Туған тілдің жанашыры кім десең



бет5/5
Дата08.09.2017
өлшемі0,65 Mb.
#31542
1   2   3   4   5


М.Мақатаевтың 85 жылдығына орай ақынның туған күні қарсаңында пән бірлестігі «Мұқағали – қазақ поэзиясының мұзбалағы» тақырыбында әдеби кеш өткізді. Кеш ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылыммен басталып, ақынның ақындық жолындағы , Фариза ақынмен достығы жайлы қойылымдарына ұласты. Кеште қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері оқушылармен кезектесе отырып, ақын шығармаларын жатқа оқып, әндерін шырқап, оқушыға көркем сөздің құдіретін таныта білді.

Ана тілінің маңызын жазушы Қ.Жұмаділов: «Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да аузын толтырып айтады. Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндей еркін есіп тұрады. Жалпы халықтық қасиеті күшті, жатық та түсінікті қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Өзінің тыңдаушысын бірден баурап әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді.Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің,» - дейді. Не деген кестеленген керемет сөз, оралымды ой десеңізші. Осындай керемет тілдің құдіретін шәкірт жүрегіне сіңіріп жүрген қазақ тілі пәні мұғалімдері емес пе?!

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам, ұлттық рухты, еңсемізді, тілімізді көтеру мақсатындағы осындай іргелі жұмыстардың басындағы туған тілдің жанашырлары – қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің еңбегі осындай.



Ноғаева Гүлназ
№101 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Қызылорда қаласы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет