«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет95/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Ұлы Отан соғысы


Қарғалы ауданы, «№1 Бадамша орта мектебі» КММ
Қайырлы Амирхан
7 сынып оқушысы

Ұлы Отан Соғысы-1941-1945 жыл аралығында КСРО мен фашистік Германия арасында болған соғыс.Бұл кезде КСРО өте мықты ел болды.Алдымен фашистік Германия шабуылдады. КСРО-ға қарсы соғыста мақсат: Кеңес мемлекетін жою, оның байлығын тартып алу, халықтың негізгі бөлігін физикалық түрде жою болды. Фашистік Германия КСРО-ға соғыс жарияламай тұтқиылдан шабуыл жасады.


Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлiм мен өмiр алысты.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы өзінің лайықты үлесін қосты.
Соғыс – күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңде батылдығымен, батырлығымен көзге түскен азаматтар да,ерлік істері де ешқашан ұмытылмайды.
Ұлы Отан соғысы...
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерінің арқасында жеңіспен аяқталған, тарихта мәңгі қалатын күн. Сол кезде соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен бүгінгі күннің ардагерлері.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған.
Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай - ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған қайсар жауынгерлер: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Маншук Мәмбетова, т.б батырлардың ерлігі.
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай алып берген жеңіс. Халқымның намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы.
Біздің елімізде соғыс ылаңдамаған, қасірет салмаған отбасы болмады.! Біз көрмесек те, біз өскен ортаға, ата-аналарымызға аз қиындық әкелген жоқ. Осы сыйды біздердің де аталарымыз өздеріңізбен бір сапта тұрып, Отан үшін от кешті. Біздің ата-әжелеріміздің көрген мехнат пен қан кешкен қиындығы үшін ардагерлерді сыйлағанымыз өз халқымызды, халқымыздың тарихын сыйлағанымыз емес пе! Бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін тозақтың ортасына түссе де, өр кеудесін оққа тосқан мәңгі өшпес ерлігіне ет жүрегіміз елжірей тұрып бас иеміз.Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Бұл жай ғана сөз емес, болашаққа арналған өсиеттей. Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев сынды қырандардың ерліктерін ешкім де ешқашан да ұмыта алмайды. Себебі атам қазақ батылдық пен ерлікті,Отан алдындағы адалдық дәріптеген.
Қазақ елі басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес
Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арсында да бар еді.
Басқалармен қатар Брест қорғанын шекарашылар К.Әбдрахманов пен В.Лобанов, Атқыш К.Иманқұлов, пулеметші Е.Качанов, минометші В.Фурсов, зеңбірекші Ғ.Жұматов және басқа қазақстандықтар қорғады.Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, одесса мен Севастополь үшін шайқасты. Мыңдаған кеңес жауынгерлері мен офицерлерінің табандылығы мен ерлігіне қармастан соғыс алғашта қайғылы жағдайда өрістеді.
Соғыстың алғашқы айларында ауыр жеңіліске ұшырауымыздың себебі көп еді.Біріншіден, 12 мемлекеті басып алған және 14 одақтасы болған жаудың күші басым еді. Бүкіл шетелдік Еуропаның экономикасы вермахтқа жұмыс істеді, ол батыстағы жедел жеңістердің барысында қазіргі соғысты жүргізудің тәжірибесін алды және өзінің жеңілмейтіндігіне сендірді. Кеңес шекарасының өн бойына орналасқан бес солдат пен офицердің үшеуі ұлтшыл партияның мүшесі және олардың бәрі “гитлерюгенд” қатарына саяси жаттығу мектебінен өткендер болды.
Алайда 1941 ж. жеңілістің себебі жаудың күші ғана емес, онымен бірге Кеңес басшылығының есебінен жаңылуында да болды. КСРО соғысқа одақтастарсыз кірді, антифашистік одақты агрессияның барысында ғана құра бастады. Соғыс қимылдарының басталуына дейін армия қатары толықтырылып, қайта құралып және қаруландырып болмаған болатын, ал оның жауынгерлік даярлық дәрежесі мен тәртібі 1937-1938 жж. Жазалаудан кейін төмен еді. Армияда көз жұмып бағыну рухы орнаған еді, ал әскери істерге басшылық жасаған Сталиннің жетіксіздігі жағдайды онан сайын қиындатты.Англияны талқандамайынша, сйтіп Кеңес Одағының кең байтақ жеріне, жолдың жоқтығына және қатал ауа райына байланысты оның ерекше жағдайына сай даярлық жасап алмайынша Германия соғыс аша алмайды деп ойлады Сталин. Мұның үстіне Сталин және әскери қолбасшылық жаудың басты соққы беруі мүмкін бағытын, оның қимыл тәсілдерін, ал осыған сай өз әскерлері мен оны жабдықтау базаларын орналастыру жүйелерін қайта белгіледі.
Міне, осының бәрінің салдарынан Кеңес әскерлері бірсыпыра жеңілістерге, адам күші мен техникасы жөнінен көп шығынға ұшырады.
КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды, ол бұқаралық сипат алуы, ұйымшылдығы, өз жоспарларын Кеңес армиясы қолбасшылығының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында стратегиялық маңыз алды. Оған қазақстадықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды.300-дей қазақстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.
Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады. «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»
Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған қаһарман батырларымыз қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады. Өзі сүйген халқы үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан ерлердің ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Біздер, жастар, соғыстың не екенін, аштықтың не екенін білмей өсуі жеңісті алақанымызға әкеп берген батырларымыздың еңбегі. Біз бейбітшіліктің қалай келгенін, тәуелсіздіктің қадірін барынша ұғынамыз. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алымыз.
Қорытындыны, Сырбай Мәуленовтің «Соғыстан қайтқан солдаттар» атты өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет