«Туған жердің батырларына мың тағзым!» атты мектеп оқушыларына арналған облыстық эссе байқау жинағы


Туған жердің батырларына мың тағзым!



бет17/102
Дата07.02.2022
өлшемі2,45 Mb.
#92393
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102
Байланысты:
Эссе Ф.Е.Майоров

Туған жердің батырларына мың тағзым!


Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Қуаныш Ислам
6 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі: Әбдібаева Жұлдыз Қамбарқызы


Қайсарлық пен қарапайымдылық,
Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез
сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты


Н.Ә.Назарбаев

Иә, биыл Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75жыл толғалы отыр. Бұл Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Талай боздақтарымыздың Отан үшін жанын қиып, елі үшін басын қатерге тігіп, не көрсем де Отан үшін деп жасаған ерен еңбектерімен келген Жеңіс бұл! Сол аға-әпкелеріміздің әрбір жасаған қызметтеріне бүгінгі ұрпақтар мәңгі қарыздармыз. Біз соғыс туралы тек аталарымыздан естіп, кинодан көрген болатынбыз. Ұлы Отан соғысы кезінде бала-шаға, үйде қалған аналар барлығы бір Отан үшін, елі үшін жауынгерлердің амандығын күтіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бірлесіп жасап, тылда еңбек етіп, өздерін көрсете білді. Менің ойымша тыл еңбеккерлерінің адал еңбектері майдан үшін қосқан үлесі көп деп ойлаймын. Ұлы Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы жайлы қаншама шығармалар жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қойылған жоқ. Ерлікпен шайқасып лайықты бағасын алғандар да бар. Атап айтатын болсақ, М.Мәметова, Ә.Молдағалиева, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә.Сәрсенбаев, Қ.Аманжолов т.б ата-әпкелеріміз қан майданда шайқасқан болатын. Осы айтылған жауынгерлерімізді Отан үшін отқа түскен батырларымызды еске алып отыру біздің міндетіміз.


Көңілге көп тоқыған,
Кәрі—құртаң ашынды.
Қара қағаз оқудан,
Сауатымыз ашылды – деп, белгілі ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай Ұлы Отан соғысы ондағы Жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгертті, талай жанның өмірін үзді.
Соғыстың соңғы көктемі
Көп болды нұрын төккелі.
Жап-жасыл анау аспан да,
Аспан да, сірә, көктеді, - деп Мұқағали ақын Жеңіс күнінің соңғы көктемі туралы осылай жырлады. Айта берсең өлең-жырлар өте көп.
Ал енді бүгінгі күні жыл сайын 9 мамыр «Жеңіс» күні болып тойланады. Қан майданда ерлікпен қаза тапқан, Жеңіс тарихында есімдері алтын әріппен жазылатын аға-әпкелеріміздің ерліктерін паш етіп,рухтарына құран бағыштап, бүгінгі күнімізге тәубе етіп, шүкіршілік жасайтын күн ретінде ерекше есте қалады. Сонымен қатар, Жеңіс күнінде Отанымыз үшін еңбек еткен, өмірін жан пида еткен, туған туыстарына,жақын-жарандарына қайтып оралмай кеткен қаһарман ерлерді ел болып еске аламыз.
Әрине, туған жеріміздің батырларына мың тағзым! Сұрапыл соғысқа біздің туған жерден, яғни қасиетті Ырғыз мекенінен де қаншама адам аттанды. Ол кісілердің қатарында Сұлтан Досмұратов, Өтеш Аралбаев, Әбдіуәли Әбетов, Пірім Төреханов, Алтынбек Әкімжанов, Көбек Қойшыбаев, Ш.Бақбергенов т.б Көбек Қойшыбаев атамыз 1942жылдың тамыз айында Ырғыздан 70 жастың бірі болып соғысқа аттанған. 101-атқыштар полкінің командирі болып ұрысқа аттанады. Сұрапыл кезеңде Көбек атамыз өз полкінен 5-6 жауангер ғана тірі қалғанын артынан біледі. Көбек атамыз 60 қадамдай жер «Аттан» салғанында қара санынан оқ тиіп құлап түседі. Майдан даласында қансырап үш күн жатады. Госпиатальда ауыр жарақатынан ұзақ емделген Көбек атамыз 1944жылы қайта соғысқа кіреді. Ерен, ерекше еңбектері үшін «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медалдарымен, I дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталған. Елге оралған соң Көбек атамыз Қаракөл орта мектебінде орыс тілінен сабақ берген.
Сонымен қатар, Ырғыз ауданынан 1941жылдың күзінде жүзден астам жігіт өгіз арбамен Шалқар стансасын бетке алып жолға шыққан. Арасында мектепті жаңа бітірген, өз еріктерімен аттанған бозбалалар көп екен. Соғыстан кейінгі ұрпақтар тәуіптік балдақпен жүретін ұстаз Әбдіуәли Әбетовті, бір аяғынан айырылса да қайраты қайтпаған, бір өзі екі адамның жұмысын жасаған Пірім Төрехановты көріп ержетті.
Сонымен бірге, жауынгерлік жолын Германиядан бастап Жапонияда аяқтаған тәуіптік ардагер Ш.Бақбергенов есімі жерлестердің жадында мәңгі сақталмақ. Міне, мен осындай туған жерімнің батырларымен мақтанамын, есімдерін әрқашан үлгі етіп айтып жүремін. Ол кісілердің жасаған ерен еңбектеріне, біздер үшін, яғни ұрпақтар үшін жасаған қызметтеріне мың тағзым! Ол кісілерге тек қана Жеңіс мерекесінде ғана емес, кез-келген күні тағзым жасасақ артық етпейді деп ойлаймын.Себебі, біздердің осыдай шалқып, бейбіт заманда өмір сүріп жатқынымыз әуелі Алла, сонан соң сол кісілердің арқасы деп білемін.
Ұлы Отан соғысы тарихы тұрғыдан алғанда, көптеген шығармалар жазылып жатса да, қаншама кино түсіріліп жатса да оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес және артық та болмайды. Ерлікпен шайқасқан адамдардың лайықты бағасын алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалып қойып жатқандар бар болса да, қазір санамызға қайта оралып, жатқан тұлғаларымыз да аз емес. Барлық жауынгерлеріміз мен ардагерлеріміз батырларымыз туралы айтсақ өте көп.Олардың қаһармандық өнегесі бүгінгі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталуы тиіс.
Жеңіске-75 жыл. Бір адамның ғұмыры. Қазір ауданымызда соғысқа қатысқан ешкім қалмады. Соғыс ардагерлерінің есімдері ешқашан ұмытылмайды.Ұрпақтары есінде сақтайды. Көзкөрген,кейінгі кісілер еске алып жүреді. Жыл сайын аудан орталығында орналасқан соғыс құрбандарына арналған ескерткіш тақта алдында жерлес батырларымызға тағзым жасалып, ерліктері бүгінгі біз секілді жас ұрпаққа үлгі-өнеге етіледі.
Қорыта айтқанда, осылай көп жылдар аңсаған армандар ақиқатқа айналып, Жеңіс туы аспанда желбіреп, барша жұрт бейбіт өмірге қадам басты. «Жеңіс» деген сөз барша адамның жүрегінде жылы сезім, болашаққа деген сенім ұялатты. Соғыссыз күн кешіп келе жатқанымызға биыл 75 жыл толып отыр. Өкінішке орай көптеген жерлестеріміз кемтар болып, балалары туғанынан жетімдіктің ащы дәмін татып жатты. Құдайға шүкір, біз еліміздің жас ұландары соғыс зардабын тартқан жоқпыз.Бұның барлығы батыр да батыл ағаларымыз бен апаларымыздың еліне , жеріне деген сүйіспеншіліктерінің, көрсеткен қаһармандарымыздың арқасы.Біз бейбіт өмірдің куәгерлері болғанымызға қатты қуанамыз.Енді ешқашанда майдангер ерлігі мен жеңісті тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектерімен келген ерліктері ұмытылмайды. Сол сұрапыл соғыста батырларымыздың суыққа төзіп, күннің ыстығына шыдап, байтақ жерімізді бүгінгі күнде дүние жүзіне танытып,әлем мойындатқан мемлекет болып қалыптасуына қосқан жетістігі деп есептеймін.Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз- болашақ ұрпақты Отан сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.Қазір Республикамыздың дүние жүзінің алдыңғы қатарындағы мемлекеттердің бірі болып, ең бастысы, елімізде бейбітшілік пен ынтымақтың өріс алып, халқымыздың тыныштықта бейбіт өмір сүріп келе жатуымыздың өзі –Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың адал да ұтымды идеясы, үлкен парасаттық пайымы мен биік талғамының арқасында.Сондықтан да біз, ХХI ғасыр жастары, осындай байтақ елде тұрып жатқанымызға бақыттымыз! Мен үшін соғысқа кеткен әр адам жау жүрек батыр, олар өлімнен де қорықпай, бар жігерін салған Отан үшін отқа түскен азаматтар деп ойлаймын.Елімде,жерімізде көк байрағымыз аспанда желбіріп, әніміз қалықтап, бейбітшілік жасасын! Мен өзімнің эссемді мына өлең жолымен аяқтағым келеді:
Жауды жеңіп табанға сап,
Жермен-жексен еткен ерім.
Қуан,қуан, күлші сақ-сақ
Шын жеңіске жеткен елім!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет