған.
Айта кетсек, екінші дүниежүзілік соғыста ерлік жасаған көптеген қазақстандық қыз-жігіттерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай, олардың көпшілігі бұл атақты қайтыс болғаннан кейін алды. Солардың бірі, Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов, Сталинград түбіндегі майданда ерліктік танытқан Нұркен Әбдіров, Солтүстік Кавказ, 4-Украина майдандарындағы ұрыстарға, Чехословакия жерін азат етуге қатысқан Жұман Қарақұлов. Ал Днепр өзенінің жағасындағы шайқасқа қатысқан Мақаш Балмағамбетов бекіністі жауға бермей, фашистердің бірнеше атыс орны тұрған үйді жарып жіберіп батальонның алға қозғалуына үлкен үлесін қосты. Бұл үшін ол тірі кезінде-ақ, Кеңес Одағының Батыры атағын алып, кеудесіне медаль тақты.
Бұл батырлардың ерлігі туралы осы жерден оқи аласыздар:
397 фашистің көзін жойған батыр: Даңқты мерген Төлеуғали Әбдібековтың ерлігі.
Биікте қаза тапқан батыр: Кеңес Одағының Батыры Жұман Қарақұловтың ерлігі.
Отанға деген махаббатпен рухтанған батыр: Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің ерен ерлігі.
Ерлік үлгісін көрсеткен батыр: Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың майдандағы ерлігі.
Бекінісін жауға бермеген қазақ: Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағамбетовтың ерлігі.
Міне осындай мақтан тұтар аға- әпкелеріміздің ерен еңбегі мен отанға деген ерекше сүйіспеншіліктерінің арқасында біз бүгінде бейбітшілік заманында өмір сүріп отырмыз.
«Жеңіс – оңайлықпен келген жоқ» Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ерлер мәңгі есімізде, оларға қамқорлық жасау - бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз. Ардагерлер сыйлаған жарқын болашағымызды, Отанымызды сүйіп, бағалауымыз керек.
Биыл елімізде үлкен той Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерей тойын атап өтпекпіз. 70 жылдық Ұлы Жеңіс тойын талай ерлік көрсеткен ардагерлер, қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған тыл ардагерлері, Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күнін елі мен жері үшін жанын қиған, туысқандарына, туған жеріне, оралмай қалған ерлерді бүкіл халық еске алады, ардагерлердің, Қаһарман ерлердің бастарына гүл шоқтарын қойып, тағзым етеді.
Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Оның ауыр сабақтары біздің санамызға ұялап, қазіргі ұрпақтарды ерлікке, қырағылыққа баулып, жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайын тұруға шақырады. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болды. Мұның ішінде ел мен жерде жүріп, жеңіске тілектес болған қаламгерлер да, аласапыран майданда қан кешіп жүріп Отанын, халқын жырлаған ақындар айтарлықтай болды. Мен енді эссемді қорытындылай келе, Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлең жолдарымен тәмамдағым келеді:
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың, Соғыстан қайтқан солдаттар?
Достарыңызбен бөлісу: |