«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы



бет90/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров
Стереометрия аксиомалары және олардан шығатын салдар, акт готовности (1), акт готовности (1), акт готовности (1), Ақтөбе облысы бойынша сынама тест тапсырушылар тізімі, акт готовности (1), диплом саду, акт готовности (1)
Ерлікке тағзым!


Қарғалы ауданы, «№1 Бадамша орта мектебі» ҚММ
7 «Б» сынып оқушысы Искиндирова Айгерім
Жетекші: Жиенгазина Жайнагул Айтмаганбетовна
«Соғыс – халықтың күш-қуатын,
ерлік-
жігерін сынайтын ұлы емтихан»


Б.Момышұлы

Соғыс... Өзі бес әріптентұрса да мағынасы адам жанын түршіктіреді. 22 маусым 1941 жылы таңғы сағат 4-те басталғанбұлсоғыс 3 жыл 10 ай және 18 күн немесе 1418 күн және түні бойы жалғасқан. Бұл күндер Кеңес Одағындағы халықтар үшін қасіретті кезең.


Сұрапыл соғыс жер бетіндегі қаншама адамның өмірін қиды, балаларды әкесінен, әйелдерді жарынан, аналарды ұлдарынан айырды. Қаншамасы соғыстың салдарынан мүгедек атанды. Осы кезеңде Кеңес Одағының 26 млн. аса жауынгері қанмайданда қаза тапты. Зұлым фашистерден өз Отанын қорғауға Қазақстаннан жалпы 1 млн 400 мыңы майданға өз еркімен аттанып, 600 мыңы соғыста ажал құшқан. Майдангерлердің ішінде тек жүрек жұтқан ерлер ғана емес, 1571 нәзік жандылар да бар еді. Олар майданның әр тұсында, түрлі әскери құрамаларда жүрді. Ұшқыш, радист, танкист, партизандар мен барлаушы қыздарымыз ерлер секілді Отаны үшін ауыр күндері ұрыс алаңынан табылды.
Ақтөбеден шыққан қазақ батыры дегенде есімізге бірден соғыс майданында ерлікпен қаза болған Әлия Молдағұлова түседі. Ал Имашева Талжібек туралы көпшілігі біле бермейді.
Талжібек Елеусізқызы Имашева Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Батамша ауылындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан жалғыз қазақ әйел. Ол 1921 жылы туған. Балалық шағында тұл жетім атанып, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында туған-туысқандарында тәрбиеленді. Оған күндердің бірінде жергілікті әскери комиссариатқа келуге шақыру қағазы келді.Ол 1942 жылы 21 жасында майданға аттанды. Саратов қаласында қысқа мерзімді курстан өтіп, 2 Украин майданының жоюшы әуе полкіне атқыш, ефрейтор атағында қабылданды. Өзінің әуе полкімен ол Житомир, Тернополь, Киев, Ровно, Таллин және Польша қалаларын азат етуге қатысты. Жеңіс күнін Маршал И. Коневтың Армия құрамында Чехословакияда қарсы алды.
Соғыстан кейін барлық жауынгерлер тәрізді Талжібек Елеусізқызы да еңбекке араласып, өмірлік жарын жолықтырды. Батыр қыздың таңдаған жолдасы Имашев Айдынбай -Воронеж майданының 40-шы армиясының 132-ші армиясының командирі, аға сержант. Соғыстан кейінгі жылдары милиция бөлімінің бастығы қызметін атқарған ел алдында абыройлы азамат болған.
Отбасының ұйытқысы, 6 баланы тәрбиелеп отырған қарапайым қазақ әйелінің майдандағы ерліктері туралы көпшілігі біле бермеген. Тек соғысқа қатысушылар үшін жеңілдіктер енгізген сексенінші жылдары үлкен отбасының анасы Талжибек Имашева да құжаттарды тапсыруға дайындалады. Балалары анасының соғыста ерлермен қатар шайқасқанын естігенде таңданған. Өйткені күнделікті үй шаруасында жүрген аналары – бір кездері атқыштар жоюшы жасақ қатарындағы ефрейтор болғанына қатты таң қалады. Отбасымен кеңесе отырып, Подольскідегі СССР Қорғаныс министрлігінің орталық архивіне Имашева Талжібек Елеусизовна атына сұраныс қағазын жіберуді шешеді. Біраз уақыттан кейін «Тізімде жоқ» деген жауап келеді. Бұл жауап батыр анамыз үшін қатты соққы болды.
«Тізімде жоқ» деп жауап беруі де орынды, өйткені батыр қыздың тұрмысқа шыққанға дейінгі тегі Тотаева еді. Екінші қайтара сұраныс жібергенде, көп күттірмей жауап келді. Осыдан кейін Талжібек әже ардагерлермен бірге кездесулерге қатысып, соғыс туралы естеліктермен бөліскен. Оны естіген жанында жүрген жақындары таныстарының соғысқа қатысқан қарапайым солдат емес, әскери жойғыш полкінің ефрейтері екенін білгенде таңданысын жасырмады.
«Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германиямен соғыста Жеңіс үшін» медальдарымен, Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі орденімен тағы басқа медальдармен марапатталған Талжібек әже үшін басты марапат – тозақтай жылтаңдаған соғыс отынан аман қалуы еді. Өмірінің соңғы 30 жылын Қарғалы ауданы Бадамша аулында өткізген Талжібек Имашева 1988 жылы ол қайтыс болды.
«Жақсының өзі өлсе де, аты өлемейді» демекші, Талжібек Имашева қайтыс болса да, оның есімімен Бадамша аулында көше аталған, 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын шараларда Талжібек Имашеваның ерліктері туралы ұстаздар оқушыларға әңгімелеп береді.
Қазақ топрағынан шығып, қан майданда ерлермен бірге Отаны үшін соғысқан жас ару – бүгінгі қазақ қыздарының нағыз символына айналуы тиіс. Өйткені ол Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыртпалыққа бүгелмей, қиындыққа қайыспай қарсы тұрған, Жеңістен кейін тұрмысқа шығып, 6 баланың анасы атанып, ұрпақ тәрбиесіне де өз үлесін қосқан – санаулы батыр қыздардың бірі.
Біз, Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұрпақтары бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған бабаларымызды ұмытпай, тек 9 мамыр Жеңіс күнінде ғана емес, әр уақытта ардақтап, оларды мақтан тұтып, бейбіт күнді қадірлей білуіміз қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет