«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет92/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Хромтау ауданы, «Дөң мектеп-гимназиясы» КММ
Жолтай Аружан
7 «Ә» класс оқушысы
Пән мұғалімі: Нуржанова А.К.

1941-1945 бұл жылдар әр қазақ азаматының есінде. Бұл жылдар біздің есімізде «Ұлы Отан» соғысы деп қалды. Ұлы Отан соғысында қазақ ер азаматтары мен қазақтың батыл қыздары да қатысты. Соғысқа әр қазақ отбасынан жүздеген ер адамдары мен қазақ қыздары қолдарына қару алып, өз жерлерін қорғауға мәжбүр болды. Оның қатарларында біздің ата-әжелерімізде қатысты. Кейбір ата және әжелеріміз әлі күнге дейін жер басып жүр, бірақ олар соғыс кезінде әлі кішкентай балалар болып жүрді. Бірақ біз ол күнгі әңгімелерін тыңдағанды жақсы көреміз.


Мен бұл әңгімелерді әжемнен естігенде сол көріністі елестетіп отыратынмын. Әжемнің әңгімелері бойынша бұл жылдар ең қиын кезеңдер болды. Кіп-кішкентай балалар әкелерінен айырылды, басқа ауыл,қалаларға көшуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаларды бірнеше ақындарымыздың әңгімелерінде кездестіреміз. Ал соғыстың ең алғашқы күндерінде барлық әскер азаматтарына қиын болды, бірақ олар бірден берілмей әрі қарай жалғыстырды. Соғыс кезіндегі бірнеше мыңға жуық қазақ қаһармандары болды. Енді соғыс кездерге көше кетсек, Ресей империясының басына қонған жаман қасіретке қазақ даласының азаматтары көмекке келді. Бұл майданға барған қазақ даласының әскерлері ерлікпен шайқасты. Бұл шайқаста қазақ даласына да маңызы бар шайқас еді. Ал енді қазіргі күнге дейін есімізде өз ерлігімен қалған қаһарман батырлар туралы айтайын. Олар: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Хиуаз Доспанова және де тағы басқалары. Әлия Молдағұлова әр қазақ азаматының есінде. Әлияны бұл майдан кезінде «Мерген қыз деп атаған. Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Бұлақ ауылында дүниеге келді. Ол арнайы әйел адамдарды дайындайтын снайперлер мектебінде оқып, бітірді. Бұл мектепті бітіргеннен кейін дәл осы соғыс күндер де жақындап қалды. Енді Ресей империясына көмек қажет кезде Әлияны және де басқа қаһарман қыздарды ала жөнеледі. Әлия мергендігімен осы майданда танылды. Ол фашистердің яғни қарсыластарының біразын өз мергендігімен көздеп, атып отырды. Әлия Молдағұлова 1944 жылы майданның аяқталуына бір жыл қалған кезде қаза табады. Бауыржан Момышұлы сол кездің даңқты жауынгері де жазушы да болды. Бауыржан Момышұлы Жамбыл облысы Көлбастау ауылында дүниеге келеді. Б. Момышұлы майдан кезінде командир де жазушыда болды. Ол майданда болып жатқан қызықты оқиғаларды жазып отырды. Б. Момышұлы әскери міндетін өтеуге шақырылды, осыдан кейін оны Қызыл армия қатарына шақыртылды. Ал Ұлы Отан соғысы басталған кезде оны командир етіп сайлады. Ол тек командир және жазушы ғана емес сонымен қатар ол стратег және тактик болды. Ол соғыс кезінде бірнеше шығармалар жазып кетті. Мысалға: «Мәскеу үшін күрес», «Генерал Панфилов» және де тағы басқалары. Енді Мәншүк Мәметова туралы айтатын болсақ, ол соғыс кезінде пулеметші болған. Мәншүк Мәметова Орал облысы Орда ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы басталған уақытта Мәншүк Алматы медициналық институтта оқып жүрді. Ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар қатарына қосылады. Қазақ халқының ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова да бар. Хиуаз Доспанова Ганюшкин ауылында дүниеге келеді. Ол майдан кезінде оны «Қанатты қыз» деп атап кетті. Ол мектепті бітіріп ұшқыштар академиясына құжаттарды алып, сол академияға түспекші болады. Бірақ ол академия тек ерлерге арналғандықтан қазақ қызын қабылдамай тастайды. Бірақ ол берілмей өз арманына жетеді. Міне мен осы қазақ қаһармандары туралы біраз ақпараттарды білемін.
Енді өз әже-аталарымның айтуы бойынша әрине бұл кезеңдер қиын болды. Олар көрші елдерге, басқа қалаларға баруға мәжбүр болды. Менің әжемнің айтуы бойынша әжемнің апасы тіпті басқа елге көшіп кеткен, ол сол жақтан тек Ұлы Отан соғысы біткеннен кейін екі жылдан кейін қайтып келген екен. Әжем оның анасы екеуі қаладан өз ауылдарына қайтып келген. Бірақ оларға да ол жерде тыныштық болмаған. Бірақ олар сол ауылда тұруды тоқтатпай, майданның соңына дейін сол жерде тұрған. Мен енді эссемді қортындылай келе, Сырбай Мәуленовтың «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңі жолдарымен аяқтағым келеді.
Жаутаңдап қара дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша ұйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?-деп, қорытындылай келе осындай батыр ұлдарымызбен қыздарымызды әр уақытта біздер жастар ұмытпаймыз! Ендігі уақытта біз жас ұрпақ еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз керек деп санаймын. Еліміздің болашағы жарқын, әруақытта өркендеп дами берсін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет