«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет91/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Туған жердің батырларына мың тағзым!


Хромтау ауданы, «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ
Мұхамбет Дильназ
7 «Ә» класс оқушысы
Пән мұғалімі: Нуржанова А.К.


Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 75 жыл толды. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты , соғыста ұмытылмастай ізін қалдырды.
«Отан үшін отқа түс күймейсің» деген осыдан қалған болар. Қазақ батырлары немістерге қарсы соңғы демі қалғанша күресіп, ешқашан берілмеген. Тек алға үмітпен қараған. Әр бір батыр бұл соғыста теңдесіз ерлік көрсетті. Бұл жеңіске жету үшін талай адам зардап шекті, отбасыларынан айырылды, әрдайым уайым қайғымен жүрді. Соғыстың біткенін күткен халық әрдайым өмірмен өлім арасында болды.
Біз соғыс жылдарын көрмедік. Бірақ, ата-баба ерлігін естен шығармай, құрметпен қарап өсіп келеміз. Қазір біз, көк туы желбіреген азат, тәуелсіз елде өсіп келеміз. Біз бақыттымыз. Өйткені, бізге осындай бақыттың бұйыру үшін, қаншама біздің ата-бабаларымыз тер төкті, ерлікпен қаза тапты.
Ұлы Отан соғысының зардабын көрмесемде, Роза әжемнің әкесін көрмей өскенін білемін. Әжемнің әкесі Садуақас атамыз сол бір сұрапыл соғысқа кеткенде, әжем анасының құрсағында қалыпты.
Анасы қатты қиналсада, әкесінің жоқтығын білдірмей өсіріпті. Әкесі соғыстан оралмапты, бірақ, соғыста бірге болған жерлесінің айтуынша, «оқ тиіп, екі күн арқалапты». Атам: «мені тастап бара бер, екеуміздің біріміз аман қалайық», -депті. Әжем әкесіне ауылға ескерткіш қойып, құран бағыштады. Әжем әкесін мүлдем көрмепті ,суреті де болмапты.
Әкесіз өсу әрине қиын. Әжемнің үнінен әке махабатына сағыныш сезіліп тұрады. Дегенмен, артында құран бағыштайтын ұрпақтары бар.
Сұрапыл соғыстың қаһарын бейнелеген киноларды көргенде жаным түршігеді. Сол кездегі, соғысқа аттанған барлық аталарымыз отбасына аман қауышу үшін, ұрпақтары бақытты ғұмыр кешу үшін аянбай тер төгіпті. Осындай аталарымыздың ұрпағы болғаным үшін мақтанамын.
Енді осындай сұрапыл соғыс екшқашан болмаса екен. Барлық ана, барлық бала бақытты ғұмыр кешсе екен.
Жаумен шайқасқан аталарымыздың бар арманы, отбасына аман қауышу болған шығар. Бірақ, олар болашақ ұрпақты ойлады . Бұл болып жатқан қанды әрі қорқынышты шайқас енді қайтып келмеуі үшін күресіп, жаңдарын берді. Біз бұл батырларды әрдайым мақтаныш пен еске аламыз. Отаны үшін өлімге барған аға -апаларымыздың жасаған ерліктері бізге рух береді. Өз өмірін өлімге қиған ата-бабаларымыз өте көп және олар қайтпас қайсарлықпен дүниеден озды. Олардың бірі: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Қабылов Төлен, Сұлтан Баймағанбетов, Құрманғалиев Жолдас, Құрманғалиев Алмас, Төлеген Тоқтаров және басқалары үлкен ерлікпен қаза тапты. Олардың әр қайсысының өлімі әр түрлі, әрі қайғылы бұндай азамат пен азаматшаларымызды есімізден шығару үлкен күнә болар. Осы аға-апаларымыздан әрдайым үлгі алуымыз керек. Отан үшін, болашақ ұрпақ үшін жанын қиюға дайын осындай батырларымыз болғанына қуанамын.
Соғыстан аман оралған батырларда аянбай қызмет етті, қаншама рет жараланды. Біз соғысты көрмесек те ата-бабаларымыздың ерлігі бізге дейін жетті. Бұл олардың ерлігінің шынайы болғанын көрсетеді. Біз олардың еңбегіне бас иеміз.
Өзіме қатты әсер еткен Алматы обылысының батыры Қабылов Төлен . Ол сәуір айында өзі басқарған жау танкілеріне қарсы шайқаста гранатаны кеудесіне қойып жау танкісінің астына жата қалып, танкімен бірге өзі де өлім құшты. Нағыз отан сүйгіш азамат екенін көрсете білді.
Өзіміздің жерлесіміз Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғыны Балтанбаев Иманғали атаның ерлігіне де басымды иемін. Ол бір күннің ішінде 60 шақты адамның көзін жойған. Бір де ауыр жарақатына қарамастан байлаулы бірнеше гранатамен секіріп амбразураны жарып, сол жерде өлім құшқан.
Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында дүниеге келген кайсар, ержүрек Мәншүк әпкеміз шешуші ұрыстардың бірінде соңғы демі қалғанша пулеметтегі оқты атқылап қайтпас қайсарлықпен қаза тапқан.
Ақтөбе обылысы Қобда ауданының батыры Әлия Молдағұлова әпкеміз тарихқа мәңгі із қалдырған жан. Ол өзінің мергендігінің арқасында көптеген неміс әскерін қырып салды Алайда шешуші ұрыстардың бірінде қайтпас қайсарлықпен қаза тапты.
Осы секілді көптеген қазақ батырлары отан үшін жандарын пида етті. Осы батырларымыздың еңбегін бағалап, құрмет тұттып, үлгі алуымыз керек. Бұл ата бабаларымыз, біздің елдің ұлттың мақтаныштары.
Елімізге аман-есен борышын өтеп келген батырлар да жетерлік. Оларды айтпай қалу мүмкін емес. Олар өздерін ғана емес туған жерлерін де аман алып қалды.
Солардың бірі Бауыржан Момышұлы Халық қаһарманы. Бауыржан ағамыз елі үшін біраз қиыншылықтан өтті, талай қиналды. Бір ақ арманына жетті. Ел үшін ерен еңбек еткен жандардың бірі осы Бауыржан Момышұлы деп санаймын.
Рахымжан Қошқарбаев Берлинде Рейхстаг қабырғасына ең алғашқылардың бірі боп ту тіккен қазақ жауынгері. Елі үшін қайтпас қайсарлықпен еңбек еткен қаһарман батырымыз.
Хиуаз Доспанова қазақтан шыққан алғашқы ұшқыш батыр қыз. Хиуаз әпкеміз соғыс жылдары көптеген қиындықтардан өткен. Ауыр жарақат алған. Сонда да отаны үшін берілмей қайсарлық танытқан.
Біз осы жеңіске бірліктің арқасында жеттік. Батырларымыздың төзімділігі мен ержүректіліктері біздің осы күнге жетіп отырғанымыздың арқасы. Егер елімізде мұндай батырлар болмаған да біз қазір кім болар едік? Қайдам! Ержүрек батырларымыз осы үшін аямай күресті емес пе? Яғни, ұлдары құл, қыздары күң болғанын қаламады. Олар өлімге жақын тұрсада бізді, болашақ ұрпақты ойлап ақырғы демі қалғанша аямай күресті. Бұл батырларымыз қаһармандықтың ерен үлгісін көрсеткен жандар. Батырларымызға мың да бір алғыс!!!
Осындай бейбіт елді өмір сүріп жатқанымыздың өзі бақыт емес пе! Біз әрдайым отан үшін жанын берген батырларымызға басымызды иіп өтеміз.
Осы батырларымыздың арқасында қазіргі жас ұрпақ мен де осы батырлар секілді боламын, елімді қорғаймын деген рухты сөздері бізге күш береді. Ұлы Отан соғысының арқасында халқымыз Отанды сүюді үйренді десек те болады .
1945 жылдың 9 мамыры Біз үшін, соғыс ардагерлері үшін, Ресей, Украин, Беларусь, Татар және басқа халықтар үшін ұмтылмас, тарихта ізін орнын қалдырған мереке. Оңайлықпен келмеген ұлы жеңіс.
Осы Ұлы Отан соғысына қатысып ер жүректігін танытқан ардагерлердің саны жыл сайын азайып барады. Біз осы кісілерге сіздердің арқаларыңызда еркін, егемен, елде өмір сүріп жатырмыз деп мақтанышпен айта аламыз..
Соғыс біз үшін кұнды бір ертегі сияқты. Ал, онда болған жандар үшін бұл соғыс қорқынышты түспен тең. Бұл қанды соғыс енді елімізге қайта келмесін деп тілейміз.
Ұлы Жеңісіміз баянды болсын! Тәуелсіз еліміздің көк туы көк аспанымызда желбірей берсін!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет