Топтардың аттары | Қолданылуы және қысқаша мінездемесі |
1. Ғимараттар
|
өндірістік архитектура және құрылыс объектілері (цехтар, қоймалар, өндірістік лабораториялар және т.б)
|
2. Құрылыстар
|
өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды аткаратын инженерлік-құрылыс объектілері (тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары, автомобиль және темір жолдары)
|
3. Жіберу құралдары
|
Энергияны, сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар ( электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)
|
4. Машина мен құралдар а) Күш машиналары
|
(генераторлар, электр болшектер, бу машиналары, турбиналар т.б.)
|
б)Жұмыс машиналары мен құралдар
|
Технологиялык прцеске тікелей катысатын құралдар (станоктар, прессмашиналар, терминалық пештер, котеру- тасымалдау механизмдері)
|
В) есептеу техникасы
|
Математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы
|
Г) басқа да машиналар мен құралдар
|
өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.
|
5.Тасымалдау құралдары
|
кәсіпорьн көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға кажетті көліктер
|
6. Құрал - сайман
|
өндіріс прцесіне кажетті элементтер (қол және механикалык кесу, ұру, саймандары, штамптар т.б)
|
7.Өндірістік түгендеме
|
өндірістік операцияларды орьндауды жеделдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті
|
8.Шаруашылық түгендеме
|
көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б.
|
Е С К Е Р Т У - [2, 65] әдебиеттен алынған
|
Көлік құралдары - адамдар мен жүктерді тасымалдауга арналган қозғалыс құралдары мен заттарын қоса алганда мүліктік объект болып тыбылады.
Құрал - сайман - қол еңбегінің механикаландырылған құралдары немесе металдарды, ағашты және тағы басқаларды өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар. Баска мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады. Өндірістік мүлік және соған тиісті заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеделдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауга көмектесетін жабдықтар; өндірістік мәні бар заттар. Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар зат - мүліктік объект болады;
Шаруашалақ мүлік - кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары, (орындыктар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар объект - мүліктік болып табылады. Басқа да негізгі құралдар - кітапхана қорлары, спорт мүлкі, жалға алынган негізгі құралдарга жұмсалған күрделі салымдар [2, 72].
Негізгі қорлардың өндіріс процесіндегі ұзақ қатысуы мен біртіндеп тозуына байланысты бағалаудың бірнеше түрі бар. Негізгі қолардың бастапқы құны, ағымды, баланстық құны, сатып - өткізу құны, жойылу құны, тозу және қалдық құны болады. Бастапқы (тарихи) құн негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаруға нақты шығындардан және сатып алу барысында төленген салық салаларынан, сондай - ақ пайдалануға беруғе, тағы сол сияқты кез - келген негізгі құралдарды жұмыс істеу жағдайына жеткізуге қатысты шығындардан тұрады. Негізгі құралдардың бастапқы құны былайша қалыптасады: қайта бағаланған негізгі құралдар бойынша - олардың қайта бағалау кезінде белгіленген тәртіп пен бекітіліп, есепте көрсетілген қайта қалпына келтіру құны; [3, 92].
- мердігерлік және шаруашылық тәсілмен жасалған негізгі құралдар бойынша - алуға, жеткізугі, құрастыруға, және орнатуға кететін және объектілердің мүліктік құнына енгізілуге тиіс басқа шығындар;
- құрастыруды қажет етпейтін басқа машиналар бойынша -тапсыру кұжаттарында көрсетілғен құн ( құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін - жеткізу және құруға кететін шығындар қоса есептеледі):
- пайдалануда болған, ақы төлеп сатып алынған объектілер бойынша - сатып алуға, жеткізуге байанысты шығындар және алынатын объектілердің тозу саласын қоса есептегенде сатып - алуға кеткен шығындар;
- (құрастыруды қажет ететін жабдықтар үшін алушының орнатуға кеткен шығындары қоса есептеледі);
Негізгі құралдардың бастапкы құны объект кайта жабдықталғанда
(күрделі каржы тәртібімен жүзеге асырылған кеңейту , салып бітіру, жабдыктап бітіру, жаңалау, кайта құру ), сондай - ақ объектіні
жартылай жойғанда белгіленген тәртіппен негізгі құралдарды қайта бағалаған кезде ғана өзгереді.
Ағымды құн - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн - бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі кұралдардың бастапқы немесе ағымды құны.
Сатылу (өткізілу) құны - бір -бірін жақсы білетін, мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтарын негізгі құралдарды өзара айырбастауларына мүмкіндік беретін өткізу (сату) құны болып табылады.
Жойылу құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының болжамды құны. Тозу құны - негізгі қорлардың бастапқы және жойылу құндарының айырмашылығы, былайша айтқанда, негізгі құралдардың амортизациялық жолмен есептеліп, өндіріске немесе айналымға жатқызылған шығындары. Негізгі қорлардың қалдық құны бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн.Қалдық кұнды анықтау үшін бастапқы құннан негізгі құралдар обьектісінің қолданыста болу уақыты ұлғайған сайын мөлшері өсе түсетін есептелген тозу құнын алып тастайды [4, 78].
Негізгі қорларды қайта қалпына келтіру процессі келесі стадиялардан тұрады:
- негізгі қорларды сатып алу;
- пайдалану;
- амортизация;
- қайта қалпына келтіру.
Негізгі қорларды жасақтау кәсіпорыннан тыс жүргізіледі. Ал қалған стадиялары кәсіпорын ішінде жүргізіледі. Жаңадан құрылған кәсіпорын үшін негізгі қорлардың құрылу процесі- бұл ғимараттардың құрылысы, қондырғыларды алу. Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпорын үшін негізгі қорларды құру процесі бұл негізгі қордың ескірген және тозған элементтерін анықтау мақсатында барлық негізгі қорға инвентаризация жасау, өндірістің технологиясымен ұйымдастырылуына қондырғылардың сәйкестігін талдау, негізгі қорлардың көлемі мен құрылымын талдау.
Негізгі қорларды қайта қалпына келтіру процесстері:
- жөндеу: ағымдық, орташа , күрделі
- модернизация
- реконструкция.
Ғимараттарды, қондырғыларды модернизациялау - бұл өндірістіц қазіргі техникалық және экономикалық деңгейіне сәйкес олардың конструкциясын өзгерту, детальдарын алмастыру, өндірістік процестерді автоматтандыру.
Реконструкция екі вариант бойынша жүргізіледі:1) жаңа жоба бойынша ғимараттарды, цехтарды кеңейту және қайта орналастыру; 2) негізгі қорлардың актив бөлігі жаңартылады және алмастырылады [4, 192].
1.2 Еңбек ресурстардың ұғымы, мәні және оны ұйымдастыру жүйелері
Еңбекақы ұғымы көптеген экономистер арасында қызу пікірталас тудырып отырғын ұғым, олардың бірқатары «еңбек ақы» ұғымының орнына «еңбек табысы» ұғымын қолдануды ұсынады.
Бірқатар экономистердің ұстанатын қағидасы жаңа терминологиялық сөзді емес, керісінше «еңбек ақы» экономикалық категориясының мәні мен қасиетін тану. Еңбекақыны жұмысшылар арасында атқарған еңбегіне қарай бөлінетін қоғамдық өнімнің (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс) бір бөлігі ретінде түсіну нарық талабына қайшы.
Бұл жерде тек еңбекақының пайда болу көзі ғана белгіленіп отыр, сондай – ақ еңбекақы тек еңбектің саны мен сапасына қарай емес, ұйымның соңғы қаржылық нәтижесіне, жұмысшының нақты еңбектік үлесіне қарай бөлінеді.
Экономикалық теорияда еңбекақының жаратылысын анықтайтын екі негізгі тұжырым бар:
Еңбекақы – бұл еңбектің бағасы. Оның шамасы және динамикасы нарықтық факторларға, ең алдымен, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді;
Еңбекақы – бұл тауар құнының ақшалай көрінісі, «жұмыс күші» немесе «жұмыс күші тауарының құнының өзгертілген нысаны». Оның шамасы өндіріс шарттарымен және нарықтық факторлармен – сұраныс және ұсыныс – анықталады. Осылардың ықпалымен еңбекақы жұмыс күшінің құнынан ауытқиды [5, 78].
Еңбекақының еңбек бағасы ретіндегі тұжырымын А.Смит пен Д. Рикардо берді. Олар еңбек тауар ретінде көрініс тауып, табиғи бағаға, яғни «табиғи еңбек ақы» ие болады деп санады. Ол өндіріс шығындарымен анықталады, оның құрамына жұмысшы мен оның отбасының өмір сүруіне жеткілікті қаражаттардың құнын қосты.
Еңбекақы – тауардың ақшалай көрінісі тұжырымдамасын жасады. Оның негізіне ол «еңбек» пен «жұмыс күші» түсініктерінің айырмашылықтарын салды. Және еңбектің тауар бола алмайтындығын және оның құны жоқ екендігін негіздеді. Тауар болып еңбек етуге қабілетті жұмыс күші танылады, ал еңбекақы осы тауардың ақшалай түрдегі құны болып табылады. Жұмысшы бүкіл еңбегіне емес, тек керекті еңбекке ғана ақы алады. Еңбекақының экономикалық жаратылысы мынада, оның есебінен жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз ететін материалдық және рухани қажеттілігі қанағаттандырылады. К. Маркс еңбек ақының шамасы тіршілік ету қаражатына емес, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, мәдени деңгейіне, сондай еңбек өнімділігінің деңгейіне тәуелді екенін анықтады.
Еңбекақы – бұл ұжым еңбегінің соңғы нәтижесіне тәуелді болатын және жұмысшылар арасында жұмсалынған жұмыс саны мен сапасына, әрбір жұмысшының нақты қосқан үлесіне қарай бөлінетін тұтынуға бағытталған қаражаттардың негізгі бөлігі.
Еңбекақы – жұмысшының өз еңбегінің нәтижелі болуына, құрылыс – монтаж жұмысының көлемі мен сапасын көтеруге мүдделілігін арттырудағы ең басты құрал. Ол күрделі экономикалық қарым - қатынастардың жиынтығын сипаттайды.
Айталық, біріншіден, бұл - жұмысшы мен жалпы қоғам арасындағы қарым - қатынас. Еңбекақы төңірегіндегі, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу, ұжымдық келісім – шартты бекіту секілді мемлекеттік саясаттың қажеттілігі, яғни мемлекеттік реттеу қызметі.
Екіншіден, еңбек ұжымы мен құрылыс ұйымы арасындағы қарым – қатынас, басқаша айтқанда, еңбекақы мөлшерінің құрылыс ұйымының қаржы - шаруашылық есебімен тығыз байланыстылығы.
Еңбекақының мәні, оның қызметімен анықталады, ол жұмысшының материалдық және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес тұсындағы жоспарлы – бөлу жүйесі, тарифтік ставкаларды бекітудің директивті тәсілі нарықтық экономика жағдайында еңбекақының арақатынасын реттеуге қабілетсіздігін байқатты.
Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу, еңбекақыны нарықтық реттеудің механизмі өзіне келесілерді қамтитынын көрсетті:
еңбек келісім шартын бекіту кезінде барлық мүдделі тараптардың мүддесін толық көрсетуге мүмкіндік беретін көп деңгейлі ұжымдық – келісім шарттық жүйені;
жеке табыс салығын реттеудің салықтық жүйесін, сондай - ақ жұмыс берушінің жұмыс күшіне жұмсайтын шығындарын;
еңбекке ақы төлеудің жекелеген шарттарын ең төменгі кепілдік жалақы түрінде мемлекеттік реттеу.
Қазіргі жағдайда жұмысшыларға еңбекақы төлеу нысаны, жүйесі мен мөлшері, сонымен қатар басқа да табыс түрлері құрылыс ұйымының шешімімен белгіленеді. Бірақ, кәсіпорындар, меншік түрі мен ұйымдық – құқықтық нысанына қарамастан, міндетті түрде, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерін және жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудың заңмен бекітілген шарттарын қамтамасыз етуі тиіс [6, 112].
Еңбекақы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы өзара келісімге қарай төленеді. Еңбекақының сметалық деңгейі жұмыс беруші үшін еңбекақы шығындарының экономикалық тиімді шегін анықтайды.
Жұмысшылардың еңбекақысын есептеу кәсіпорында қабылданған еңбекке ақы төлеу жүйесі мен нысандарына, ұжымдық келісім шарттарына, материалдық ынталандыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымда еңбекті ұйымдастырудың негізгі ережелері 10 желтоқсан 2004 жылғы № 493-1 «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» заңымен бекітілген.
Еңбекақының негізгі көзі - еқбекке ақы төлеу қоры. Сонымен бірге жалақының екінші түріне жұмысшыларға ұжым еңбегіне қосқан жеке нәтижелері үшін төленетін әртүрлі төлемдер жатқызылады. Бұл кезде жұмысшыларға сыйақы беру орындалған жұмыстың сапасын бағалай отырып, ынталандыру қорын еңбекке араласу коэффициентінің көмегімен жұмысшылардың арасында бөлу арқылы жүзеге асырылады
Еңбекке ақы төлеу жүйесіндегі сыйақының маңызды белгілері мыналар болып табылады:
- біріншіден, олар негізгі еңбек ақы түріндегі тарифтен (оклад) бөлек еңбекке ақы төлеудің қосымша нысаны ретінде көрініс табады;
- екіншіден, сыйақы еңбекке ақы төлеудің айнымалы бөлігі болып табылады, ал тариф (оклад) немесе келісімді бағалар салыстырмалы түрде тұрақты сипатқа ие;
- үшіншіден, негізгі еңбек ақыға қарағанда, сыйақы әртүрлі көздерден (өзіндік құн, пайда есебінен құралған көтермелеу қоры, материалдық ресурстарды үнемдеу есебінен) құралады;
- төртіншіден, негізгі еңбек ақымен салыстырғанда сыйақы жоғарғы органдар тарапынан көп реттеле бермейді.
Бұдан өзге, біздің ойымызша, сыйақыны тек ынталандыру құралы ретінде ғана емес, технологиялық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту құралы ретінде де пайдалану керек [7, 145].
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
Ұйым жұмысшыларына еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйесін анықтау;
Ұйым жұмысшылары мен мамандарының қол жеткізген нәтижелеріне төленетін қосымша ақының критерийлері мен мөлшерін белгілеу;
Қызметкерлер мен мамандардың қызметтік окладтары жүйесін белгілеу;
Қызметкерлерге сыйақы беру жүйесі мен көрсеткіштерін негіздеу.
Еңбекақыны мемлекеттік реттеу қамтиды:
Қазақстан Республикасында еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеу және өзгерту заңдылықтары;
Ұйымның еңбек ақы төлеуге бағытталған қаражаттарын, жеке тұлғалардың табыстарын салықтық реттеу;
Аудандық коэффициенттер мен үстемелік пайыздарды бекіту;
Еңбекақы жөніндегі мемлекеттік кепілді бекіту.
Еңбекақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал етеді. Еңбекақы оның көлемі мен динамикасы не нәрсеге тәуелді, еңбекақыға бәсекенің жетілген, жетілмеген түрі қалай ықпал ететіндігін осы тақырыпты зерттеу барысында көз жеткізуге болады.
Еңбекақының мәні. Экономикалық екі тұжырымдама бар. Оның бірі еңбекақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның көлемі мен динамикасы нарықтың негізгі факторлары – сұраныс және ұсыныспен анықталады. екіншісі еңбекақы жұмыс күші – тауардың құнының ақшалай көрінісі, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды.
Еңбекақы өндіріс жағдайымен де (жұмыс күшінің құны), нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады да олардың ауытқуы еңбекақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Еңбекақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономикасының классиктері теорияларына негізделген еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе “табиғи еңбекақы”) “тауар”, - деп есептейді. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. “
Табиғи еңбекақы” деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Еңбекақы мөлшері жұмысшының тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа еңбекақы тарихи және рухани элементтерді қамтиды, осымен байланысты Смит еңбекақы мөлшерінің ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді. Еңбекақы дәрежесінің төмендігін және оның тіршілік минимумына өте жақын болу себебін, жұмысшы табының ұйымшылдығының жоқтығымен байланыстырды [7, 86].
Еңбекақы динамикасын экономика жағдайымен байланыстырды. Экономикалық өрлеу жағдайында еңбекке деген сұраныс өседі де нарықтық еңбекақы “табиғи еңбекақыдан” жоғары болады.
Еңбекақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сәйкес күнкөріс заттарының минимумына ұмтылады. Осыған орай еңбекақының тұрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: еңбекақының өсуі жұмысшының отбасында табиғи өсімді көтермелейді де, еңбекке деген ұсыныстың өсуі еңбекақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, еңбекақының төмендеуі жұмысшылар саны мен еңбекке ұсыныстың қысқаруына, тиісінше еңбекақының өсуіне әсер етеді.
онымен, еңбекке деген ұсыныстың ауытқу ықпалымен еңбекақы тұрақтылық мөлшеріне күнкөріс заттарының физикалық минимумына ұмтылады. Еңбекақы жұмысшының, оның отбасының күнкөріс заттарының физикалық минимумы деген түсінік, еңбекақының “темірдей қатты заңының” негізін қалады.
Маркстік тұжырымдамаға сәйкес еңбекақы еңбек бағасы емес, өйткені еңбек тауар емес, олай болса оның құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады, ал еңбекақы осы тауардың бағасы, яғни оның құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы еңбекақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің құнын алады. Еңбекақының экономикалық мазмұны мынада, осы табыс арқылы өндірістің жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық және рухани қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге асырылады. Жұмыс күшінің құны мен еңбекақы күнкөріс заттарының физикалық минимумымен емес, күнделікті қажетті тұтыну заттарының құнымен анықталады деді.
Еңбекақының мөлшері жұмыс күшінің әсер ететін еңбек өнімділігіне, еңбектің қарқындылығына, еңбектің күрделілігіне тәуелді. Еңбекақы сондай-ақ коньюнктуралы еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді. Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болғанда жұмыс күшінің құнына тең еңбекақы белгіленеді.
Еңбекақы еңбек бағасы бұл – жұмысшы еңбекақыны өз еңбегін шығындағаннан кейін алады, еңбекақы мөлшері еңбектің әрекет ету ұзақтығына тәуелді, бірдей жұмыс атқаратын жұмысшылардың еңбекақысында жекелей айырмашылық орын алады. Еңбек түгелдей төленген болып көрінеді. Сондықтан да пролетарлық саяси экономикада еңбекақыны жұмыс күші құнының өзгерген нысаны, шындығында жұмыс күшінің бағасы деп көрсетеді.
Қазіргі батыстық экономика ғылымында еңбекақыны еңбек бағасы деген көзқарас орын алуда. “Еңбекақы нарықтық бағаның маңызды категориясы, өйткені ол еңбек бағасы” деп жазды жаңа классиктер еңбекақының дәрежесі мен динамикасын нарықтық факторлар деп түсіндірді [8, 103].
Номиналды және нақты еңбекақыны ажырата білу керек. Номиналды еңбекақы ақшаға шығарып берілетін еңбекақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Номиналды еңбекақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол тұтыну мен халық тұрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты еңбекақыны білу қажет.
Нақты еңбекақы жұмысшының күнелтуіне қажетті заттарға шағылған еңбекақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты еңбекақының дәрежесі тікелей номиналды еңбекақыға және тұтыну заттары мен қызмет көрсету бағасына тәуелді.
Еңбекақы негізгі екі нысанда мерзімді және келісімді түрде орын алады. Мерзімді еңбекақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады, сондықтан ол күндік, апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығы әр қилы болғанда, нақты еңбек ақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін еңбекақы алатын жұмысшылардың еңбек ақы дәрежесін салыстыру үшін “еңбек бағасын”, яғни бір сағаттық еңбек ақысын анықтау қажет.
Еңбекақының мерзімдік, нысаны кәсіпкерге жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек қарқындылығын белгілеу мүмкіндігіне ие болады. Кесімді еңбекақы жұмысшының еңбекақысы шығарылған өнім санына тәуелді. Еңбекақының бұл нысаны мерзімді еңбекақымен байланысты, өйткені бір өлшем өнімнің бағасы мерзімді еңбекақыны өндірілген, өнім санына бөлу арқылы анықталады.
Кесімді еңбекақының мөлшері бір өлшем өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Кесімді еңбекақының ерекшелігі, еңбектің саны мен сапасы өндіргіш өнім арқылы байқалып, өлшенеді. Ол еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүдделендіреді, жұмысшылар арасындағы еңбекақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының маңыздылығын күшейтіп, жұмысшылар арасындағы бәсекені ұлғайтады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде еңбекақының негізгі нысандарымен бірге жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған еңбекақы төлеудің басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге кесімді-прогрессивті, кесімді көтерме, көп факторлы т.б. жатады. Еңбекақының мөлшері жұмысшының еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану коэффициенті т.б. көрсеткіштеріне тәуелді.
Әр саладағы еңбеккерлердің еңбек ақысында айырмашылық бар. Белгілі бір кезеңде экономика жағдайына байланысты да еңбекақы өзгеріп отырады. Өнеркәсібі дамыған елдерде номиналды еңбекақының өсу үрдісі байқалады. Нақты еңбекақының динамикасы күрделі, өйткені ол тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің баға динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде төмен ылғи өзгерісте болып отырады. Көпшілік адамдар үшін еңбекақы табыстың көзі, әрі тұрмыс дәрежесінің көрсеткіші болғандықтан, оның мөлшері мен динамикасы адамдардың ең бір мүдделі мәселесі [9, 97].
Еңбекақы өндіріс жағдайы мен нарықтық конъюнктураға да тәуелді. Еңбекақы дәрежесіндегі айырмашылық ең алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады. Экономикасы дамыған елдердегі жоғары еңбекақы өндіріс пен еңбек өнімділігі саласындағы жетістіктерге байланысты, өйткені алдын ала өндірілгенді ғана бөлуге болады.
Еңбекақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күштерінің саны мен сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру жатады. Осы факторлардың өзара байланысты әрекет етуі еңбек өнімділігін сипаттайды. өндірісі мен еңбек өнімділігі жоғары елдерде еңбекақының дәрежесі де жоғары. Еңбекақы дәрежесі мен динамикасын талдауда нарықтық категориялар – сұраныс пен ұсыныс, олардың бәсекелік күрес ықпалымен ауытқуы неліктен маңызды?
Нарық, сұраныс пен ұсыныс бүкіл өндірістік шығындардың дәрежесін көрсететін объективті экономикалық тетік, ол бүкіл тауарлар өндірісі, оның ішінде жұмыс күші шығындарын анықтаушы. Мұны көрсететін баға. Тұтыну тауарларына баға қоюдың нарықтық тетігі жұмыс күшін ұдайы өндіруді ынталандырады, сөйтіп осы тауардың бағасы еңбекақыға ықпал етеді. Еңбекақының дәрежесі мен динамикасын анықтаудың экономикалық тетігі, сұраныс пен ұсыныс еңбекақыға қалай ықпал ететіндігін еңбек нарығындағы жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайын талдау арқылы қол жеткізуге болады.
Еңбек нарығы нарықтың бір түрі, онда бәсеке жетілмеген сипатта болады. Алайда теориялық талдау құбылыстарды “таза” күйінде зерттеуді, байланыстар мен тәуелділіктерді мүмкіндігінше дәл анықтауды ұсынады. Жетілген бәсеке жұмыс күшін сатып алу, сатудың шарты толық, абсолютті тепе-теңдікте болғанда орын алады. Еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне сай болмауы еңбекақы мөлшерінің тепе-теңдік нүктесінен бірде жоғары бірде төмен ауытқуын көрсетеді. Осы жағдайдың өзінде еңбекақы әр түрлі болады, өйткені өндіріс жағдайларының айырмашылығымен байланысты еңбекке деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы түрліше болады.
Еңбекке деген сұраныс дәрежесі еңбектің шектеулі өнім көлемінен, сол сияқты өндірістің басқа факторларының шектеулі өнімі мен оның бағасына тәуелді. Басқа сөзбен айтқанда еңбекке сұраныс мөлшері көптеген факторларға тәуелді. Олар – табиғи ресурстардың көлемі, қызмет етуші капитал көлемі, техникалық білім мен өндіріс технологиясының дәрежесі, еңбекті ұйымдастыру т.б. Бұдан басқа жұмыс күшіне сұраныс, экономиканың өрлеу немесе тоқырау жағдайында бөлу жәйімен байланысты [10, 161].
Еңбекақының мөлшері мен динамикасына еңбекке деген ұсыныс ерекше ықпал етеді. Жұмыс күшін сату оның иесінің өмірлік тіршілігінің бірден-бір көзі. Сондықтан жұмыс күшін сатушылардың арасында өткір бәсеке күресі орын алады. Еңбекке деген ұсыныс халықтың жалпы саны жұмыссыздар саны, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбектің сапасы (қарқындылығы мен өнімділігі) сияқты көрсеткіштермен анықталады.
Еңбекке деген сұранысқа ықпал ететін көрсеткіш: жұмыс күнінің ұзақтығы, ол еңбек қарқындылығының артуымен ұзарады және белгіленген жұмыс уақытынан асса, еңбекке ұсыныс та артады, бірақ одан жұмысқа қамту дәрежесі өспейді. Еңбекке сұраныс осындай дәрежеде болғанда, оған деген ұсыныс еңбекақының төмендеуіне ықпал етеді. Еңбекақы мөлшері еңбектің сапасына, мамандық және кәсіптік дайындығына тәуелді. Бұл еңбекақы оларды оқыту, дайындау үшін жинақталған байлықтан алынады, көп еңбек сіңіріледі, ал еңбекақы осы шығындардың орнын толтыруы қажет.
Кейбір жұмыс түрлері адам үшін тартымсыз болуы мүмкін, алайда еңбекақы қоғамға пайдалы осындай тартымсыз жұмысқа ынталандырады. Осындай еңбектің орнын толтыру қажеттігінен туындайтын еңбекақыдағы “айырмашылықты” “теңестіруші айырмашылық” деп атайды.
Еңбек сипаты мен еңбек мөлшерінде “теңестіруші айырмашылық” типіне жатпайтын айырмашылықтар болады. Мұндай айырмашылықтар объективті сапалы ерекшеліктерден, адамның қабілеті, талантынан туындайды. Мұндай топтағы еңбекақы мөлшері де әр түрлі болады, аса талантты адамдардың табысында рента элементтері орын алады.
Еңбекақы мөлшеріндегі алшақтық объективті құбылыс, өйткені қызметкерлердің кәсіптік құрамы мен әр түрлі мамандықтағы жұмысшы топтарының еңбек нарығындағы қозғалысы әр қилы. Еңбекақы мөлшерінің айырмашылығының ауқымын нарықтық тетік, еңбектің түрлеріне деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы анықтайды. Нарықтық экономика жағдайында әрбір еңбек категориясына жиынтық сұраныс, бәсекеден туындайтын осы еңбек категориясының ұсынысына тең болады. Еңбекақыны құрудың объективті нарықтық тетігі осындай тұрақты факторлардың ықпалында болады, сонымен бірге әрбір категориядағы жұмысшының еңбекақысы жеткен дәрежесінен ауытқып отырады. Еңбек нарығы мен еңбекақы дәрежесі тек бәсеке арқылы ғана емес, монополия элементтерімен де реттеледі.
Еңбек нарығы нарықтың ең бір жетілмеген түріне жатады, өйткені мұнда бәсекенің әр қилы тежеушілері әрекет етеді. Бұған мынадай факторлар, атап айтқанда, бос жұмыс орны мен мөлшері туралы жұмысшының хабарсыз болуы немесе осы хабардың жеткіліксіз болуы, жұмыс күшін жалдау мәселелері туралы заң актілерінің шектеулілігі, еңбекақы саласындағы фирма саясаты жатады. Еңбекақының дәрежесі мен динамикасына жұмысшы қозғалысы, ұйымдасқан кәсіподақтар қатты ықпал етеді.
Кәсіподақтар жұмыс күші нарығын реттеудің субъектісі. Еңбекшілердің экономикалық мүддесін қорғаумен байланысты кәсіподақтардың алдындағы маңызды міндеттердің бірі жұмыс күшін сатушы жұмысшылардың арасындағы бәсеке күресін жою немесе шектеу болып табылады. Кәсіподақтардың қызметі еңбекақы мөлшерін көтеру, жұмыс күнінің ұзақтығын қысқарту, еңбек жағдайын жақсарту, зейнетақымен қамтамасыз ету, басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысу.
Еңбек нарығы мемлекет тарапынан реттеліп отырады. Реттеу маңызды нарықтық факторларға – жұмыс күшіне, сұраныс пен ұсыныс, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбекке жалдау және жұмыстан босату тәртібіне, бағаның өзгеруімен еңбекақыны индекстеуге таралады. Өнеркәсібі дамыған елдердің заңы өндірістегі көне қауіпті жайттардан жалдамалы еңбекті міндетті түрде қамтамасыздандыру, денсаулығының кемуінен қамсыздандыру, қартаюымен байланысты қамсыздандыру сияқты әлеуметтік мәселелерді қамтиды [11, 117б].
Кәсіпорындарда әлеуметтік қорлар жасалады, оның есебінен қызметкерлердің еңбегінің тиімділігін арттыруүшін мүдделендіру жүзеге асырылады. өндірісте жақсы нәтижеге жеткен жұмысшылар мен қызметкерлер еңбегін бағалаудың әр қилы шаралары бар. Бұл ең алдымен сыйлықтар. Жасы ұлғайғандарға беретін зейнетақы мөлшері еңбекақының мөлшеріне тәуелді. Жасының ұлғаюы, кездейсоқ бақытсыздыққа ұшырау, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалумен байланысты жәрдемақы еңбекақыдан салық төлеу жолымен құралады.
Әлеуметтік қамсыздандыру қорының тағы бір көзі кәсіпкерге табысы үшін салынатын салық. Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік бағдарламасы халықтың табысын еңбекақы мен пайдадан түсетін салық арқылы қайта бөлу есебінен белгіленеді. Ол қаржы мемлекеттің бюджетінде жинақталады, кейін халықтың тұрмыс тіршілігі ауыр халдегі топтарына жұмсалады.
Нарықтың ұстанымдарын енгізу және ұлттық экономиканың қалыптасуы келешекте әлеуметтік-еңбек қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары қабылданған заң актілері қазіргі жағдайда қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жағдайларымен ұстанымдарын ырықтандыру үшін қажетті алғышарттар құрады.
Мемлекет өз құзыретінде бір қатар реттейтін функцияларды қалдырумен, жалақыны ұйымдастыруда негізгі мәсеелелерді мекемелер деңгейіне жіберді. «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңын қабылдаумен әртүрлі келісімдер мен ұжымдық келісім-шарттар жасасу негізінде еңбекақыны реттеуде, ұжымдық-шарттық ұстанымдардың жан-жақты дамуы үшін қажетті ұйымдастыру жағдайлары құрылды.
Қазіргі уақытта республикада еңбек бойынша 138 типтік нормативтер, сонымен қатар, Мемлекеттік жұмыс сыныптауышы жұмыс істейді. Еңбекақы төлеу және еңбекті мөлшерлеу мәселелері Еңбек кодексінің жобасында орын алды. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларында ең аз еңбекақы мөлшері және мемлекеттік бюджетке қарасты мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен көтерілуіне ерекше незар аударылады. Осы бағытта Үкіметтің және басқа да ведомстволардың елді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша түрлі бағдарламалары әрекет етуде.
Еңбекақы өндіріс шығындарының бір бөлігі, сондықтан ақшалай еңбекақының мөлшерінің өзгеруі кәсіпорынның өндіріс шығындары мен пайдасының мөлшеріне ықпал етеді. Тұтынушылар табысының басым бөлігін құрай отырып, жалпы тұтыну тауарларының сұраныс көлемі мен осы тауарлардың баға дәрежесіне ықпал етеді [12, 136].
Міне осыдан келіп, еңбекақы мөлшерлемесіндегі номиналды еңбекақының өсуі бағаның инфляциялық өсуіне және нақты еңбекақының төмендеуіне әкеліп соғады. Еңбекақыны өсірудің материалдық негізі өндірісті дамыту, еңбек өнімділігі мен ұлттық табысты арттыру.
1.3 Материалдық ресурстардың экономикалық мазмұны және маңызы
Нарықтық экономика кезінде меншіктіктің көп түрлілігіне сәйкес, экономиканы басқаруда мекеме құқығының кеңеюі, өндірістің салалық ерекшелігі талап етеді: өндірістік қорлар есебін жүргізуде әр түрлі сұрақтарды шешуде техника және тәсілдердің балама және көп нұсқалы тәсілдері қажет.
Материалдық ресурстар (шикізат, материалдар, жанармай және т.б.) дайын өнім алу мақсатымен адам еңбегіне бағытталған заттар болып табылады. Өндірістік жағдайда өзінің түрін сақтайтын және өнімге бірқалыпты құнын аударатын еңбек заттары болып табылады. Еңбек құралдарымен салыстырғанда, еңбек заты бүтіндей қолданылады және өзінің құнын сол өнімге толығымен аударады және әрбір өндірістік циклдан кейін алмастырылады. Өндірісте тауарлық-материалдық құндылықтарды пайдаланудың біртіндеп жоғарлауы өндірістің кеңеюін, өнім өзіндік құнындағы материалдық шығындардың және ресурсқа бағаның өсуін көрсетеді. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік қорларды тиімді пайдалану көрсеткіштеріне өнімнің өзіндік құнына материалдық шығындарды төмендету, үнемдеу, сапаны жақсарту сияқты факторлар маңызды орын алады [14, б.125].
Ұйымдарда материалдық ресурстарға байланысты алғашқы құжаттардың рәсімделуін реттеу, типтік үлестірілген формаларды кеңінен енгізу, есептік-талдамалық жұмыстарды автоматтандыру және механикалан-дыру деңгейін кеңейту, шикізаттар мен материалдар, топтамалық заттарды сақтау, қабылдау және жұмсаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ете отырып, ерекше, тапшы және қымбат тұратын материалды беру құжаттарына қол қоятын лауазымды тұлғалардың санын шектеу арқылы өндірісті қажетті ресурстармен жабдықтауды жақсартуға болады. Өндірістік қорлардың сақталуын, дұрыс қабылдануын, сондай-ақ құндылықтарды өндіріске жіберуді қамтамасыз ету үшін, ұйым жеткілікті мөлшерде қойма, өлшейтін және өлшеуіш приборлар, ыдыстық заттар және басқа да жабдықтармен жабдықталуы керек. Материалдық ресурстарды нормаға сәйкес жұмсалуына және норманың сақталуына, сонымен қатар өндірісте жартылай фабрикаттың, бөлшектердің қозғалысының жедел есебінің анықтығын және нақтылығын жетілдіруге көп көңіл бөлу керек. Сондықтан кәсіпорынның мәліметтері өнімнің өзіндік құны құрамындағы материалдық шығындарды төмендетуге байланысты резервтерді анықтау үшін, шығын нормасын төмендету және сақтауда тұрған материалдар туралы толық ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет [14, б.126].
Материалдық ресурстар субъектінің айналым капиталының негізгі бөлігі болып табылады. Өндіріс үрдісінде бір-ақ рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын өндірістік қорлардың алатын орны өте зор. Сонымен қатар түрін өзгертіп, жаңа өнімнің материалдық негізін құрай отырып олар осы үрдісте толығымен тұтынылады. Тауарлық-материалдық қорлар баланста материалдар, дайын өнімдер, тауарлар және аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынандай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі және қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығыдар да жатады.
Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының көп бөлігі еңбек заттарының құныннан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдық ресуртарды жіктеу көптеген белгілері бойынша жүргізіледі. Жалпы жіктеу топтаудың біртектес белгілерін көрсетеді. Ең жалпы жіктеудің белгісі – ол материалдардың функционалдық рөлі бойынша жіктеу болып табылады, яғни негізгі өнідірістегі материалдар, аяқталмаған өндірісітегі материалдар және дайын өнім түріндегі материалдар. Материалдар кәсіпорынның қоймасында болады және шығысталуы бойынша өндіріс үрдісіннің үзіліссіз болуын қамтамасыз ету үшін жаңаларымен толықтырылып отырады, сонымен қатар материалдар өнім шығаратын кәсіпорындарда - өндіріс қорлары болып табылады. Аяқталмаған өндіріс - әр түрлі дайындау сатыларындағы қорларды айтады. Дайын өнім – сатып алушыларға сатуға, өткізуге арналған қорларды жатқызамыз және ол күнделікті тиеліп жіберіледі де оның орнына жаңасы келіп түсіп отырады, яғни тұтынушыларға жіберуге арналған.
2 “Қорлар” ХҚЕС-на сәйкес материалдық ресурстарға төмендегілер жатқызылады:
а) өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтер атқаруға ар-налған шикізат қоры, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер, жанар май, өнім салатын ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар түріндегі активтер;
б) аяқталмаған өндіріс, жұмыстар мен қызметтер атқару;
в) субъектінің қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауар-лар.
Материалдық ресурстарды есепке алу үшін мына төмендегі негізгі міндеттердің орындалуы шарт:
- босалқылардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау;
- босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және уақытында құжаттау;
- көлік дайындау шығындары (көлікті дайындау шығындары) мен дайын-далған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау;
- көлік-дайындау шығынын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау;
- сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы тұралы дәл мәліметтерді алу;
- олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
- өндіріске жұмсалу нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және олар-ды сату;
- өндірісте материалдарды пайдалануды жүйелі түрде бақылау;
- өндірістік қорлар бойынша субъектінің есеп саясатын қадағалау мен дұрыс құрылуын бақылау.
Өндіріс барысындағы функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгілер-дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн) құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, жеілім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.
Бірақ материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған өндірістік қорлардың санына, технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.
Өндіріс үрдісінде өндірістік қорлар үш топқа бөлінеді және бөлек пайдаланылады:
1) толығымен тұтынылады – шикізат, материалдар;
2) нысанын өзгертеді – майлау материалдары, сырлар;
3) бұйымға өзгеріссіз кіреді – қосалқы бөлшектер, құрастырушы бұйымдар
Материалдық ресурстарды бағалау кезiнде, оларды не неғұрлым арзан өзiндiк құнымен, не таза құнымен бағалайды. Қолда бар өндірістік қорларды бүлiнуi немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескiруi немесе олардың бағасының төмендеуi, яғни бiр сөзбен айтқанда, өзiндiк құнның орнына сату (өткiзу) бағасын пайдаланады. Шикiзат, материалдар, сатып алынған жартылай шикiзаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдар баланста олардың нақты өзiндiк құнымен көрсетiледi. Егер ұйымдар өндірістік қорларды келiсiмдi бағамен есепке алса, онда олардың нақты құны материалдардың осы бағалар бойынша құнына және көлікті дайындау шығындарының қосындысына тең болады. көлікті дайындау шығындары құрамына темiржол тарифi, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлiк түрлерi арқылы тасымалдау түрiнде, жарналардың барлық түрi кiредi; жабдықтаушылардың темiржол және басқа көлiк мекемелерiнiң қоймаларынан материалдарды жеткiзу; қорларды алу және дайындауға байланысты iссапарлардың шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерiнiң еңбек ақысынан басқа тиеу, түсiру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар, және босалқыларды алумен тiкелей байланысты басқа шығындар жатады. Артық төленген тарифтiк сомалардың қайтарылуы мен басқа түзетулер көлікті дайындау шығындарының сомасынан шығарылады.
Кез келген кәсіпорындарда материалдық қорлардың ерекше нысаны бар, оларға:
- шарушылық және өндірістік инвентарь;
- пайдалану мерзімі бір жылдан кем арнайы киім, арнайы аяқ киім.
Экономикалық табиғатына байланысты олар еңбек құралдары болып табылады, бірақ есепті жеңілдету мақсатында, олар айналым құралдарына теңестіріледі және өндірістік қорлардың ерекше тобын құрайды.
Осы жіктелінген топтарының ішінде субъекті өндірістік қызметтің өндірістік қорларының қозғалысы мен кірістелуінің қалдықтары бойынша есеп беру құрылады.
Материалдық ресурстарды сатып алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, сыртан әкелуге салынған баж салығы, жабдықтаушы және делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы, көліктік-дайындау шығындары және қорлады сатып алуға тікелей байланысты басқа да шығындар кіреді. Сауда жеңілдіктері, артық төленген соманы қайтару және осыған ұқсас басқа түзетулер сатып алуға кеткен шығындарды анықтау кезінде шегеріледі [15, б.226].
Субъект материалдарды келісімді бағасымен есепке алса, онда олардың нақты өзіндік құнына көліктік-дайындау шығындары қосыуы мүмкін. Көліктік-дайындау шығындары құрамына теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да кµлік түрлері арқылы тасымалдау түрінде жарналардың барлық түрлері кіреді; жабдықтаушылардың теміржол жєне басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу; қорларды алу және дайындауға байланысты іс-сапардың шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындары; жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар жєне босалқыларды алумен тікелей байланысты басқа шығындар жатады.
Материалдарды қайта өңдеуге (жұмыстарды, қызметерді атқаруға) кеткен шығындарға өндіріс үрдісінде қолданылатын табиғи ресурстардың, шикізаттардың, материалдардың, отынның, энергияның, еңбек ресурстарының, негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының құны, сондай-ақ өнім (жұмыстар, қызметер) өндіру бірлігімен тікелей байланысты, өндіріс технологиясының және ұйымдастырудың шарты болып табылатын басқа да шығындар кіреді және бұлар өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өндірістік өзіндік құны болып табылады.
2 ХҚЕС бойынша тауарлы - материалдық қорлардың өзіндік құны бағалау мына әдістердің бірімен жүргізіледі:
ерекше ұқсастыру әдісі;
орташа өлшем бағасы;
ФИФО.
Ерекше ұқсастыру әдісі. Ерекше ұқсастыру әдісі әдетте бірін-бірі алмастырмайтын тауарлы-материалдық қорлар бірлігінің жєне арнаулы жобалар немесе соларға арналған тауарлардың яки қызметтердің өзіндік құнын есептеуді көздейді. Бұл әдіс арнайы жобаларға арналған бұйымдар, тауарлар мен қызметтерді көрсетуге арналған. Арнайы идентификацияланған шығындар, бұл арнайы шығындардың белгілі қорлар баптарына жатқызылатындығын көрсетеді. Ерекше ұқсастыру әдісі бойынша әртүрлі келісім шарт негізінде алынған қорлардың құны жеке тізімге алынады. Бұл әдіс әдетте қор бірлігінің құны едәуір көбірек, ал тауар саны азырақ болған жағдайда қолданылады. Сонымен, тәжірибеде бұл әдіс қымбат дара тауарлармен сауда жасайтын компанияларда қолданылады, ал басқа қалған жағдайларда ол әдісті қолдану қиыншылыққа соғады, себебі қай қор сатылғанын анықтау мүмкін емес болып табылады. Ерекше ұқсастыру әдісі қор баптарының көлемі көп болғанда, яғни бірін-бірінің орнын ауыстыратын қорларда қолданылмайды.
Қоймадағы қалдық, мысалы 1 мамырдағы саны 300 данадан тұрды делiк, әрқайсысы 20 теңгеден болғанда 6000 теңге, бiрiншi партиядан 100 данасы 21 теңгеден 2100 теңге, үшiншi партиядан 300 дана 20 теңгеден 6000 теңге және 200 дана төртiншi партиядан 22 теңгеден 4400 теңге қойылды делiк. Сонда қалдықтың жалпы құны 18500 теңге (6000+2100+6000+4400) құрайды. Ай бойындағы материалдар шығындарының құны-29000 теңге (47500-18500).
Орташа өлшем бағасы әдісі. Өндірістік қорлардың орташа алынған құны есепті кезеңнің басында болған немесе осы кезең ішінде сатып алынған немесе өндірілген осындай бірліктің орташа құнын анықтау арқылы есептеледі.
Қорлардың өзіндік құны осы мерзім ішінде өндірілген немесе сатып алынған және есепті мерзімнің бастапқы бірліктерінің орташа құнын анықтаумен есептелінеді.
Нақтырақ айтқанда - бұл қор бірлігінің орташаланған құны. Қорлардың орташа мәні әр бір қосымша кіріс алынған сайын есептелуі мүмкін. Бiздiң мысалымызда, материал бiрлiгiнiң орташа құны 20 теңге 65 тиын (47500:2300) болады: материалдардың ай бойындағы шығындары 28913 теңге (2300-900=1400; 1400х20-65); қалдық 18587 теңге (900х20-65).
Қорларды бағалауға әртүрлi әдiстер қолдану арқылы алынған мәлiметтердi салыстырып, оның көрсеткішін төмендегі 2 кесте арқылы көрсетуге болады.
Кесте 2
Өндірістік қорларды бағалаудың әдiстерi
Көрсеткiштер
|
Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдiсi
|
Орташа өлшем бағасы әдiсi
|
“ФИФО”
|
Данасы (саны)
|
1400
|
1400
|
1400
|
Құны, теңге
|
29000
|
28910
|
28800
|
Ай соңындағы қалдығы: данасы
|
900
|
900
|
900
|
Құны, теңге
|
18500
|
18585
|
18700
|
Е С К Е Р Т У -Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің каржылық есептеіліктер мәліметтерінен алынды
|
ФИФО әдісі. Өндірістік қорларды ФИФО әдісімен бағалау кезінде бірінші болып сатып алынған немесе өндірілген қорлардың құнын бірінші кезекте есептен шығару көзделеді. Сондықтан кезең соңындағы қорлардың құны соңғы кірістелген қорлардың құны бойынша анықталады. Яғни, бұл әдіс бірінші сатылып алынған бірінші сатылады және осыған сәйкес мерзім соңында қалған қорлар кешірек алынған немесе өндірілген болып табылады.
Бұл әдісті қолданудың қорытындысы болып, яғни соңғы қорлардың құны олардың нарывқтық құнына жақын, ал өткізілген қорлардың өзіндік құны төмендетіледі, демек бұл таза табыстың максималды мағынасына алып келеді. Әсіресе бұл бағаның өскен мерзімінде белгілі болады, және бұл әдіс таза пайданың мүмкін болатын деңгейінен аса жоғары дєрежесін көрсеткенде белгілі болады [16, б.282].
ФИФО әдісінің кемшілігі, ол табыс көрсеткішіне экономикалық даму цикілінің әсерін ұлғайтады. Негізінде ФИФО әдісі тұрақты баға жєне қорлардың бір өндірістік операциялық цикілінің айналымдылық жылдамдығы жоғары болған жағдайда пайдаланылады.
Бiздiң мысалымызда, ай соңындағы босалқы қорлардың 900 дана қалдығы мына төмендегi мәлiметтер бойынша бағаланған: төртiншi партиядан 200 дана 22 теңгеден 4400 теңге, үшiншi партиядан 600 дана 20 теңгеден 12000 теңге, екiншi партиядан 100 дана 23 теңгеден 2300, барлығы 18700 теңге болады. 1400 дана (2300-900) қорлардың шығыны болып 28800 теңгеге бағаланады. (47500-18700).
Біз зерттеу жүргізген «Пана-1» ЖШС-нің мәліметтеріне байланысты өндірістік қорларды есептеу орташа алынған құн әдісі бойынша жүргізіледі.
Өндірістік қорлар мен көлікті дайындау шығындарының сомасын бағалау тiкелей сатылған өнiмiнiң өзiндiк құны арқылы жалпы табыс салығы көлемiне де әсерiн тигiзедi. Сондықтан материалдық қорларды бағалаудың дұрыстығын салық органдары тексерiп отырады.
Осы жоғарыда келтірілген әдістердің артықшылығы мен кемшілігін төмендегі 3 кестеден көре аламыз.
Кесте 3
Материалдық қорларды бағалау әдістерінің артықшылығы мен кемшілігі
Әдістер
|
Артықшылығы
|
Кемшілігі
|
ФИФО
|
Мерзім соңына қорларды шынайы бағалау
|
Пайданы потенциалды көбейтеді (әсіресе баға өскен мерзімде) және ескірген өндірістік шығындарға әкеледі Қорларды есепке алудың қиындылығы
|
Орташа өлшем бағасы
|
Қолдануға жеңіл
|
Дәл мағынаны көрсетпейтін өндірістік шығындар мен қорларды бағалау
|
Ерекше ұқсастыру әдісі
|
Өндірістік шығындармен қорларды дәл бағалау
|
Бірақ, тек өткен мерзімдерге байланысты. Қорларды есепке алудың қиындылығы
|
НИФО
|
Өндірістік шығындар мен қорлардың дәл бағалауын жүргізеді
|
Материалдарды жіберудің әрбір жағдайына келесі сатып алулардың бағасын анықтау кезінде көп күшті талап етеді. Түсімдердің құны мен жіберудің құнын әрдайым теңестіруді талап етеді
|
Нормативті құн
|
Құндарды тізімге алудың қажеттілігі жоқ. Қорларды есепке алудың жеңілдетеді.
|
Ағымдағы құнды көрсетпейді және қорларды бағалау дәл болмауы мүмкін.
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері [16, б.122] әдебиеттен пайдаланылған
|
Жоғарыда көрсетілген әдістерден басқа халықаралық тәжірибеде мынадай әдістер кездеседі:
Стандартты баға әдісі. Стандартты баға - нормативті өзіндік құн өндіріске жіберілетін материалдар олардың стандартты бағасы бойынша бағаланады. Нақты және нормативті баға арасындағы айырмашылық бөлек шотта жинақталады.
Компания қорларды бағалаудың әр түрлі әдістерін таңдауға мүмкіндігі бар. Бірақ, әдіс таңдалып алынғаннан кейін жылдан жылға осы әдіс қолданылуы керек.
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТАЛДАУЫ
2.1 Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін талдау
Нарықтық қатынастар жағдайында тек кәсіпорын деңгейінде ғана қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қажетті қызметтер көрсетіледі. Кәсіпорында анағұрлым білікті мамандар шоғырланған. Осы кәсіпорында жоғары өнімді техника мен технологияны пайдалану, ресурстарды үнемді жұмсау мәселелері шешіледі. Тек кәсіпорында өндіріс шығындарын минимумға жеткізу мен өнімді өткізу жүзеге асырылады; бизнес-жоспар өңделіп, маркетинг қолданылады, тиімді пайлану – менеджмент жүзеге асырылады.
«Пана-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (осыдан әрі “серіктестік”) өз қызметін 22.04.1998 ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, басқа да нормативтік – құқықтық актілері және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырады және шағын кәсіпкерлік нысаны болып табылады.
Серіктестік өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс шығару болып табылады.
Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін атқарады:
өндіріске және азаматтыққа арналған объектілерді құрылыс және жөндеу;
су шаруашлыққа арналған құрылыс және жөндеу;
көлік жолдарының құрылысы және жөндеу;
жылу энергетикалық шаруашылық объектілердің құрылысы және жөндеу;
сыртқы және ішкі инженерлік телекоммуникациялық құрылыс және жөндеу;
электр жүйелерінің құрылысы және жөндеу;
жобалық-сметалық құжаттарды зерттеу;
мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларының құрылысы және жөндеу;
маркетингтік және брокерлік қызмет;
сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заң актілерімен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлері.
Осы мезгіл ішінде біздің серіктестік облыстық құрылыс объектілерін салуға белсене қатысып, өзін тек жақсы жақтарымен көрсете білді. Біздің мекемеде қуатты өндірістік базы және техникалық құрам бар. Серіктестіктің орналасқан жері Қызылорда қаласы, А.Бөкейхан көшесі, н/ж.
Жалпы серіктестік құрылыс өнімінің жоғары сапасын және бәсекелесу қабілетін қамтамасыз ету үшін 2006 жылы компания басшылығы сапаның халықаралық стандарттарын енгізу туралы шешім қабылдады.
«Пана-1» серіктестігінің мақсаты - компанияның, клиенттердің және әріптестердің табысы мен бәсекелесу қабілетін қамтамасыз ететін құрылыс саласындағы жұмыс пен қызметтің ең үздік сапасы.
Серіктестіктің қызмет түрлері: құрылыс бұйымдарын өндіру және сату, өндіру, өңдеу, коммерциялық-делдалдық қызмет, көпқабатты тұрғын үйлер салу, сыртқы экономикалық қызмет, басқа да қызметтер болып табылады.
Серіктестіктің мақсаты мен түрлері және қызметінің негізгі бағыттары:
- Ағаш ұсталық және қаңылтыр бұйымдарын жасау;
- Сантехникалық жұмыстарға шикізат дайындау;
- Жергілікті материалдардан шлакоблоктар дайындау;
- Бірқабатты және көпқабатты тұрғын үйлер салу;
- Тұрғын үйлерді, пәтерлер мен мәдени-тұрмыс объектілерін күрделі жөндеу;
- Балалар интернат үйіне, мешітке және бөбектер үйіне қайырымдылық көмек көрсету.
Осы қоғамның технико-экономикалық көрсеткіштеріне қарап, оның жалпы экономикалық жағдайын білуге, оларды сипаттауға болады. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәліметтерінің қайнар көзі болып жылдық есеп болып табылады. Мұндағы мәліметтер бойынша жылдық есепте өндіріс нәтижесі мен факторлары толық қарастырылып, талдау барысында әртүрлі нормативтік материалдарды пайдалана отырып өтімділік нормасы, жұмысшылардың тарифтік ставкасы негізгі қор амортизациясын есепке алады.
Кәсіпорынның жалпы табысы - өнімді өткізуден түскен түсімнен, сыртқа жасалатын өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес сипаттағы жұмыстарды өткізуден түскен түсім, негізгі өндірістік және қосалқы шаруашылық қызметтерден түскен түсімдерден құралады.
2011-2013 жылдардағы қызмет нәтижесінің жағдайын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер топтамасы берілген. Кәсіпорын осы жылдарда сәйкесінше өнімді өндіруден түскен түсім 2012 жылы 102447 мың теңгені құраса, 2013 жылы оның мөлшері 136597 мың теңгені құрады. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 34150 мың теңгеге, яғни 33,3 %-ға көбейді.
Өнімнің өзіндік құны көрсеткіші 2012 жылдың көрсеткішін 2013 жылмен салыстырғанда 11353 мың теңгеге көбейді, яғни шығын көлемінің ұлғаюына әсер ететін бірден-бір көрсеткіш өнімнің көлемі болып табылады.
Кезең барысында жұмысшылардың саны – 3 адамға көбейді. Бұл сәйкесінше еңбекақы қоры мен орташа айлық еңбекақы көрсеткіштеріне әсер етті.
Еңбекақы қоры көрсеткіші 2012 жылы 35283,45 мың теңгені көрсетсе, ал 2013 жылы 39716,6 мың теңгені көрсетуде. Олардың айырмасы +4433,15 мың теңгеге, пайыз бойынша 12,56 %-ға көбейді. Сол сияқты орташа айлық еңбекақысы да 3458 теңгеге көбейген.
«Пана-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кезең шығындары 2012 жыл бойынша 8928 мың теңге болса, 2013 жылы 20533 мың теңге. Олардың өзгерісі 11605 мың теңгеге тең. Дебиторлық қарыздары 2012 жылы 104434 мың теңге болса, 2013 жылы оның көрсеткіші 52193 мың теңгеге тең. Олардың өзгерісі – -52241 мың теңгені құрайды. Ал кредиторлық қарызы 2012 жылы 250289 мың теңгені құраған болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 181104 мың теңгені құрап отыр. Олардың ауытқуы - 69185 мың теңгеге азайып отыр. Оны пайызбен есептегенде 72,4 % көрсеткішті көрсетті.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштің бірі – қор қайтарымдылығы. Ол негізгі өндірістік қорларды пайдалануды қорытындылаудың көрсеткіші болып табылады.
Ол дайын өнімді өткізуден түскен түсімнің негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құнына қатынасы арқылы анықталады. 2012 жылының қор қайтарымдылығы 0,28 теңгеге, ал 2013 жылдың қор қайтарымдылығы 0,14 теңгеге тең. Олардың өзгерісі –0,14 теңгені құрайды.
Қор сыйымдылығы көрсеткішінің бір артықшылығы, оның алымын құрамдас бөліктер, жеке цехтар мен қондырғылар тобы бойынша жіктеуге болады.
Бұл әрбір өндірістік учаскеде техниканы пайдаланудың, қорларды пайдаланудың қорытындылау көрсеткішіне әсерін анықтауға мүмкіндік береді. 2012 жылының қор сыйымдылығы 3,6 теңгеге, ал 2013 жылдың қор сыйымдылығы 7,1 теңгеге тең. Олардың өзгерісі +3,5 теңгені құрайды.
Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерінің бірі таза табыс болып саналады. «Пана-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі таза табыс 2012 жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары сомаға тең, яғни 2012 жылы 1952 мың теңге пайда көрілген болса, 2013 жылы оның нақты залалы 14537 мың теңгені құрайды. Ол 2012 жыл көрсеткішінен 12585 мың теңгеге, ал пайыз бойынша 644,72 %-ға ауытқып отырғанын кестеден байқауға болады (4 кесте).
Серіктестік өз жұмысын кәсіби, сапалы әрі мерзімінде істеуге тырысады:
Еңбектің дұрыс, қауіпсіз жағдайларын қолдау әрі тұрақты жақсарту бойынша қызметті жүргізеді.
Компания клиенттері мен әріптестеріне сапаның тұрақты артуына кепілдік береді.
Клиенттер мен әріптестердің сұраныстарын үнемі анықтау процесін қолдайды.
Компанияның барлық учаскелерінде өндірістік мәселелерді шұғыл шешеді.
Жұмыс және жетілдіру көрсеткіштерін өлшеп, талдайды.
Компания өз қызметкерлеріне көбеюі қажет капитал ретінде қарайды. Ол өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ақша салады, өйткені олардан мынадай салаларда жоғары білікті болуын талап етеді:
- командамен бірге жұмыс жасау,
- мәселелерді шешу,
- байланыстар орнату,
- жақсартуды ұйымдастыру,
- тұтынушыны қанағаттандыру,
- басшылық ету және өндірісті басқару.
Кесте 4
«Пана-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау
Көрсеткіштері
|
Жылдар
|
Ауытқу 2013 жылды
2012 жылмен салыстырғанда
|
2011
|
2012
|
2013
|
+/-
|
%
|
Қызмет көрсетуден түскен табыс, мың теңге
|
377685
|
102447
|
136597
|
+34150
|
+33,33
|
Орындалған қызметіне кеткен шығыстар, мың теңге
|
352896
|
92316
|
103669
|
+11353
|
+12,3
|
Жалпы табыс, мың. тенге
|
24789
|
10131
|
32928
|
+22797
|
+225
|
Өзге табыстар, мың теңге
|
29755
|
7873
|
5910
|
-1963
|
-24,93
|
Кезең шығындары, мың теңге
|
31517
|
8928
|
20533
|
+11605
|
+129,98
|
Өзге шығындар, мың теңге
|
20527
|
7124
|
3769
|
-3355
|
-47,09
|
Таза пайда (зиян -), мың теңге
|
2000
|
1952
|
14537
|
+12585
|
+644,72
|
Жұмысшылар саны, адам
|
62
|
64
|
67
|
+3
|
+4,69
|
Еңбекақы қоры, мың теңге
|
31788
|
35283,45
|
39716,6
|
+4433,15
|
+12,56
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге
|
6091,7
|
1600,7
|
2038,8
|
+438,1
|
+27,4
|
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың. теңге
|
33665,5
|
28275,5
|
18686,5
|
-9589
|
-39,08
|
Орташа айлық еңбекақы, теңге
|
42726
|
45942
|
49400
|
+3458
|
+7,53
|
Қор қайтарымдылығы, теңге
|
0,09
|
0,28
|
0,14
|
-0,14
|
-50
|
Қор сыйымдылығы, теңге
|
11,1
|
3,6
|
7,1
|
+3,5
|
+97,2
|
Рентабельділік, %
|
0,57
|
2,11
|
14,02
|
+11,91
|
+664,45
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
| Компанияда қызметкерлерді оқыту әрі олардың біліктілігін арттыру сапаны жоғарылату мен жұмысты жақсартудың төмендегідей негізгі факторлардың бірі екендігін анық түсінеді:
«Пана-1» серіктестіктің әрбір қызметкері сапа және қауіпсіздік негіздеріне үйренеді:
- Өндірістік бөлімшелерге, бөлімдерге және жекелеген қызметкерлерге нақты арналған оқытудың арнайы бағдарламалары мен семинарлар өткізеді;
- Корпоративтік және команда жұмысының дағдыларына қосымша оқыту;
- Өндірістің барлық салаларында көп функционалды бағдарлама даму үстінде.
Кәсіпорынның әрбір қызметкері екі немесе үш мамандық бойынша жұмыс істей алады.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Кез-келген кәсіпорын экономикалық жүйе элементі болып табылады, сондықтан кәсіпкерлік істі жүргізу барысында кәсіпорындар арасында өзара байланыс болады. Қазіргі кездегі олардың маңызды міндеттерінің бірі қаржы ресурстарын тиімді етіп басқара білу.
Ол үшін қаржы жағдайын талдау қажет:
- қаржы жағдайының көрсеткіштеріне өзгерістер енгізу;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды анықтау;
- қаржы жағдайының өзгерісін сандық және сапалық бағалау;
- кәсіпорынның қаржы жағдайының өзгеріс қарқынын анықтау.
Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізі – шаруашылық құрылымдарының толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігінің артуы. Әрбір кәсіпорын өзінде бар өндіріс ресурстарын тиімді пайдаланып және жаңа техникалалр мен технологияларды өндіріске енгізу арқылы экономикалық белсенділігін арттыруға толық мүмкіндік алады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ырғақты жұмыс жасауы оның тікелей қаржылық жағдайына байланысты.
Кәсіпорын өз қызметінің бизнес-жоспарын жасағанда бірінші кезекте өндірістің тиімділігін арттыруды көздейді Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті ресурстармен салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады [18, 86б].
Кәсіпорында өнім өндіру мен шығындардың арақатынасы экономикалық өсуді сипаттайды. Кәсіпорынның экономикалық өсуіне интенсивтілік тұрғыда бағалау маңызды болып табылады, яғни шығынға қарағанда өнімнің өсу көлемінің ұлғаюы. Рыноктік экономика жағдайында кәсіпорындарды материалды ресурстармен, ақпараттар көзімен және жоғары білікті кадрлармен толық қамтамасыз ету – оның тиімділігін шешуші факторларының бірі болып табылады.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші еңбек өнімділігі болып саналады. Ол өндіріс нәтижесімен еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді.
Өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесі еңбек, материалдық, техникалық және басқа да қорларды пайдаланумен тығыз байланысты. Сондықтан осы өндірістік қорлар арасындағы өзара үйлесімділік оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің негізі болып табылады.
Қазіргі кезде мұнай өнімдерін игеру маңызды стратегиялық бағыттардың бірі. Ел экономикасының қарқынды дамуы, әлеуметтік мәселелердің тиімді шешілуі үшін өнеркәсіптік өндірістердің атқаратын рөлі зор.
Кәсіпорындардың қай-қайсысы болса да белгілі бір өнімді өндіру мен қызмет көрсету барысында шығын жұмсайды. Шығын жұмсалынбай өнім алынбайтыны да белгілі және сол жұмсалған шығын арқылы кәсіпорын қызметінің нәтижесін анықтауға болады. Жұмсалған шығынды үнемі зерттеп отыру керек. Бей-берекет жұмсай берсе табыстан шығыс артып кетеді де өндіріс зиян шегіп, банкрот болды да ықтимал. Сондықтан, үнемі есептеп, кәсіпорынның жағдайын талдап, шығыс пен табысты салыстырып, пайданы көбейтіп, зиянды азайтудың жолдарын іздестіріп отыру қажет.
Кәсіпорынның өндіріс шығындарының ұлғаюына көп жағдайда оны тиімді ұйымдастыру механизмі мен басқару процесі де әсер етеді [18, 112].
Өндіріс қызметін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі бұл өнімнің өзіндік құны. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі, ұдайы өндірістің ұлғаю қарқыны және кәсіпорынның қаржылық жағдайы өзіндік құн деңгейіне тікелей байланысты. Өнім өндіруге жұмсалған шығынды талдау маңызды мәнге ие. Осы көрсеткіштің өзгеріс тенденциясын, 3-5 жылдар аралығындағы деңгейін, оның өсуіне әсер ететін факторлар қатарын және кәсіпорын жұмысына баға беруге мүмкіндік береді.
Өнімнің өзіндік құнын анықтап отырудың кәсіпорын үшін үлкен экономикалық мәні бар. Бұл есептеулер көптеген технологиялық, техникалық, өндірісті ұйымдастыру мен басқару және экономикалық шаралардың дұрыс шешілуін қадағалауға, нарықтық жағдайында өндірістің ырғақты түрде жұмыс істеуіне, өндірілген өнімді арзандатуға және өндірістің тиімділігін арттыруға көп әсер етеді.
Өндірілген өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын төмендетудің әлеуметтік және экономикалық маңызы зор. Сондықтан өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеп қана қоймай, оны төмендетудің нақты жолдарын да іздестіру қажет.
Қазіргі уақытта кәсіпорында өнім (қызмет, жұмыс) өндірісіне жұмсалған шығынды төмендету үшін мына төмендегі іс-шараларды жүргізу қажет:
өнім бірлігінің өзіндік құнын төмендету;
шығындарды жекелеген баптары бойынша мұқият талдау;
кәсіпорынды тиімді етіп ұйымдастыру мен басқару;
алдыңғы қатарлы, озық кәсіпорындардың тәжірибесін кеңінен пайдалану және іскем асыру;
өндірісті жаңа технологиямен жабдықтау.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және кәсіпорынның өндірістік қызметін үздіксіз жүргізуі мен қаржылық міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірілетін өнімі мен өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің айналымдылық жылдамдығы және кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдау алуы. Сонымен бірге, өндіріс технологиясы өндірілетін өнімнің (жұмыс,қызметкер) сапасына әсер етеді. Неғұрлым өнім сапасы жоғары болса, соғұрлым оның сату көлемі ұлғаяды. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының ұлғайғанын және оның төлем мен несие қабілеттіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.
Қазіргі кезде жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және оны өз уақытында өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорынның ақша қаражаттарының дер кезінде келіп түсуіне кедергі жасайды да нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабелеттілігі төмендейді. Сонымен бірге, қаржы ресурстарының уақытында болмауы өндіріске қажетті материалды ресурстар мен шикізат көздерінің өз мерзімінде жеткізілуіне кері әсер етеді де өндіріс процесінің ырғақтылығы бұзылып, оның тоқтауына әкеліп соқтырады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс жүргізетін кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты қаржылық жағдайға баға беру, активтердің қозғалысы және олардың қалыптасу көздері, кәсіпорынның айналым қаражатының көлемі мен оның өсуі немесе кемуі, ағымдық активтердің айналымдылық есебі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлеу қабілеттілігінің деңгейі және кәсіпорын табыстылығын бағалау болып табылады.
Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы бұл өзі өндірістік шаруашылық қызметтің ұйымдастыру техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының артуына айналу уақыты мен өндіріс уақытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, айналым уақытын қысқартуға кәсіпорынның мамандану саласы, кәсіпорындар арасындағы интеграциялық байланыстың дамуы және өзара есеп айырысу мен құжат айналымын жылдамдатумен қол жеткізуге болады.
Ағымдағы активтердің айналым жылдамдығы бұл - өзі өнеркәсіп-өндірістік қызметтің ұйымдастырылу техникалық деңгейінің кешенді көрсеткіші. Айналым санының ұлғаюына айналу уақыты мен өндіріс уақытының қысқаруы есебінен қол жеткізуге болады. Өндіріс уақыты технологиялық процесс пен пайдаланылған техниканың сипатымен байланысты. Оны қысқарту үшін технологияны жетілдіріп, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру қажет.
Кәсіпорында айналым құралдарының айналым уақытын қысқартуға мамандану, интеграция, тауар тасымалдауда инфрақұрылымды жақсарту, өзара есеп айырысу мен құжат айналымын жылдамдатумен қол жеткізуге болады.
Кәсіпорын капиталының айналым жылдамдығы мына көрсеткіштермен сипатталады:
айналымдылық коэффициенті (Кот);
бір айналымның ұзақтығы (Поб).
Капиталдың айналымдылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:
Өнімді сатудан түскен түсім
Коб = ----------------------------------------------------- (1)
Айналым активтерінің орташа шамасы
Бір айналымның ұзақтығы:
Айналым активтерінің орташа шамасы х 360 күн
Поб = ----------------------------------------------------- (2)
Өнімді сатудан түскен түсім
Кесте 5
Капиталдың айналым ұзақтылығын талдау
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
Ауытқу, 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда
(+,-)
|
2011
|
2012
|
2013
|
Өнімді сатудан түскен түсім,
мың теңге
|
377685
|
102447
|
136597
|
+34150
|
Айналым активтердің орташа шамасы, мың теңге
|
34530
|
23669
|
19281
|
-4388
|
Айналым активтердің айналымдылық коэффициенті
|
0,06
|
0,06
|
0,04
|
- 0,02
|
Айналым активтерінің айналым ұзақтылығы
|
458
|
492
|
742
|
+250
|
Айналым қаражатын бекіту коэффициенті
|
16,7
|
16,7
|
25
|
+8,3
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
5 кестеде 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда ағымдағы активтердің бір жылда айналым жылдамдығының 0,02 бірлік шамасына қысқарғаны белгілі. Нәтижесінде бір айналымның ұзақтығы 250 күнге ұлғайған. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының өткен жылдармен салыстырғанда аз да болса төмендегенін көрсетеді. Ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің төмендегенін олардың бекіту коэффициенті де растайды. Өнім бірлігіне ағымдағы активтердің 16,7 теңге; 2012 жылы 16,7 теңге және 2013 жылы 25 теңгеден келген. Есеп беру жылын (2011 жыл) базистік (2012 жыл) жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,3 теңгеге көбейген.
Сонымен, айналыс активтерінің айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның барлық мобильдік қаражатының айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның өсуі материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициентінің артуымен үйлессе, онда ол кәсіпорын үшін қолайлы, ал егер соңғысы азайса, онда кәсіпорын үшін қолайсыз болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Тапқан табыс есебінен кәсіпорынның бюджет алдындағы банктер мен басқа да кәсіпорындар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сондай-ақ, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады және оның кәсіпкерлік қызметінің белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады. Оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және т.б. факторлар қатарымен анықталады.
Кәсіпорын табыс мөлшерінің ұлғаюына бірнеше факторлар әсер етеді: өндірістің технологиялық жарақтануы мен оның қуаттылығы; инвестицияны мақсатты пайдалана отырып, өнімді мол өндіру; өнімнің сапасы; кадрлардың біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі; рынок талабына сәйкес кәсіпорынды ұйымдастыру мен басқару және т.б.
Кәсіпорын табысты болса, оның төлем және несиеге қабілеттілігі жоғары болады және отандық, шет елдік инвесторлардың несие құюына қызығушылықтары артады. Соның салдарынан мұнай-газды игеру мәселесі еселеп артады және жаңа ұңғымалар іске қосылады.
Еліміздегі мунай саласы өндірісін әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде маңызды салалардың бірі болып табылады [19, 97].
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану маңызды шаралардың бірі болып саналады. Сондықтан, әр жылдардағы табыс мөлшері және олардың ауытқу себептеріне нақты талдау жасалынып, ұсыныстар енгізіліп отырылады.
Төмендегі 6 кесте мәліметтері бойынша кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің динамикасына талдау жүргіземіз. 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда барлық активтер мөлшері 6637 мың теңгеге, соның ішінде ағымдық активтер 8894 мың теңге және ұзақ мерзімді активтер көлемі 2257 мың теңгеге азайған.
Компанияның ағымдық міндеттемелері 5898 мың теңгеге азайды. Компанияда міндеттемелердің жылдан-жылға ұлғаюы оның с қызмет аясына кері әсер етіп, қалыпты жұмыс жасауына қолайсыз жағдай келтіруі. Міндеттемелердің көп бөлігі, яғни 5859 мың теңге банктік несиелік қарыздар үлесіне тиеді.
Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің динамикасының алғашқы мәліметтерін пайдалана отырып келесі аналитикалық кестені құрамыз.
Кесте 6
Кәсіпорынның баланстық активтері мен пассивтерінің динамикасын талдау
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда
(+,-)
|
2011
|
2012
|
2013
|
1. Барлық активтер
Оның ішінде:
|
64204
|
38621
|
45258
|
+6637
|
- ағымдық
|
24093
|
16834
|
25728
|
+8894
|
- ұзақ мерзімді
|
40111
|
21787
|
19530
|
-2257
|
2. Міндеттемелер барлығы
Оның ішінде:
|
100577
|
36528
|
30630
|
-5898
|
- ағымдық
|
100577
|
36528
|
30630
|
-5898
|
- ұзақ мерзімді
|
-
|
-
|
-
|
-
|
3. Меншікті капитал
|
-36363
|
2093
|
14629
|
+12536
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
Жалпы активтердің табыстылық деңгейінің өзгерісі келесі факторлар әсерінен болады:
- кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі - өткізілген өнімнің табыстылық деңгейі;
- жалпы активтердің айналымдылығы.
Бірінші қатардағы факторларды тізбектеп ауыстыру әдісі арқылы есептей отырып, активтердің табыстылық деңгейінің шартты көрсеткіштерін есептейміз және ол мына түрде болады:
0,23х0,37х100% = 8,5
Осы көрсеткішті және кестеде көрсетілген статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып, бірінші қатарлы факторлардың ықпал ету деңгейін есептеп, өткізілген өнімнің табыстылық коэффициентінің өзгерісі мына түрде болады:
0,19-8,5 = - 8,31
Жалпы активтердің айналымдылық коэффициентінің өзгерісі:
8,5-0,13 = + 8,37
Есептеу нәтижесі көрсеткендей, жалпы активтердің табыстылық деңгейінің артуына активтердің айналымдылығының өсуі оң әсерін тигізсе, ал өткізілген өнімнің табыстылық коэффицентінің бәсеңдеуі, оның жылдам төмендеуіне әкеліп соқтырады. Жалпы активтердің табыстылық деңгейі кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
Кәсіпорын табыстылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі бұл өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі болып табылады. Осыған байланысты – кестеде зерттеу жүргізіп отырған кәсіпорынға өндірістік қорларының табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторлары қарастырылған.
2.3 Негізігі қорлардың қозғалысы мен жағдайын бейнелейтін көрсеткіштерін талдау
Негізгі қорлардың техникалық жағдайы тозу, жаңару, жабдықтардың жас құрамы дәрежелерімен сипатталады.
Негізгі қорлардың тозу дәрежесінің көрсеткіштері, соның ішінде, жабдықтардың көрсеткіштері болып шығын коэффициенті табылады. Ол негізгі құралдардың шығын сомасының бастапқы құнына қатынасымен есептеледі. Өндірістік қорлардың шығын коэффициенті қанша төмен болса, сонша олардың тұрған жағдайы жақсырақ болады.
Негізгі қорлардың жаңару дәрежесі негізгі құралдардың жыл ішінде қайта түскен сомасының жыл соңындағы сомасына қатынасымен анықталады. Ол өндірістік қорлардың сол немесе басқа мезгілдегі қызметінің мөлшерін көрсетеді. Барлық құралдарда және олардың белсенді бөлігінде шығын және жаңару коэффициенттері бірдей сесптеледі. Сонымен қатар, әдетте жабдықтар топтары мен бірнеше жылдар динамикасында қаралады.
Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің жаңару коэффициенті кәсіпорындардағы негізгі құралдардың белсенді бөлігінің басқа да қорлары арқылы жүзеге асатын көрсеткіштерден жоғары болады және қор қайтарымдылығының көрсеткіштеріне жағымды әсер етеді.
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті келесі формуламен анықталады:
2011 жыл Кжаңа=2945,3 / 5466=0,53
2012 жыл Кжаңа=7969,7/7739,7=1,03
2013 жыл Кжаңа=2653,6/6774,5=0,39
Шығу коэффициенті негізгі құралдардың жылдық есептен шығып қалған көрсеткіштерінің жыл соңындағы сомасына қатынасы. Ол жыл сайынғы негізгі құралдардың өндірістен шығып қалған бөлігін көрсетеді. Ал, оның өсуі, кәсіпорынның материалдық базасының жаңарғандығын білдіреді. Негізгі құралдардың техникалық жағдайы жабдықтардың жас құрамын да анықтайды. Ол оның жұмысқа қабілеттілігі туралы және ауыстыру қажеттілігі туралы ақпарат береді, сонымен қатар, қор қайтарымдылығы потенциалды жоғарылауына мүмкіндік береді.
Негізгі қорлардың шығу коэффициенті келесі формуламен анықталады:
2011 жыл Кшығу=180,5/1075,0=0,17
2012 жыл Кшығу=1124,5/894,5=1,26
2013 жыл Кшығу=3618,8/7739,7=0,47
Негізгі қорлардың өсім коэффиценті – негізгі қорлардың жыл көлеміндегі өсу деңгейін сипаттайды.
2011 жыл Көсу=-180,5/1075,0=-0,17
2012 жыл Көсу=6845,2/894,5=7,65
2013 жыл Көсу=-965,2/7739,7=-0,12
Тозу коэффиценті – негізгі қорлардың жыл көлеміндегі тозу деңгейін көрсетеді. Ол келесі формуламен есептеледі:
2011 жыл Ктозу=2136/39316,4=0,05
2012 жыл Ктозу=1654/51307,9=0,03
2013 жыл Ктозу=1282/57977,9=0,02
Негізгі өндірістік қорлардың техникалық жағдайын көрсететін келесі бір көрсеткіш жарамдылық коэффициенті. Бұл көрсеткіш негізгі қорлардың қаншалықты деңгейде қолдануға жарамды екенін көрсетеді.
2011 жыл Кжарам =1-2,39=-1,39
2012 жыл Кжарам=1-0,21=0,79
2013 жыл Кжарам=1-0,19=0,81
Осы көрсеткіштерді пайдаланып кесте түрінде бейнелеп талдау жасаймыз.
7 кестеде «Пана-1» ЖШС - нің негізгі қорларының қозғалысы мен жағдайына талдау берілген.
Кесте 7
«Пана-1» ЖШС– нің негізгі қорларының қозғалысы мен жағдайын талдау
Көрсеткіштер
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Өзгерісі 2013-2012 ж.ж.
|
+,-
|
%
|
1.Жыл басындағы негізгі қор, мың теңге
|
1075,0
|
894,5
|
7739,7
|
+6845,2
|
8,6 есе
|
2. Келіп түскені, мың теңге
|
-
|
7969,7
|
2653,6
|
-5316,1
|
33,3
|
3. Істен шығарылғаны, мың теңге
|
180,5
|
1124,5
|
3618,8
|
+2494,3
|
3,2 есе
|
4. Жыл аяғындағы негізгі қор, мың теңге
|
894,5
|
7739,7
|
6774,5
|
-965,2
|
87,5
|
5. Жылдық өсім, мың теңге
|
-180,5
|
6845,2
|
-965,2
|
-7810,4
|
-14,1
|
6. Тозу сомасы, мың теңге
|
2136
|
1654
|
1282
|
-372
|
77,5
|
7. Жаңару коэффиценті
|
-
|
1,03
|
0,39
|
-0,64
|
-
|
8. Шығу коэффиценті
|
0,17
|
1,26
|
0,47
|
-0,79
|
-
|
9. Өсу коэффициенті
|
-0,17
|
7,65
|
-0,12
|
7,77
|
-
|
10. Тозу коэффиценті
|
2,39
|
0,21
|
0,19
|
-0,02
|
-
|
11. Жарамдылық коэффиценті
|
-1,39
|
0,79
|
0,81
|
+0,02
|
-
|
Е С К Е Р Т У – «Пана-1» ЖШС – нің жылдық есеп мәліметтері негізінде автордың есептеуі
|
Талдау деректерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорында жыл басында негізгі қор құны 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 6845,2 мың теңгеге өскен, яғни 8,6 есеге. Келіп түскен негізгі қор құны 5316,1 мың теңгеге кеміген. Істен шығарылғаны 2494,3 мың теңгеге өскен. Жыл аяғындағы негізгі қор құны 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 965,2 мың теңгеге кеміп отыр. Жылдық өсім 7810,4 мың теңгеге кеміген. Тозу сомасы 372 мың теңгеге азайған. Жалпы жағдайға қарай отырып кәсіпорынның негізгі қорларының тозу сомасының жылдан жылға төмендегенін және істен шығу көлемінің жылдан жылға артып отырғанын көреміз.
Келесі кәспорынның негізгі қорларының технологиялық жағдайының деңгейін көрсететін көрсеткіштерге талдау жасайтын болсақ, кәсіпорынның негізгі қорларының жаңару коэффициенті 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 0,64- ке, шығу коэффициенті 0,79 пунктке, тозу коэффициенті 0,02 –ге кеміген, ал өсу коэффициенті керсінше 7,77 пунктке, жарамдылық коэффициенті 0,02 ге өсіп отыр. Кәсіпорынның үш жылда да негізгі қорларының іске жарамдылық деңгейі 79-81 пайызды көрсетіп отыр. Бұл тенденция жағымды, себебі кәсіпорында негізгі қорлар тиімді пайдаланылып жатырғанын көрсетеді. Тозу коэффициенті неғұрлым төмен болса кәсіпорынның негізгі қорларының өндірісте пайдалану деңгейі жоғары болады.
Кәсіпорын өндіріс барысында тауарларды жабдықтауға, қызмет көрсетуге, басқаларға жалға беру немесе әкімшілік функцияларды орындауға арналған мерзімі 1 жылдан асатын материалдық активтерді негізгі құралдарға жатқызады (немесе операциялық цикл егер де, ол 1 жылға жетпейтін болса).
Өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі құралдары материалдық-техникалық базаның негізін құрайды және бәсекеге қабілетті, сапалы өнім шығаруына ықпал етеді. Негізгі құралдар бірнеше топтарға бөлінеді. Олар: халық шаруашылығы, табиғи-заттық құрамы, пайдалану дейгейі. Кәсіпорын қызмет түрлеріне байланысты өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, байланыс, материалдық-техникалық қолдау және т.б. бойынша салаларға бөлінеді. Негізгі құралдар функционалдық атауы бойынша өнеркәсіпті өндіріс, басқа салалардағы өндірістік және өндірістік емес. Өндіріс өнеркәсібінің негізгі құралдарына өндіріс процесіне қатысушы еңбек құралдары (еңбек машиналары, құрал-жабдықтар, күшті машиналар және басқа да өнім өндіруге арналған еңбек құралдары), сонымен қатар өндіріс барысында қолданылатын құрал-жабдықтардың орындары (ғимараттар, қоймалар және т.б) жатады. Өндіріссіз құралдарға тұрғын үй шаруашылығы, ғимараттар, мәдениет, ғылым жатады [19, 125].
Өз кезегінде өнеркәсіптік өндірістің негізгі құралдары өзінің табиғи-заттық құрамына байланысты мынадай топтарға бөлінеді: ғимараттар; жабдықтар; жұмыс, күш машиналары; байланыс құралдары; көлік құралдары; саймандар және басқа да құралдар. Негізгі құралдар өз меншігіндегі және жалға алынған болып бөлінеді. Өз меншігіндегі құралдар осы кәсіпорынның, ал жалға алынған басқа кәсіпорынның меншігіндегі, яғни, жалға алу келісім-шартына сәйкес осы кәсіпорында қолданылады.
Жерден басқа барлық негізгі құралдар техникалық, экономикалық, физикикалық фактор әсерінен құндылығын жойып жарамсыз деңгейге жетеді. Негізгі құралдардың физикалық шығынын жөндеу, құру арқылы біртіндеп жаңартуға болады, бірақ пайда жөндеуге кеткен шығын орнын баса алмайды
Негізгі қорларды талдаудың міндеттері:
1. Кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау және олардың пайдалану деңгейін анықтау;
2. Пайдадану барысында олардың өзгеруі себебін анықтау;
3. Өнім өндірісі көлеміне негізгі қорларды пайдалану әсерін анықтау;
4. Кәсіпорынның өндірістік қуаты мен жабдықтардың пайдалану деңгейін анықтау;
5 .Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.
Талдау барысында негізгі қорлардың көлемін, олардың динамикасын және құрылымын зерттеуден басталады.
Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, кәсіпорынның орналасуының климаттық және гографиялық жағдайлары және т.б.
Талдау барысында негізгі қорлардың көлемін, олардың динамикасын және құрылымын зерттеуден басталады. Мұндай топтарға бөліп қарастыру негізгі қорларды пайдалану тиімділігін арттыру резервтерін айқындауға көмектеседі.
Келесі 8 кестеде «Пана-1» ЖШС – нің негізгі қорларының құрымы мен құрылымына талдау берілген.
Кесте 8
«Пана-1» ЖШС – нің негізгі қорларының құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Өзгерісі 2013-2012 ж. ж
|
Мың
теңге
|
%
|
Мың
теңге
|
%
|
Мың теңге
|
%
|
+,-
|
%
|
1. Жер
|
2,23
|
0,3
|
10,8
|
0,1
|
81,3
|
0,2
|
70,5
|
7,5 есе
|
2. Ғимараттар мен құрылыстар
|
767,5
|
85, 8
|
6075,6
|
78,5
|
5053,7
|
74, 6
|
-1021,9
|
83,2
|
3. Машина және жабдықтар
|
75,1
|
8,4
|
1130,0
|
14,6
|
1036,5
|
15, 3
|
-93,5
|
91,7
|
4. Басқа да негізгі қорлар
|
49,7
|
5,5
|
523,3
|
6,8
|
603,0
|
9,9
|
+79,7
|
115,2
|
Е С К Е Р Т У –«Пана-1» ЖШС – нің жылдық есеп мәліметтері негізінде автордың есептеуі
|
Талдау деректерінен көріп отырғанымыздай кәсіпорында негізгі қорлардың көлемі жылдан жылға өсіп отырғаныны көріп отырмыз. Жалпы негізгі қорлардың көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 965,2 мың теңгеге, оның ішінде жер 7,2 есеге, басқада негізгі қорлар құны 79,7 мың теңгеге өскен, ғимараттар мен құрылыстар 1021,9 мың теңгеге, машина және жабдықтар 93,5 мың теңгеге кеміп отыр. Негізгі қорлардың кему себебі кәсіпорында өндіріс көлемінің азаюы және тозу ұшыраған негізгі қорлар көлемі ұлғайып отыр.
Негізгі қорлардың құрылымына талдау жасайтын болсақ жалпы негізгі қордың құрамында ең жоғарғы үлесті ғимараттар мен құрылыстар алып отыр оның үлес салмағы 2011 жылы 85,8 пайыз, 2012 жылы 78,5 пайыз, 2013 жылы 74,6 пайызды құрап отыр. Одан кейін келесі машиналар мен жабдық тардың үлесі жоғары, оның үлес салмағы 2011 жылы 8,4 пайыз, 2012 жылы 14,6 пайыз, 2013 жылы 15,3 пайызды құрады. Талдау деректерінен көріп отырғанымыздай негізгі қорлардың үлес салмақтары да жылдан жылға артуда.
2.4 Кәсіпорында еңбек ресурсы, еңбекақы мен еңбекақы қорын талдау
Еңбекақы өнімді өндіруге жіберген шығындардың ең негізгі бөлшегі болып келеді және де шығарылып жатырған заттардың өзіндік құнының құрамына енеді. Еңбекақының өнімнің өзіндік құнының ішіндегі орташа айтқанда өндірісте үлесі шамамен 15 % және әртүрлі салаларда 10-нан 40%-ға дейін болады.
Еңбекақы төлеудегі шығындарға мыналар жатады немесе құрамына енеді: мекемедегі өндірістік мамандардың еңбекақысын төлеу, жұмысшыларға қосымша сыйақыны есептегенде, басшыларға, жетекшілерге сыйақы, мамандарға және тағы басқа қызметкрлерге өндірістегі табыстары үшін, сыйақы төлеу және тізімдік емес құрамдағы жұмыскерлердің еңбек ақысына жұмсалған шығындар, негізгі жұмысты атқаратындарға.
Еңбек ақыны талдаудың мақсаты мынада: еңбек ақыны төлеуге арналған қорды қаншалықты негізделіп және дұрыс пайдаланылып жатырғандығын анықтау, еңбек ақы төлеу шығындарының өтелмей жатырған жерлерін анықтау, еңбек ақы төлеу шығындарының өнімнің өзіндік құнына әсерін анықтау.
Еңбекақы төлеу қорының пайдалануының талдауын мекеменің барлық өндірістегі адамдарының және жекелеген категориядағы жұмыскерлердің еңбек ақысын талдағанда абсолюттік ауытқуды анықтаудан бастау керек. Осы мақсатпен есеп беру мерзіміндегі нақты жазылған еңбек ақы соммаларды еңбекақы төлеу қорының жоспарланған жобаларымен салыстырады және өтіп кеткен есептік мерзімдегі осындай мағлұматтармен салыстырылады.
9 кестеде - көрсетілгендей өндірістегі еңбек ақы қоры 4433,15 мың теңгемен абсолютты түрде артып отыр. Мекеменің барлық адамдарының еңбек ақылары артық төленіп, қордың барлық категориялары бойынша артық.
Еңбек ақы төлеу қорының абсолюттік түрде өсуі заттың өзіндік құнының қымбаттауына әкеліп соқтырмайды, егер де еңбек ақы төлеу қорының өсуінің пайызынан өнімнің көлемінің жоспарды асыра орындауы жоғары болса, себебі бұл жағдайда 1 теңге тұратын өнімді өндіргені үшін төленетін еңбекақы жоспарланған межемен салыстырғанда төмен төленеді. Мекемеде дәл осындай жағдай қалыптасып отыр, өйткені 1 теңге тұратын өнімді өндіргені үшін +0,5 теңгеге көбейді. Өнім өндіру көлемінің өсуінің нәтижесінде салыстырмалы түрде еңбек ақы төлеу қорының үнемделуі 34150 мың теңгеге өскені байқалып тұр.
Кесте 9
Еңбекақы төлеу қорының пайдаланылуын талдау
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
Өзгерісі (+;-)
|
|
2011
|
2012
|
2013
|
2012 жылды
2011 жылмен салыстырғанда
|
2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда
|
|
Өнімді (қызмет, жұмыс) өткізуден түскен табыс, мың теңге
|
377685
|
102447
|
136597
|
-275238
|
+34150
|
|
Еңбек ақы қоры, мың теңге
|
31788
|
35283,45
|
39716,6
|
+3495,45
|
+4433,15
|
|
1 теңге өнімге есептелген еңбек ақы, теңге
|
11,9
|
2,9
|
3,4
|
-9
|
+0,5
|
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің бухгалтерлік балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
Есеп беру мерзімінде өткен жылмен салыстырғанда еңбек ақы төлеу шығындары 3495,45 мың теңге асып тұр, барлық категориялары бойынша да осылай. Бұл жағдайда еңбек ақы қарқыны өнімнің көлемінің өсу қарқынынан артта қалып отырған, бұл заттың өзіндік құнындағы еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығындардың үлесінің төмендеуіне жағдай жасады.
Барлық жұмыскерлердің еңбек ақы төлеу қорының үнемделуі немесе артық жамсалуы екі фактордың әсерінен болады: жұмыскерлердің санының азаюы және олардың орташа жалақыларының азаюы.
Жұмыскерлердің санының еңбек ақы қорының өзгеру динамикасына әсерін жұмыскерлер санының өзгерулерін базистік немесе орташа жоспарланған еңбек ақы төлеу бір жұмысшыға соммасын көбейтеді. Орташа жалақының өзгерістерінің еңбек ақы төлеу қорының динамикасына әсері былай есептеледі: бір жұмысшыға орташа жалақының өзгерістерін есеп беру мерзімінде нақты жұмыс жасаған адамдар санына көбейтеді.
Орташа жылдық (тоқсандық, айлық) бір адамның еңбек ақысының өзгеруіне әсер етеді: жұмыс уақытын пайдалану және бір жұмысшының орташа сағаттық еңбек ақысы. Бұл факторлардың әсер етуін бір адамның орташа еңбек ақысына мынадай формуламен жасауға болады:
немесе (13)
Мұндағы:
ОЖ - орташа жылдық (тоқсандық, айлық) бір жұмысшының жалақысы;
R – жұмысшылар саны;
Тсағ – жұмысшылардың жұмыс атқарған орташа адам-сағат саны;
Тк – жұмысшылардың жұмыс атқарған күнінің жалпы саны адам-күндер саны;
ЕАҚ – жұмысшылардың еңбек ақы төлеу қоры;
К – талдау мерзіміндегі бір жұмысшының жұмыс істеген күндері;
t – жұмыс ауысымының ұзақтығы;
ОЖсағ – бір жұмысшының орташа сағаттық жалақысы.
Бір жұмысшының орташа еңбек ақысына факторлардың әсерін есептеу алгоритмін абсолюттік үлкендіктер айырмасы тәсілімен мынадай етіп көрсетуге болады:
∆ОЖ = ∆К∙tо∙ОЖосағ+∆t∙К1∙ОЖосағ+∆ОЖсағ∙ К1∙t1; (14)
Мұндағы: ∆белгісі көрсеткіштердің өсуі (азаюы).
Әрбір фактордың жекелеп бір жұмысшының еңбек ақысына әсерін есептейміз.
бір жұмысшының жұмыс атқарған күндерінің санының өзгеруінің әсерін анықтаймыз:
∆ОЖ = 3 ∙ 8 ∙ 199,89 = 4797,36 теңге
жұмысшы күшінің ауысымының ұзақтығының өзгеруінің әсері:
∆ОЖ = 224 ∙ 199,89 = 44775,36 теңге
бір жұмысшының орташа сағаттық еңбекақысының өзгеруінің әсері:
∆ОЖ = 13,11 ∙ 224 ∙ 8 = 23493,12 теңге
Кәсіпорында еңбек ресурсының тиімділік көрсеткіштерін талдау барысында өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті немесе қолданылған ресурстармен салыстыра отырып еңбек ресурсының тиімділігінің біқатар көрсеткіштерін анықтауға болады.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді.
Кесте 10
Еңбек ресурсының тиімділік көрсеткіштеін талдау
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
Өзгерісі, 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда
(+;-)
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Өнімді өткізуден түскен түсім, мың теңге
|
377685
|
102447
|
136597
|
+34150
|
Негізгі қор құны, мың теңге
|
33665,5
|
28275,5
|
18686,5
|
-9589
|
10 кестенің жалғасы
Барлық қызметкерлердің саны, адам
|
62
|
64
|
67
|
+3
|
оның ішінде
- жұмысшылар
|
59
|
52
|
63
|
+11
|
Барлық жұмысшы қызметкерлердің ішінде жұмысшылардың үлесі, %
|
95,1
|
81,2
|
94
|
+12,8
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге
оның ішінде
- жұмысшылардың өнімділігі
|
6091,7
5793,2
|
1600,7
1299,8
|
2038,8
1916,5
|
+438,1
+616,7
|
Қормен жарақтандыру, мың теңге
|
6329,46
|
1911,87
|
1966,36
|
+54,49
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
Өнімділік кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқыылады. Мекемеде еңбек өніділігінің негізгі көрсеткіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа түскен табыс болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа түскен табыс пен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағымен байланысты. Бір жұмысшыға шаққандағы түскен табыс және оның үлес салмағы көп болған сайын, бір жұмыс істеушіге есептелген орташа жылдық табысы да жоғары болатынын көреміз. Кәсіпорында еңбек өнімділігі көрсеткішін арттыру мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізілуде:
еңбек ресурсын тиімді пайдалану;
өнімнің немесе көрсетілетін қызмет сапасын арттыру;
мекемеде жаңа технологияларды кеңінен пайдалану;
шығындардың мақсатты жұмсалуын басқару;
мекемені басқаруды жетілдіру.
2.5 Кәсіпорынның материалдық ресуртсармен қамтамасыз етілуін талдау
Өндірістік өнімдердің жоспарының орындаудалуына, өзіндік құнынның төмендеуіне, пайданың өсуі мен рентабельділіктің жоғарылауына кәсіпорындардың шикізаттар мен материалдардың толық және жаңартылған түрімен толық жабдықталуы әсер етеді. Кәсіпорындардың материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі энтенсивті, яғни көп көлемде шикізаттар мен материалдарды дайындау немесе сатып алу арқылы немесе интенсивті жолмен, яғни өндіріс процесіндегі бар ресурстарды үнемді пайдалану арқылы қамтамасыз етілуі мүмін. Бірінші жолы өнімінң әрбір бірлігіне келетін материалдық шығындардың үлесін жоғарылатады, ал екінші тәсілі өндірілген өнімнің бір өлшеміне материалдық шығындардың үлесін және соған сәйкесті өнімнің өзіндік құнын да төмендетеді. Шикізаттар мен материалдарды тиімді және үнемді пайдалану арқылы өндіріс көлемін ұдғайтуға болады.
Материалдық ресурстардың тиімді пайдалануын және қамтамасыз етілуін талдаудың негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
- өндірістің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін бағалау және оның өнідіріс көлеміне, өзіндік құнға және басқа да көрсеткіштерге әсерін анықтау;
- өндірістік қорлардың тиімді пайдалануына баға беру;
- өндірістік қорларды тиімді пайдаланудың ішкі шаруашылық резервтерін шығару және оларды нақты пайдалану үшін іс-шарарларды анықтау.
Өндірістік қорлардың пайдалануын талдаудың көздері болып материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің жоспары, тапсырмалар, шикізаттар мен материалдарды жеткізу келісім-шарттары, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің жедел есептері, материалдардың қозғалысы және қалдығы жөнінідегі бухгалтерлік есеп мәліметтері саналады.
Кәспіорынның өндірістік қорлармен қамтамасыздығын талдау кезінде алдыменен материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі жасаған жоспардың сапасын тексереді. Жоспардың нақтылығын ұйымның өндірістік қорларға деген қажеттілік деңгейі негізінде жасалынған нормалар мен нормативтерді талдаудан бастайды. Содан соң өндіріске қажетті жоспарын нақты материалдардың жинағымен салыстырады [20, б.210].
Өндірістің үздіксіз қызмет істеуі үшін оның қажетті өндірістік қорлармен толық қамтамасыз етілуі әсер етеді. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Материалдырдың сыртқы көздерімен жабдықталуы - келісім шартқа сәйкес жабдықтаушылардан түскен материалдар, ал ішкі көздері болып шикізаттардың қалдығын азайту, материалдарды өзіндік өндірісте дайындау және жартылай фабрикаттар, жаңа өндірістік техногияларды пайдалану арқылы материалдардың үнемделуі саналады. Талдау барысында сонымен қатар, өндірістік қорларды жеткізу қажеттілігі мен олардың нақты жеткізілгені салыстырылады. Төмендегі кестенің мәліметтері арқылы біз зерттеу жұмысы жүргізілген «Пана-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылдың қорытынды мәліметтері бойыншан кәсіпорынға қажетті негізгі шикізаттар мен материалдардың көлемі 45960523 теңге болды, оның 20978221,3 теңгесі ішкі көзден түсетін болса, ал 24982301,7 теңгесі сыртқы көздерден, яғни жабдықтаушылардан алынуы тиіс. Ал ұйымның келісім шарт арқылы нақты алынуға тиісті барлық материалдарының көлемі 37038218 теңге болатын болса, келісім шарт арқылы қажеттіліктің қамтамасыз етілу деңгейі 80,6 пайызды құрап отыр, яғни бұл жерде ұйым өндіріске қажетті негізгі шикізатпен жабдықтайтын кәсіпорындармен толық келісім шарт жасаспаған. Бұл ұйымның қажетті шикізаттар мен материалдары 19,4 пайызға қамтамасыз етілмегені байқатады.
Зерттеу жүргізілген – «Пана-1» ЖШС-нің өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуін талдау үшін төмендегі кестенің мәліметтеріне сипаттама беріп көреміз.
Кесте 11
«Пана-1» ЖШС-нің материалдық қорлармен қамтамасыз етілуін талдау (2013 жылға)
Материалдар түрлері
|
Жоспар-лы қажет-тілік, теңге
|
Қажеттілікті жабу көздері, теңге
|
Келісім шарт жасал-ғаны, теңге
|
Келісім шартпен қажет-тіліктің қамта-масыз етілуі, %
|
Жабдықтаушылардан түскені, теңге
|
Ішкі
|
Сыртқы
|
Шикізат
|
16086183
|
7238782,4
|
8847400,6
|
12778240
|
79,4
|
8847400,6
|
Материалдар
|
12409342
|
5211923,6
|
7197418,4
|
9066125
|
73,0
|
7197418,4
|
Отын
|
5974867,9
|
2730514,6
|
3244353,3
|
4928126
|
82,5
|
3244353,3
|
Босалқы бөлшектер
|
4136447,0
|
1973085,2
|
2163361,8
|
4136447
|
100,0
|
2163361,8
|
Басқалары
|
7353683,6
|
3823915,5
|
3529768,1
|
6129280
|
83,4
|
3529768,1
|
Барлығы
|
45960523
|
20978221,3
|
24982301,7
|
37038218
|
80,6
|
24982301,7
|
Е С К Е Р Т У- Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің мәліметтерінен алынды
|
Сондықтан, біз зерттеу жүргізілген «Пана-1» ЖШС-де жабдықтау және жоспарлау бөлімінің қызметін қазіргі нарықтың талаптарына сай тиімді ұйымдастырып, жаңа жабдықтаушылармен келісім шарт жасасып және ең негізгісі ұйымның өзінің қосалқы өндірісінде шикізат өндірісі саласымен айналысып, қажетті шикізаттар мен материалдарды өздері дайындау қажет деп санаймыз. Өндірістік қорлармен қамтамасыздығын талдау барысында жабдықтаушылардан түскен материалдардың стандарттарға сәйкес олардың сапасы да тексерілуі тиіс. Сонымен қатар, шикізаттар мен материалдарды жеткізудің мерзімі де аса көңілге алынуы қажет. Себебі өндіріске қажетті материалдар уақытында жеткізілмесе, онда өндірістегі кірістердің пайда болуына, оның нәтижесінде өндірістегі ақаулардың және қосымша шығындардың пайда болуына әсерін тигізеді. Материалдық ресурстармен қамтамасыздығын талдау кезінде олардың арқығын және қажет еместерін анқытау мақсатында шикізаттар мен материалдардың жағдайына да баға беріледі. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі түскенін және шыққанын салыстыру арқылы анықтауға болады. Егер тексеру барыснда қандай да бір материалдар бойынша ұзақ мерзім бойы қозғалыс болмаған болса, онда оларды өтімсіз материалдар реітнде танып, жалпы құндарын есептеп шығарады.
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланылуын талдау және жетілдіру жолдары
Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдаудың бағыттары:
1. Инфляцияны есепке алғандағы негізгі қорлардың нарық бағасындағы динамикасы. Бұл динамиканы тұрақты бағадағы шығарылған өніммен салыстырып, негізгі қорлардан қайтарым өсуде ме, жоқ па екендігін анықтауға болады.
2. Негізгі капиталдың құрылымын талдау; оның ішінде:
- өндірістік құрылымды, себебі ол негізгі қорлардың өндіріс бойынша бөлінуін көрсетеді;
- технологиялық құрылымды, өйткені негізгі қорлардың активтік бөлігі (өнім шығаруға тікелей қатысатын жұмыс машиналары, жабдықтар) мен пассивтік бөлігінің (ғимараттар, салынымдар т.б.) арақатынасын көрсетеді;
- жастық құрылымын, негізгі қорларды қызмет уақытына байланысты сипаттайды.
Мұнда: Кжаңару – негізгі қорлардың жаңару коэффиценті
Мұнда: Кістен шығу – негізгі қорлардың істен шығу коэффиценті
Мұнда: Көсу –негізгі қорлардың өсу коэффиценті
Мұнда: Ктозу – негізгі қордың тозу коэффиценті
Мұнда: Кжарам – өндірістік қорлардың жарамдылық коэффиценті.
3. өндірістік қорлардың жаңартылуын, шығуын және тозуын талдау.
4. негізгі капиталдың технологиялық деңгейі. Ол ішкі және сыртқы нарықтағы фирманың бас бәсекелестерімен салыстыру арқылы анықталады.
5. Негізгі қорларды қолданудың тиімділігі әртүрлі коэффициенттермен анықталады:
- негізгі қорларды уақыт өлшемінде қолданудың жеделдету коэффициентімен, оның ішінде жабдықтардың сменалық жұмысының коэффициентімен;
- өндірістік қуатты қолданудың коэффициентімен, яғни жабдықтың нақты куатын құжаттағы куатқа бөлу арқылы ;
қор қайтарымымен.
Негізгі қорларды, оның ішінде, машиналар мен жабдықтарды өндіріс процесінде аса толық және ұтымды пайдалану кәсіпорынның барлық технико - экономикалық көрсеткіштерін: еңбек өнімділігінің артуына, қор кайтарымдылығының көтерілуіне, өнім шығаруды арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, күрделі қаржы енгізуді үнемдеуге мүмкіндік береді.
Негізгі қорлардың құрамында машиналар мен жабдықтардың жағдайы мен пайдаланылуын талдаудың мақсаты — кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің машианлармен және жабдықтармен камтамаыз етілун, яғни мөлшерінің сай кедлуі, құрамы, қажетті корының техникалық жағдайы, олардың өсу жоспарының орындалуы, жаңаруы, істен шығуы, аса активті бөлігі - машиналар мен жабдықтарды зерттеу, олардың пайдаланылу деңгейін анықтау, оларға әсер ететін факторларды анықтау, жабдықтар паркін пайдаланылуын, оның кешендігін анықтау, уақыт бойынша және қуаты бойынша жабдықтарды пайдалану тиімділігін есептеу болып табылады.
Негізгі өндіріс қорының белсенді бөлігін қолдану деңгейін тікелей сипаттайтын және өндіріс қуаттылығын, сонымен бірге оларды пайдалану мүмкіндігін жақсартатын жеке көрсеткіштеріне жататыны:
А) Жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффиценті – негізгі өндіріс қорының белсенді бөлімін пайдалану деңгейін уақытпен сипаттайтын көрсеткіш, немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның жұмыс сағат санына қатынасымен анқталады: [22, 65]
Мұнда:Ун – машина және жабдықтардың нақты жұмыс жасаған уақыты;ып табылады.
Ужт – жұмыс тәртібіне сәйкес машина және жабдықтардың жұмыс атқару уақытының режимдік қоры.
Өндірісте негізгі қорды пайдаланудың экстенсивті тобында төмендегідей коэффиценттерді қолданылады:
- Жабдықтарды алмастыру коэффиценті;
- Жабдықтарды жүктеу коэффиценті;
- Жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффиценті.
Б) жабдықтарды пайдалануда интенсивті коэффицентінің маңызы өте зор.Ол машинаны және жабдықтарды пайдалану деңгейін қуаттылықпен сипаттайтын көрсеткіш. Бұл көрсеткішті есептеу үшін төмендегі формуланы қолданады:
Мұнда:
Өн – машина және жабдықтардың нақты өнімділігі;
Өм – машина және жабдықтардың техникалық мүмкінділік өнімділігі (Жабдықтардың паспорты бойынша анықталады)
В) Жабдықта интегралды пайдалану коэффиценті – машина және жабдықтардың пайдалану деңгейін уақытпен және қуаттылықпен сипаттайтын кешенді көрсеткіш. Оны мына формуламен анықтауға болады: [22, 92]
Негізгі өндіріс қорларын пайдалануда белгілі өлшемдері бар келесі көрсеткіштер қолданылады:
Кәсіпорынның барлық мүлкінің рентабельдігі (Рм), жеке құрал рентабельдігі (Ржк) және өндіріс қорларының рентабельдігі (Рөқ)
Қорқайтарымдылық дегеніміз жалпы өнім құнының негізгі өндірістік қордың ортажылдық құнына қатынасы. Қорқайтарымдылық (Ққ) көрсеткішін төмендегі формуламен есептейді: [10, 93]
Мұнда:Жө –жыл бойы өндірілген өнімнің табиғи немесе құндай есептелген құны;
Нқ – негізгі өндірістік қордың ортажылдық құны;
Қорқайтарымдылық көрсеткішінің кері қатынасы өнімнің қорсиымдылығын көрсетеді:
Қор сыйымдылық көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының орташа жылдық құнының жалпы өнім құнына қатынасы.
Мұнда: Қс – өнімнің қор сиымдылығы.
Жө – жыл бойы өндірілген өнімнің табиғи немесе құндай есептелген құны;
Нқ – негізгі өндірістік қордың ортажылдық құны [22, 113].
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып өнімнің өзіндік құны саналады. Өзіндік құнның деңгейі кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне, ұлғаймалы ұдайы өндірістің жоғарылауына және ұйымның жалпы қаржылық жағдайына әсер етеді. Сондықтан да кез келген меншік нысанындағы ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін басқару үшін оған ғылыми жағынан негізделген талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет.
Нарықтық экономикалық қатынастар мен бәсекелестіктің қарқынды даму
кезеңінде меншік иелері талдауды табыстылықты жоғарылату және ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтау мақсатында жүргізетін болса, ал кредиторлар мен инвесторлар өздерінің қарыздары мен салымдары бойынша тәуекелділікті төмендету үшін жүргізеді. Яғни, қабылданатын басқару шешімдерінің маңыздылығы мен сапалылығы жүргізілген талдау мәліметтерінің сапасына байланысты екенін нақты айтуға болады. Демек, зерттеу жүргізілген «Пана-1» ЖШС-де материалдық шығындарды талдау алдыменен аудит жүйесінде маңызды орын алатынын атап өткен жөн. Сондықтан, өндіріс шығындарын талдаудың міндеттері мыналар болып саналады: өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің бір өлшеміне материалдық, еңбекақы, үстеме және тағы басқа шығындардың нормасын анықтау; нақты шығындардың нормадан ауытқуын, олардың себептерін (үнемделгенін немесе артық жұмсалғанын) бағалау; материалдық, ақшалай және еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың ішкі шаруашылық резервтерін табу; өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарына әсер етуші факторларды талдау және өзіндік құнды төмендетудің жолдарын анықтау.
Қызылорда қаласында орналасқан «Пана-1» ЖШС әртүрлі көтерме және бөлшек сатып алушылардың тапсырмалары бойынша қажетті өнімдерін өндіреді. «Пана-1» ЖШС бойынша сметада қаралған шығындардың өзгерісіне әсер етуші факторларды анықтап, нақты қорытындылар жасау үшін материлдық шығын баптарына талдау жүргізу қажет. Кез келген өндіріс саласы сияқты, құрылыс-монтаж, жабдықтау жұмыстарының өзіндік құнының құрамында материалдық шығындардың үлес салмағы жоғары болғандықтан орындалатын жұмыстың бір өлшеміне осы шығындарды үнемді жұмсай отырып, өзіндік құнды төмендетуге болады. Материалдық шығындарды талдау кезінде өндірілген өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын материалдардың нормасы нақты жұмсалған шығындармен салыстырылып, оның өзгеруіне әсер ететін факторлар анықталады. Кәсіпорында өнімдер өндірісіне қажетті шикізатттар мен материалдық шығындардың жоспары жасалады. Өнімнің өзіндік құнын сипаттайтын құндық көрсеткіштердің бірі болып ұйымның 1 теңге өндірілген өнімге жұмсалған шығын табылады. Демек, талдау жүргізілген ұйымдағы өнім өндіруге жұмсалған шикізаттар мен материалдар шығындарына талдау жүргізу үшін төмендегі кестені құрып, мәліметтерін қарастырамыз.
Кесте 12
1 теңге өткізілген өнімге жұмсалған шығын динамикасы
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
Ауытқу
(+,-)
|
2010
|
2011
|
2012
|
|
Өнімдерді өткізуден түскен түсім, мың теңге
|
491158
|
377685
|
102447
|
-275238
|
Өткізілген өнімнің өзіндік құны, мың теңге
|
458735
|
352896
|
109166
|
-243730
|
Жалпы табыс, мың теңге
|
32423
|
24789
|
-6718
|
-31507
|
Өндірілген өнім
|
73569,0
|
74978,2
|
22583,0
|
-52395,2
|
1 теңге өткізілген өнімнің шығыны, теңге
|
3070
|
3566
|
4020
|
+454
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің мәліметтерінен алынды
|
Кестеден көріп отырғанымыздай, 2012 жылы ұйымның өндірген өнім көлемінің өсуіне байланысты өнімді өткізуден түскен түсімі 2011 жылмен салыстырғанда 275238 мың теңгеге азайған. Ал өнімнің өзіндік құны 243730 мың теңгеге дейін төмендеп отыр. Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын көлемі де 454 теңгеге ұлғайып отыр. 2010 және 2011 жылдардағы залал «Мұнайқұрылыс» серіктестігінде сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, шығарылатын өнім түрлерін қайта қарауды талап етті. Соның нәтижесінде шығарылатын өнімнің құрылымы неғұрлым рентабельді және тез өтетін өнімге алмастырылды. Сол арқылы кәсіпорын 2012 жылды залалмен аяқтады.
Негізгі өнім түрлері бойынша өндіріс шығындарына талдау жүргіу үшін төмендегі 13 - кестенің мәліметтерін сипатауға көшеміз.
Кесте 13
Өнім өндірісіне жұмсалған шығындарды талдау
Шығын элементтері
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2012 жылды 2011 жылмен салыстыр-ғанда
(+,-)
|
Мың теңге
|
%
|
Мың теңге
|
%
|
Мың теңге
|
%
|
Материалдық
шығындар
|
233496
|
50,9
|
168331
|
47,7
|
53272
|
52,0
|
-115059
|
Оның ішінде:
Шикізаттар мен материалдар
|
124776
|
27,2
|
70226
|
19,9
|
26636
|
26,0
|
-43590
|
Отын
|
57801
|
12,6
|
30349
|
8,6
|
10757
|
10,5
|
-19592
|
Энергия
|
22478
|
4,9
|
17645
|
5,0
|
3995
|
3,9
|
-13650
|
Өзге ұйымның өндірістік сипаттағы қызметі
|
14679
|
3,2
|
10234
|
2,9
|
3483
|
3,4
|
-6751
|
Басқадай шығындар
|
13762
|
3,0
|
39877
|
11,3
|
8400
|
8,2
|
-31477
|
Еңбекке ақы төлеу шығындары
|
176154
|
38,4
|
148569
|
42,1
|
39851
|
38,9
|
-108718
|
Негізгі құралдардың тозуы
|
14679
|
3,2
|
10587
|
3,0
|
3586
|
3,5
|
-7001
|
Басқадай шығындар
|
34405
|
7,5
|
25408
|
7,2
|
5737
|
5,6
|
-19671
|
Жиынтығы
|
458735
|
100
|
352896
|
100
|
109166
|
100
|
-243730
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің мәліметтерінен алынды
|
13 кестенің мәліметтері бойынша ұйымның нақты шығындары 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 243730 мың теңгеге немесе 72,9 % төмендеген. Шығындардың төмендеуі материалдық шығындардың 115059 мың теңгеге және еңбекке ақы төлеу шығындарының 108718 мың теңгеге және басқа да шығындар көлемінің 19671 мың теңгеге азаюы есебінен болып отыр. Шығындардың құрылымы да өзгерген, оның ішінде материалдық шығындар мен негізгі құралдардың амортизациясының үлесі азайса, еңбек ақы шығындары мен басқа да мақсатта жұмсалған шығындар біршама азайған.
Кәсіпорында өндірілген өнімдердің өзіндік құнының 50 – 52 пайызын материалдық шығындар алатынын жоғарыдағы 13 кестенің мәліметтері дәлелдеп отыр. Сондықтан материалдық шығындардың өзгерісіне әсер етуші факторларды талдаудың нәтижесінде материалдар бағасының өзгерісіне материалдардың сатып алу бағасы, дайындау шығындары мен тасымалдау шығындары ерекше ықпал ететіні анықталды. Ал материалдарды сатып алу бағаларына елдегі инфляциялық жағдайлар, материалдар мен шикізаттардың нарығы, материалдардың сапасы әсер етсе, тасымалдау шығындарына тасымалдау қашықтығы, тасымалдайтын көліктің түрі, көлік қызметтері үшін тарифтер әсер етеді. Сонымен кәсіпорында өнім өндірісінде материалдық шығындардың нормаға сәйкес жұмсалуын қамтамасыз ету үшін материалдарды тасымалдау, сақтау шығындарын азайту, ұйымның өзінде өндірілетін шикізаттар мен материалдардың өзіндік құндары мен шығын мөлшерін төмендету, ең маңыздысы материалдарды өндіріске қатаң шектеумен жіберу арқылы және белгіленген шығын нормаларының сақталуына жүйелі бақылау жүргізудің нәтижесінде тиімді әрі үнемді пайдалануға болады деп есептейміз.
Кәсіпорында баяу айналысқа түсетін активтердің айналыс жылдамдығын анықтау мақсатында келесі аналитикалық кестені құрамыз.
Кесте 14
Материалдық қорлардың айналымдылығын бағалау
Көрсеткіштер
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда, %
|
Тауарды өткізуден түскен табыс (жұмыс, қызмет), мың теңге
|
491158
|
377685
|
102447
|
27,1
|
Таурлы-материалдық қорлар, теңге
|
11876
|
18642
|
11750
|
63,0
|
Айналыс коэффициенті
|
41,357
|
20,259
|
8,718
|
43,03
|
Айналыс ұзақтылығы, күн
|
15,2
|
23,4
|
49,7
|
2,1 есе
|
Бекітілу коэффициенті
|
0,024
|
0,049
|
0,115
|
2,3 есе
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің мәліметтерінен алынды
|
Кәсіпорында баяу айналысқа түсетін активтердің айналыс жылдамдығын анықтаймыз. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда өндірістік қорлардың жалпы құны 2,1 есе ұлғайған. Соған сәйкес оның айналыс коэффициенті 56,97 бірлікке төмендесе, керісінше айналыс ұзақтылығы 4,03 күнге ұлғайған.
Активтің айналыс ұзақтылығы ұзарған сайын ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсер етеді.
Шаруашылық қызметін талдауға еңбекақыны ұйымдастыруды жетілдіруде, оның еңбектің, өндірістік нәтижелердің саны мен сапасына тікелей тәуелсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын беріледі. Талдау барысында еңбек өнімділігін көтеру, еңбекақы жүйесін жетілдіру, оны бақылауды күшейту резервтері анықталады [23, 120].
Еңбекті пайдалануды және еңбекақыны талдаудың негізгі міндеттеріне жатады:
Жұмысшылардың санын, құрамын және құрылымын, біліктілік деңгейін зерттеу;
Жұмыс уақытын пайдалану туралы мәліметтерді тексеру және қажетті ұйымдық – техникалық резервтерді жасау;
Жұмыс күшінің динамикасының, қозғалысын, еңбек тәртібін зерттеу;
Жұмыс шы санының өнім динамикасына әсерін талдау.
Ұйым бойынша, цех, жұмыс орындары бойынша еңбек өнімділігінің деңгейін анықтау, алынған мәліметтерді өткен кезеңнің мәліметтерімен салыстыру.
Еңбек өнімділігінің өсуінің интенсивті және экстенсивті факторларын анықтау, соның негізінде әсер ететін факторларды жіктеу және есептеу;
Қолданылатын өнім нормасының сапасын, оның орындалуын және еңбек өнімділігіне ықпалын зерттеу;
Қолданылатын нысандар мен жүйелердің негізділік дәрежесін тексеру;
Жұмысшылардың жекелеген категориялары мен мамандықтары бойынша орташа жалақының мөлшері мен динамикасын анықтау;
Қолданылып жүрген сый ақы беру жүйесінің тиімділін зерттеу;
Еңбекақының өсу қарқынын, оның еңбек өнімділігінің өсім қарқынымен арақатынасын зерттеу;
Еңбекақы қорын пайдалану тиімділігін көтеру резервтерін анықтау.
Талдау үшін ақпарат көздері:
Ұйымның экономикалық және әлеуметтік даму жоспары, еңбек жөніндегі статистикалық есеп беру, табель есебінің және кадрлар бөлімінің мәліметтері.
Еңбекақы шығындары өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнында айтарлықтай үлес салмақты алады.
Еңбекақы шығындарын қалыптастыру жұмысшылардың категориясына тәуелді, өйткені жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге көп жағдайда орындалған жұмыстың көлемі (кесімді еңбек ақы жағдайында) немесе атқарылған уақыт (мерзімді еңбек ақы төлеу жағдайында) ықпал етеді. Қызметкерлердің еңбек ақысы бекітілген қызметтік окладқа сәйкес жүргізіледі, яғни өндіріс көлемімен тікелей байланысты [23, 122].
Еңбекақы еңбек өнімділігімен тығыз байланысты. Еңбек өнімділігі – еңбек процесінің тиімділік көрсеткіші, ол белгілі бір уақыт өлшеміне өндірілетін өнім көлемін сипаттайды. Ал еңбекақы жұмысшыға орындалған жұмыс үшін төленетін ақшалай сыйақы. Ұйымда еңбек ресурсы және оның өнімділігіне талдау жүргіземіз. Еңбек өнімділігін арттыру – кәсіпорынның тиімділігін арттыруда мыңызды факторлардың бірі. Адам еңбегі- қоғамдық байлықтың негізгі көзі. Аз шығын жұмсай отырып, мол өнім өндіру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды болып табылады. Талдау процесінде еңбек өнімділігінің деңгейі, динамикасы және оның өсу қарқыны анықталады. Еңбек өнімділігі бұл- жұмыс уақытының бірлігіне өндірілген өнім көлемін көрсетеді. Ұйымда еңбек өнімділігі көрсеткіші натуралды және құндық түрінде есептелінеді.
Кесте 15
Еңбек өнімділігі көрсеткіштерін талдау
Көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Өзгерісі
2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда (+,-)
|
Өндірілген өнім көлемі, мың теңге
- 1 жұмысшыға
- 1 адам / сағатқа
- 1 адам/күнге
|
102447
1600,7
1,70
13,62
|
136597
2038,8
2,27
18,20
|
+34150
+438,1
+0,57
4,58
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
15 кесте мәліметтері бойынша ұйымдағы еңбек ресурсы мен еңбек ресурсына әсер ететін факторларды анықтап,талдау жүргіземіз. 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 34150 мың теңгеге ұлғаюына байланысты 1 жұмысшыға, 1 адам-сағатқа және 1 адам-күнге есептелінген өнім көлемі сәйкесінше 438,1 және 0,57 мен 4,58 теңгеге ұлғайды.
Ұйымның негізгі саласы кеңселік қызмет көрсету болғандықтан мұнда еңбек ететін жұмысшылар да өте көп емес. Сонда да болса ұйым өз қызметін нарық талабына сай атқарып келеді. Ұйымның болашақтағы жоспарында қызмет аясын кеңейту мәселелері қарастырылған.
Нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыстың дәл сомасы анықталынды. Мұнан байқағанымыз, есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда өткізілген өнімнен түскен табыстың ұлғаюы көрсетілген.
Кәсіпорын алдағы уақытта еңбек потенциалын арттыра отырып, өндірісті дамытуды көздейді [23, 94б].
16 кесте мәліметтері бойынша еңбек өнімділігі көрсеткішіне әсер ететін факторларды есептейміз. 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда кәсіпорында атқарылған адам-сағат шығыны 3728 адам-сағатқа ұлғайған.
Бұған әсер етіп отырған негізгі факторлар жұмы күнінің ұзақтылығы мен еңбек ресурсының ұлғаюы. Соған сәйкес атқарылған адам-күн шығыны да 466 адам-күнге ұлғайған. Осының нәтижесінде 1 жұмысшыға есептеген адам-сағат пен адам-күн көлемі де артқан. Еңбекақы қорын пайдалануды талдау бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде нақты мерзімге жүргізіледі. Талдаудың негізгі мақсаты- еңбекақы қорын пайдалануды қатаң бақылау, төлеудің үнемделу резервтерін қарастыру, жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін еңбеккерлерді материалдық ынталандыру қажет.
Кесте 16
Еңбек өнімділігі өзгерісіне факторлар әсерін есептеу
Көрсеткіштер
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда өзгерісі (+,-)
|
1. 1 жұмысшының өндірген өнім көлемі, мың теңге
|
1600,7
|
2038,8
|
+438,1
|
2. 1 жылда атқарылған:
- адам -сағат
- адам-күн
|
19360
2420
|
23088
2886
|
+3728
+466
|
3. 1 жұмысшының атқарған адам-сағат
|
1760
|
1776
|
+16
|
4. жұмыс күнінің ұзақтығы
|
8
|
8
|
-
|
5. 1 адам – сағ-қа өндірген өнім, мың теңге
|
1,70
|
2,27
|
+0,57
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
Талдау барысында жекелеген жұмысшылар бойынша еңбекақының деңгейі, ееңбекақы қорының өзгерісі есептелінеді.
Еңбек ақы қорын пайдалануды талдау бұрын қарастырылған жүйеде жүзеге асырылуы тиіс. Ұйымдағы оның негізгі кезеңдеріне келесілер жатады:
Есептіліктің және жедел бақылаудың қажетті мәліметтерін таңдау, өңдеу және жүйелеу.
Жинақталған материалдарды талдау.
Ұйым жұмысының тәжірибесіне шұғыл ықпал ету және өндіріс тиімділігін көтеру шараларын жүзеге асыру және жасау үшін талдау нәтижелерін пайдалану.
Талдау мақсаты үшін еңбек ақы қорын жұмсауға ықпал ететін нақты факторлардың әсерін анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін мәліметтер мен ақпараттарды ғана таңдап, өңдеп және жүйелеу керек.
Талдауды тиімді жүзеге асыру үшін келесі материалдардың қол астында болуы шарт:
Өндіріс көлемі, жұмысшылар саны, еңбек өнімділігі, орташа айлық (тоқсандық, жылдық) жалақы, еңбек ақы қоры жайлы есеп мәліметтері.
Еңбек ақы қорын, оның құрамдас бөліктері бойынша пайдалану туралы есептік мәліметтер.
Ұйымдағы тарифтік тәртіптің жай-күйін сипаттайтын бақылау жүйесінің және жұмыс пен жұмысшыларды тарифтеудің дұрыстығы туралы мәліметтер.
Қалыпты еңбек жағдайларынан ауытқулар үшін қосымша ақы туралы мәліметтер.
Ұйымдағы техникалық нормалаудың жай-күйі туралы мәліметтер.
Есепті кезеңде жүргізілетін төлемдер мен қосымшалардың заңдылығын сипаттайтын мәліметтер.
Жұмысшылардың жұмыс өнімділігі есебінің дұрыстығын жедел бақылау мәліметтері.
Талдау қорытындысының дұрыстығы және оның тиімділігі зерттелетін мәліметтердің салыстырмалылығына тәуелді. Талдау кезіндегі көрсеткіштердің салыстырмалылығы әсіресе төмендегі жағдайларда маңызды:
Өндірістік бағдарламаның өнім түрлері бойынша нақты орындалу жоспардан қалып жатқан жағдайда, яғни есепті кезеңде өнім түрлері бойынша өзгерістер және сонымен байланысты еңбек сыйымдылығында да өзгерістер байқалғанда [23, 134].
Ұйымда еңбек ақыны жоспарлау әдісі дұрыс болмағанда.
Есепті кезеңде есептеу (тарифтік) ставкалары өзгерген жағдайда.
Еңбекақы қорының нақты үнемделуі немесе өсімі нақты және жоспарлы еңбек ақы қорын салыстыру жолымен анықталады. Бірақ мұндай салыстыру өнімді шығару жоспары 100 пайызға орындалған жағдайда ғана мүмкін. Бәрімізге белгілі жұмысшылардың кейбір категорияларының еңбекақы қоры өнім көлемімен тікелейбайланысты емес.
Нақты ауытқудың шамасына екі фактор әсер етеді:
жұмысшылардың орташа тізімдік санының өзгерісі;
бір жұмысшының орташа тізімдік санының өзгерісі;
Орташа жылдық жалақының өзгерісі. Орташа жылдық жалақының еңбек ақы қорының өзгерісіне ықпалын анықтаудың қолданыстағы әдістемесі бойынша бір жұмысшының орташа жылдық жалақысын есепті жылдағы орташа тізімдік жұмысшылардың нақты санына көбейтеді. Осылайша, қарастырылып отырған факторлардың ішінен біреуі (орташа тізімдік жұмысшылардың санының өзгеруі) теріс әсер етсе, ал екіншісі (орташа жалақының өзгерісі) оң ықпал етті.
Талдаудың келесі кезеңінде еңбек ақы қорының артық жұмсалуына ықпал еткен нақты себептерді анықтау керек.
Еңбекақы қорының нақты ауытқуына қарағанда салыстырмалы ауытқуына үш фактор әсер етеді:
жұмысшылардың орташа тізімдік санының өзгерісі;
орташа жылдық жалақының өзгерісі;
өнім өндірісінің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызы.
Жоғарыдағы есептеулерден белгілі, қордың салыстырмалы ауытқуы жоспардың орындалу дәрежесіне тәуелді. Ұйым жұмысының тиімділігін бағалау үшін өзге де экономикалық көрсеткіштермен қатар еңбек өнімділігінің өсім қарқыны мен орташа жалақының арақатынасын анықтау маңызды. Жоспарда бір жұмысшының орташа жылдық өнімділігінің өнім өндіру көлемінің өсім қарқыны орташа жылдық жалақының өсім қарқынынан жоғары болуы керек. Мұндай жоспарлы көрсеткіш еңбек ақы қорын пайдалану тиімділігін көтеруге ықпал етіп, айналыс шығындарының деңгейінің және ұйым жұмысының тұрақтылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
3.2 Кәсіпорынды өндірістік ресурстармен қамтамасыз ету және каржылық жағдайын жақсартудың жетілдіру жолдары
Экономиканың тұрақты өсуі өнеркәсіп өндірістерінің жоғары технологиямен жарақтанып және ғылыммен қаруланған өндірістердің озық дамуы негізінде жүзеге асырылады. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының «Инновациялық дамуының» бағдарламасы және «Инновациялық қызмет туралы» Заңы қабылданды. Қабылданған барлық құжаттардың негізгі мақсаты экономиканың салаларын инновациялар мен технологиялардың қазіргі заманға лайықты түрлерін игеру негізінде дамудың шикізаттық бағытынан кету болып табылады. Қазіргі кезде өзіміздің индустриалдық технологияларымызды пайдаланумен қатар, дамыған елдердің-технологиялық факторларын пайдалану және солардың көмегімен өнімдердің қазіргі заманға сай соңғы түрлерін шығару. Экономикадағы нәтижелі құрылымдық өзгерістердің әлемдік тәжірибесі көрсетіп бергендей құрылымдық қайта құрудың шешуші аспектісі өндіріс көлемінің өсуіне ғана емес, өз бойында даму элементтері бар өндірістерге қолдау жасау болып табылады. Кәсіпорынның техникалық жарақтану деңгейінің төмендеуі көп жағдайда өндірілетін өнім көлеміне кедергі келтіреді. Сондықтан пайдаланылатан ресурстардың экономикалық тиімділігі өлшемінің әдістемелік мәселелері, оны пайдалану деңгейі анағұрлым күрделі экономикалық-статистикалық проблемалар қатарына жатады. Нарықтық экономикада компанияларының ішкі және сыртқы рынокте бәсекелестік күресті дамыту мақсатында және көрсететін қызмет (жұмыс, қызмет) сапасын жетілдіру барысында қуатты, әрі жаңа технологиялармен қамтамасыз ету электрэнергияны, жоғары қысымдықтағы құралдармен және қазіргі заман талабына сай инновацияның жетістіктерін кеңінен пайдалану қажет [21, 123б].
Ғылыми-техникалық потенциал – кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Бүгінгі күні дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму мен көркейтудің негізгі жолы – ғылыми-техникалық жаңару және сол негізде өнім бәсекесін арттыру болып табылады. Кәсіпорынның қуатты, әрі өнімділігі жоғары құралдармен қамтамасыз етілуі экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына және ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан да әлемдік рынокке шығуда отандық кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық және инновациялық саясат - ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған.
Нарықтық экономикада кәсіпорындар рационалды, әрі табысты жұмыс істеу үшін потенциалды ресурстармен толық қамтамасыз етілуі қажет.
Негізгі қор өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылып, өнім өндіруге (жұмыс,қызметтер) бірнеше рет қатыса отырып тозады. Бірақ, негізгі құралдар өзінің заттық құрамы бойынша бірдей емес және ол «белсенді», «белсенді емес» құралдарға бөлініп өндіріс процесінде әртүрлі функцияларды жүзеге асырады. Негізгі құралдардың белсенді бөлігін машиналар, құрал-жабдықтар құраса, ал белсенді емес бөлігіне – үйлер, ғимараттар кіреді.
Кәсіпорындағы негізгі құралдар құны мен құрамы өндіріс процесінде үздіксіз өзгерісте болады: ескірген қорлар істен шығарылады, рынок жағдайында кәсіпорынның қажеттілігіне қарай тиімді әрі жаңа құралдарды іске қосу және негізгі құралдарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі, яғни негізгі құралдарда ұдайы өндірістік процесс қалыптасады.
Кәсіпорынның мүліктік жәй-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлар болып саналатын оның өндірістік потенциалының маңызд элементтерінің жағдайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құндылығы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады [21, 145б].
17 кестеде негізгі қордың құрамы мен құрылымы көрсетілген. 2013 жылғы статистикалық көрсеткіш бойынша барлық негізгі құралдар үлесінде 96,3 пайызды үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар 1,6 пайыз, транспорт құралдары 1,8 пайыз, ал басқа да негізгі құралдар үлесі 0,3 пайызды құрайды. 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда негізгі құралдардың барлығының сомасы 9589 мың теңгеге ұлғаюының нәтижесінде үйлер мен ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, транспорт құралдары, ал басқа да негізгі құралдар көбейген.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш - бұл негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті. Кәсіпорындағы негізгі құралдардың жыл басы мен жыл аяғындағы құны, жыл ішінде келіп түскен және істен шыққан негізгі құралдар құны – мұның барлығы негізгі құралдардың қозғалысын көрсетеді. Осы кәсіпорындағы 2011-2013 жылдар аралығындағы негізгі құралдар қозғалысына (17 кесте) нақты талдау жасалынып, ұсыныстар енгізілген.
Кесте 17
Ұйымдағы негізгі ресурстардың қозғалысы
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
Өзгерісі, 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда
(+,-)
|
2011
|
2012
|
2013
|
Жыл басындағы негізгі қор құны, мың теңге
|
30216
|
37115
|
19436
|
-17679
|
Жыл ішінде келіп түскені,
мың теңге
|
15282
|
234
|
984
|
+750
|
Істен шығарылған негізгі қор, мың теңге
|
8383
|
17913
|
2483
|
-15430
|
Жыл аяғындағы негізгі қор құны, мың теңге
|
37115
|
19436
|
17937
|
-1499
|
Жылдық өсімі, мың теңге
|
+6899
|
-17679
|
-1499
|
-
|
Пайыздық өсімі, %
|
122,8
|
52,3
|
92,2
|
39,9
|
Негізгі қордың шығу коэффициенті
|
0,03
|
0,0001
|
0,003
|
+0,0029
|
Негізгі қордың жаңару коэффициенті
|
0,19
|
0,0002
|
0,008
|
+0,0078
|
Негізгі қордың тозу сомасы, мың теңге
|
4733
|
5826
|
9747
|
+3921
|
Негізгі қордың тозу коэф-і, %
|
0,72
|
0,73
|
0,75
|
+0,02
|
Негізгі қордың жарам-қ коэф-і, %
|
0,28
|
0,27
|
0,25
|
-0,02
|
Е С К Е Р Т У -Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
Кестеде ұйымдағы негізгі құралдардың қозғалысы көрсетілген.
2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда негізгі құралдардың жыл басындағы құны 17679 мың теңге сомаға ұлғайған. Жыл ішінде істен шығарылған негізгі құралдар көлеміне қарағанда келіп түскен құралдар көлемі 2,5 есеге көп. Негізгі құралдардың жылдық өсімі 750 мың теңге немесе 420,5 пайызға ұлғайған. Келіп түскен құралдар санының көп болуына байланысты негізгі құралдардың жаңару коэффициентінде 0,0078 бірлікке дейін ұлғайған.
Өндірісте негізгі құралдардың нақты болуы, оның құні, техникалық деңгейі және оны тиімді пайдалану кәсіпорынның өндірістік қызмет нәтижелері: өнім өндіру, оның өзіндік құны, пайда, рентабельділік және қаржылық тұрақтылық жағдайына көп әсер етеді. Кәсіпкерлік қызмет экономикада белсенді және бәсекелестік ортаны құрумен қатар, мемлекеттің экономикалық даму тұрақтылығының негізгі индикаторы болып табылады. Сондықтан, өндіріс орындарының қуаттылығын арттырып, ырғақты өнім өндіруде қажетті өндіріс құралдарын толық пайдалана білуі қажет. Әрі қарай кәсіпорынның ағымдық активтерінің жәй-күйіне тоқталып, оның кәсіпорын қызметін жеделдетудегі негізгі роліне тоқталамыз және оның өзгерістеріне талдау жасай отырып, нақты ұсыныстар енгіземіз.
18 аналитикалық кестені құра отырып ағымдық активтердің құрамы мен құрылымына талдау жүргіземіз. Келтірілген статистикалық мәліметтер кәсіпорын активтерінің жалпы алғанда пайдалы динамикасын көрсетеді.
Кесте 18
Ағымдық активтердің құрамы мен құрылымына талдау
жылдар
|
Ағымдық актив-ң барлығы
|
Оның ішінде
|
ТМҚ
|
Қысқа мерзімді дебиторлы қарыздар
|
Ақша қаражаты
|
Басқа да активтер
|
мың теңге
|
үлесі,
%
|
мың теңге
|
үлесі,
%
|
мың тең-ге
|
үлесі,
%
|
мың тең-ге
|
үлесі,
%
|
мың теңге
|
үлесі,
%
|
2012
|
23669,5
|
100,0
|
22585,5
|
95,4
|
1072
|
4,5
|
12
|
0,1
|
-
|
-
|
2013
|
19281
|
100,0
|
5669
|
29,4
|
12522
|
64,9
|
795
|
3,9
|
295
|
1,8
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
2013 жылы барлық ағымдық активтердің 95,4 пайызы тауарлы-материалдық қорлар үлесіне, 4,5 пайызы қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар қарыздар үлесіне, 0,1 пайызы ақша қаражаттарының үлесіне, 1,6 пайызы басқа да активтьер үлесіне тиеді. 2012 және 2013 жылдары басқа да активтер сомасы көрсетілмеген. Тек 2013 жылы ғана басқа да активтер көлемі көрсетілген. Оның құрамына 715 мың теңге салықтық міндетті төлемдер және 491 мың теңге болашақ кезең шығындарының үлесіне тиеді. Дебиторлық борыштың көп көлемде өскенін және бұл бапты не үшін түсіндіру керектігін зерттеп, қарыздарды өтеудің болашағын бағалау және егер болған жағдайда олардың құрамындағы күмәнді қарыздарды анықтау қажет. Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, оның көлемі, қозғалысы және түрі, яғни оның пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады.
Кәсіпорында активтердің өсуі оның болашақтағы дамуын көрсетеді және кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Қазіргі бәсекелестік ортада өнім өндірудің қарқындылығын және елдің әлеуметтік сферасын дамытуда өнеркәсіп кәсіпорындарының атқаратын ролі зор [21, 152].
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметтің негізгі ерекшеліктері оның әр түрлерінің қалыптасуы мен жаңа жұмыс орындарын құрумен ерекшеленеді. Ол экономикада белсенді және бәсекелестік ортаны құрумен қатар, мемлекеттің экономикалық даму тұрақтылығының негізгі индекаторы болып табылады. Экономикадағы оның ролі халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту.
Экономикасы дамыған елдерде шағын бизнес секторы жұмыс орынын құрудағы негізгі көздердің бірі болып табылады. Шағын , орта және ірі бизнестің көлемін анықтайтын негізгі көрсеткіш – кәсіпорындарда жұмыс істейтін адам саны. Қазіргі кезде өндіріс орындары сауатты, білікті кадрлармен жасақталған сайын сапалы өнім (қызмет, жұмыстар) өндіру ұлғаяды. Іскерлік деңгейі қанша жоғары болса, кәсіпкерліік қызмет сонша дамиды және рынок сұранысына сәйкес оның жаңа түрлері мен формаларын дамытуға болады.
Еңбек ресурсын қалыптастыру және оны экономиканың әртүрлі салаларында пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Кәсіпорындарды қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етіп, оны дұрыс пайдаланудың өнім өндірісін ұлғайту мен өндіріс тиімділігін арттруда маңызы зор. Кәсіпорындарда еңбек ресурсын талдаудың негізгі міндеттері мыналар:
- кәсіпорындағы еңбек ресурсының құрамы мен құрылымын бағалау;
- еңбек ресурсының ағымдылық көрсеткішін анықтап, оның өзгерісіне талдау жасау;
- кәсіпорындағы еңбек ресурсы, оған жұмсалған еңбек шығындарын талдау;
- еңбек ресурсын толық, әрі тиімді пайдалану резервтерін енгізу [22, 52].
Қазіргі кезде кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету стратегиялық факторлардың бірі болып табылады. Инновациялық технологияны игеру, оны өндіріс процесіне енгізу барысында адами фактор үлкен роль атқарады. Міне, сондықтан да оларды тиімді басқара отырып, үнемі біліктілігін арттыру қажет.
“Пана-1” ЖШС – нің 2011-2013 жылдар аралығындағы еңбек ресурстарының көлемі мен құрылымының өзгерістерін анықтап, талдау жүргіземіз. Кәсіпорындағы жұмысшылар 64-67 адамға дейін өзгерген. Барлық жұмысшылардың 8 пайызы басқару аппаратының үлесіне тиеді. Орташа айлық еңбекақы 3458 мың теңгеге көбеюіне байланысты еңбек ақы қоры да 4433,15 мың теңгеге ұлғайды. 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда атқарылған адам-сағат шығын мөлшері 182292 адам-сағатқа ұлғайды. Компанияда еңбек ақы бойынша қарыздар көлемі 12350-22165 мың теңгеге дейін ұлғайып, қарыз көлемі жылдан-жылға артып келеді.
Кесте 19
Кәсіпорынды еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
Ауытқу, 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда
(+,-)
|
2011
|
2012
|
2013
|
Жұмысшылар барлығы
|
62
|
64
|
67
|
+3-
|
-әкімшілік-басқару персоналдары
|
5
|
6
|
5
|
-1
|
Еңбек ақы қоры, мың теңге
|
31788
|
35283,45
|
39716,6
|
+4433,15
|
Орташа айлық еңбекқоры, теңге
|
42726
|
45942
|
49400
|
+3458
|
Барлық атқарылған адам - сағат
|
742720
|
520892
|
703184
|
+182292
|
- бір жұмысшыға шаққанда, адам-сағат
|
1824,86
|
1302,23
|
1757,96
|
-455,73
|
Еңбек ақы бойынша қарыздар,
мың теңге
|
12350
|
19352
|
22165
|
+2813
|
Е С К Е Р Т У - Кесте мәліметтері «Пана-1» серіктестіктің балансынан және оның қосымшалардан алынды
|
Кәсіпорында еңбек ресурсын тиімді пайдалану, яғни инновациялық жетістіктерді кеңінен пайдалана отырып, өндірістің өнім өндіру сферасында жоғары экономикалық дәрежеге қол жеткізу. Кәсіпорында еңбекті дұрыс ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- кәсіпорында кадрлардың тұрақтылығын сақтау;
- жұмыстың нәтижесі бойынша кәсіпорын жұмысшыларын материалдық ынталандыру;
- кәсіпорын жұмысына материалдық жауапкершілік;
- өндірістік қызметтен алынған табысты шығынмен, салыстыру;
- еңбек процесін дұрыс ұйымдастыру;
- мөлшерлеуді жетілдіру;
- жаңа технологияларды өндіріс процесіне енгізу арқылы еңбек шығынын азайту [23, 174].
ҚОРЫТЫНДЫ
Материалдық қорлардың басқаруды ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Өндірістік қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы – материалдық қорларының құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. Сол себепті нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қоймасындағы өндірістік қорлар көлемін анықтау, оларды жекелеген түрлері бойынша жыл соңында анықтап, талдау жүргізу кәсіпорынның қаржылық жағдайына елеулі әсер ететіні белгілі. Себебі қоймадағы дайын өнімдер, запастадың қай уақытта ақша құралдарына айналып, кәсіпорынның ең өтімді активтерінің үлесін арттырады. Бұл өз кезегінде кәсіпорынның міндеттемелермен уақтылы есеп айырысуын қамтамасыз етеді, екіншіден өнім өндірісін жылдамдатады, үшіншіден, ағымдық шығындарды мерзімінде жабуға мүмкіндіктер береді, төртіншіден, нарықты қажетті өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды, бесіншіден кәсіпорынның стратегиялық жобаларды жүзеге асыруына жағдай жасайды.
Ұйымда негізгі материалдық шығындардың жұмсалуына қатаң бақылау жүргізу қажет және материалдық шығындардың өзгерісіне әсер етуші факторларды талдаудың нәтижесінде материалдар бағасының өзгерісіне материалдардың сатып алу бағасы, дайындау шығындары мен тасымалдау шығындары ерекше ықпал ететіні анықталды. Ал материалдарды сатып алу бағаларына елдегі инфляциялық жағдайлар, материалдар мен шикізаттардың нарығы, материалдардың сапасы әсер етсе, тасымалдау шығындарына тасымалдау қашықтығы, тасымалдайтын көліктің түрі, көлік қызметтері үшін тарифтер әсер етеді. Сонымен кәсіпорында өнім өндірісінде материалдық шығындардың нормаға сәйкес жұмсалуын қамтамасыз ету үшін материалдарды тасымалдау, сақтау шығындарын азайту, ұйымның өзінде өндірілетін шикізаттар мен материалдардың өзіндік құндары мен шығын мөлшерін төмендету, ең маңыздысы материалдарды өндіріске қатаң шектеумен жіберу арқылы және белгіленген шығын нормаларының сақталуына жүйелі бақылау жүргізудің нәтижесінде тиімді әрі үнемді пайдалануға болады деп есептейміз.
Нарықтық экономика жағдайында өндірілетін өнімнің бәсекелестік қабілетінің артуы бірінші кезекте жеткізілген шикізат сапасына, екіншіден, ұйымда еңбек ететін жұмысшы-персоналдарға байланысты. Олай болса, өндірістің қарқынды дамуы жаңа технологияны тез меңгеретін кадрлар әлуетіне тәуелді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін «Пана-1» серіктестігінің нақты бухгалтерлік және статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып талдау жүргізіп, қорытынды жасаймыз:
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша өндірісті тұрақтандыру және даму жолына қою үшін маңызды, оның дұрыс ұйымдастырылуына әр ұйымның экономикасы тәуелді. Зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, «Пана-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде талдау жағдайы қанағаттанарлық.
Ұйымда еңбекақы қорын үнемдеу мәселесі де жан-жақты талданып, нақты ұсыныстар жасалды. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың табысты жұмыс жасау үшін оларды қажетті өндіріс ресурстарымен толық қамтамасыз етілу деңгейін әрбір кезеңдерде жан-жақты талдап отыру қажет. өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті рыноктың жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасай алмады. Міне, осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға әкеліп соқтырды.
Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана емес, сонымен қатар кейбір оңды мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:
кәсіпорындар бірте-бірте рынокқа бейімделіп, шынында сатып алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре бастады;
көптеген кәсіпорындар инфляцияның салдарынан құлдырауы жағдайында өндіріс шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның жақсарту қаржылық сәттілікті дұрыс шешудің бірден бір жолы екенін түсіне бастады;
рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда кінәратсыз бәсеке пайда болды.
Рынок экономикасында еңбек ресурстарының маңызы арта түседі. өндірістің инвестициялық кейбір экономикалық салаларда кінәратсыз бәсеке пайда болды.
Рынок экономикасында еңбек ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвестициялық бағыты, ғылыми техникалық процестің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының артуы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке шығармашылық жағынан қарауға және жоғары дәрежеде маманда дайындауға ықпал жасайды.
Осы орайда дипломдық жұмыста жан-жақты зерттеулер жүргізе отырып, мынадай қорытындылар алынды: дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде кәсіпорында еңбеккеақы төлеуді ұйымдастыру шаралары қарастырылды. Талданып отырған мерзімде кәсіпорында еңбек ақы қорының көлемі жылдан-жылға артуда, яғни 2013 жылды 2012 жылмен салыстырғанда 4433,15 мың теңгеге артқан. Бұл көрсеткіштің артуына мынадай факторлар – еңбек ақының орташа мөлшерінің артуы әсер еткен. Еңбек ақы қорының тиімділігіне талдау жүргізіле отырып, соңғы 2013 жылы бір жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысы, 38136 теңге болды. Талдау барысында кәсіпорында орташа жалақы және еңбек өнімділігінің өсу қарқынының арасындағы сәйкестілік анықталынып, талдау жасалынды. Кәсіпорында жылдан-жылға жұмысшылар саны артып келеді. Ол кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін көрсетеді. Кәсіпорынның өз жұмысшы-қызметкерлерінің алдында қарыздары жоқ. Осы жағдайларды қорытындылай келе, кәсіпорынның қазіргі жағдайында еңбекақы шығындарын реттеудің және төмендету сұрақтарын шешуде мынадай есептерге көңіл аударылуы қажет:
Кәсіпорынның нарықтық қызметінің және оның пайдалылығының нәтижесі;
Кәсіпорында еңбек ақы шығындарын төмендетуде қызметкерлердің қызметін, еңбек нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің рентабельдігін және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында еңбекақы төлеуді оңтайлы ұйымдастыруының негізінде мынадай басты қағидалар тиісті:
еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбек ақыны жүзеге асыру;
кәсіпорынның салалық және аймақтық қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкерлердің біліктілігіне байланысты еңбек ақыны саралау;
нақты еңбек ақының ретті жоғарлауы, яғни көрсетілген еңбекақының өсу қарқыны кезінде инфляциядан жоғарылап кетпеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |