Туған тілдің жанашыры кім десең



бет2/5
Дата08.09.2017
өлшемі0,65 Mb.
#31542
1   2   3   4   5
«Толғауы тоқсан қызыл тіл» атты шеберлік сынып Абай Құнанбайұлының соңғы монологімен ашылып, Абай атаға жауап ретінде ана тілінің бүгінгі жағдайы, қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы 20 жылдығы сабақтастырылып, тіл туралы өлеңдер мен Абай шығармалары оқылып, әндері орындалды. «Тосын сұрақ» айдарымен қазақ тілінің майталман маманы Қазанғапова Қ. көрермендермен Абай өмірінен сұрақ-жауап жүргізді. 8 «Г» сынып оқушылары Рахман Динар Нұртуғанның «Қанеки, тілім сөйлеші» термесін жырласа, Тілеуберген Анар Құрманғазының «Адай»күйін күмбірлетті.Апта бойында ана тілдің мәртебесін арттыру мақсатында 11-сынып оқушылары арасында «Талаптың мініп тұлпарын...» тақырыбында XXI ғасыр көшбасшысын, 9-11 сыныптарда дарынды және талантты оқушылармен казтест, жас ақындар мүшайрасы өткізілді. Мүшайраға 6-7 сыныптар арасындағы 13 жас ақын қатысты. Мүшайра тақырыптары: тіл, батырлық, еңбек, туған ижер,тәуелсіздік, өнер, ұстаз. Жас та болса ақындық қабілеті басым шыққан 7 «А» сынып оқушысы Әскербек Нұрбақыт 1- орын, 7 «Ә» Тлесхан Аружан 2-орын, Ибрагим Томирис 3-орын иеленді. Сонымен қатар 6 – сынып оқушылары Дастанқызы Ақерке, Сатан Фараби, 5-сынып оқушысы Нағиева Диана алғыс хаттармен марапатталды. Мүшайрада өлең өлкесіне танылып келе жатқан қалалық сайыстардың жеңімпаздары Бұрхан Маралбек, Рысжан Динара, Рахман Динар өз шығармаларын оқып, көрерменнің қошеметіне бөленді. Әділқазылар алқасы жас ақындарға сөз патшалығының қыр- сырын меңгеру жолдарын айтып, өз тілектерін білдірді. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері ұйымдастырған «Казахстан – наш общий дом» атты мерекелік шара да тартымды өтті. «Я, ты, он, она» әнімен ашылған мерекені әр ұлттың киімімен өрнектеген биші қыздар би аяғында халқымыздың ұлттық тағамдарын тарту етті. Орыс халқының «Шалқан» ертегісінен қойылған қойылым, ұлы ақын Абай өлеңдерінің, қарасөздерінің аудармасын жатқа оқыды. Кеште пән мұғалімдері де ән шырқады. «English is fun» атты ағылшын тілі пән бірлестігінің шарасы да өз дәрежесінде өтті. Оқушылар үш тілде өлеңдер оқып, ағылшын тілінде «Қызыл телпек» қойылымын қойды.

Апталық соңында «Таймасын тұғырынан туған тілім» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Кеш қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын «Ізін көрем» әнімен ашылды. Қазақ халқының еліміздің тілін, дінін, салт –дәстүрін, егемендігін сақтау жолындағы бабалар еңбегінен көріністер қойылып, нақыл сөздер, өлеңдер оқылды. Оқушылар бұл шарадан да маңызды мәліметтер алып, құлағы әсем ән мен құдіретті күйлермен қанықты.

Жаңа оқу жылындағы алғашқы апталықтың іс шаралар легі бірінен соң бірі жоғары деңгейде өтіп жатты. Оқушылар ана тілінің қоғамдағы маңызын түсініп, тіл мәртебесін көтеруде өз үлестерін қоса отырып, бойларына елжандылық тәрбиесін сіңіріп, ұлттық құндылықтарды сақтауды көңілге түйе білді.

Қазан айының 26-31 аралығында «Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыта отырып, шығармашылыққа баулу» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өткізілді. Апталық барысында іс- шара жоспары жасалып, жоспар бойынша бекітілген іс-шаралар мен ашық сабақтар ойдағыдай өткізілді. Ол шараларға мектептің әкімшілігі, пән мұғалімдері көптеп қатысты.



Пән апталығын 37 жылдық еңбек тәжірибесі бар жоғары санатты Қ.Р Білім үздігі Қазанғапова Қанайым Нұрмағанбетқызы «Қазақ әдебиеті сабағында кейіпкерлер бейнесін талдау  мәселесі» тақырыбындағы кәсіби әңгімемен бастады. Пән мұғалімдеріне қазақ әдебиеті пәнінде оқушыға кейіпкерлер бейнесін танытудағы іс тәжірибесімен бөлісті. Жас мамандарға шым- шытырық кейіпкерлері көп шығармаларды өткенде оқушыны қызықтыру үшін шығарманың ең қызықты жерін әңгімелеп беріп, жалғасын оқуды тапсыру немесе кейіпкерлерді бейнелеріне қарай топтастыру арқылы меңгертудің тиімділігін түсіндірді. Бұл шара өте тартымды өтті. Пән мұғалімдері көкейдегі көптеген сауалдарына жауап алды.

Апталық барысында «Қазақ тілі сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында Әлиева Н. баяндама жасады. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар, тілдік дағдылардың әрқайсысына жеке тоқталып, құрылымын түсіндіріп, тәжірибе түрінде таратып айтты. Баяндама көпшілік көңілінен шықты. Тақырып ашылып, мұғалімдер тілдік дағдыларды қолданудың қыр- сырын меңгерді.



Бірлестік жетекшісі Молдағажиева Сәуле «Қазақ тілі пәні бойынша қалыптастырушы бағалау жұмыстары» айдарымен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында коучинг-сессия жұмысын ұйымдастырды. Оған 10 мұғалім қатысты. Тыңдаушыларды «жетістік», «критерий» сөздері арқылы топқа бөліп, топтардан осы сөздердің түсініктемесін алды. Одан соң тыңдаушылар коучингке қатысты терминдер мен анықтамалармен танысты.Таныстырылым арқылы дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалау айырмашылығы сараланып, критериалды бағалау тиімділігі анықталды. Коучинг барысында жетістік критерийінің маңыздылығы анықталып, мұғалімдер қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен жетістік критерийін құруға жаттықты. Коучинг кері байланысынан коучингтің маңызы зор болғанын , мұғалімдердің бәрі де қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен жетістік критерийін толық меңгергенін анықтадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет