Туменбаева Н. С



бет4/14
Дата06.07.2018
өлшемі2,72 Mb.
#47612
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

в)CH CH CH (CH) C (CH) (CH) CHCH (CH) CH

ЕСЕПТЕР.

1. Сутегімен салыстырғанда салыстырмалы тығыздығы 22 болатын көмірсутектің молекулалық формуласын тап .

Жауабы: 
2. Көмірсутектің азотпен салыстырғанда тығыздығы 1,57. Көмірсутектің формуласын тап.

Жауабы: .


3. Массасы 3,2 г көмірсутегін жаққанда 9,9 г көміртегінің (ІҮ) оксиді және 4,5 г су түзілді. Осы заттың сутегімен салыстырғанда тығыздығы 64. Көмірсутектің молекулалық формуласын тап.

Жауабы:


4. Массасы 29 г көмірсутегін жаққанда 88 г көміртегінің (ІҮ) оксиді және 45 г су түзілді. Осы заттың ауамен салыстырғанда тығыздығы 2-ге тең . Көмірсутектің молекулалық формуласын тап.

Жауабы:


5. Құрамында көміртегінің массалық үлесі 51,89 % , сутегі 9, 73 % және хлор 38,38 % болатын органикалық заттың молекулалық формуласын тап.

Осы заттың буының ауамен салыстырғанда тығыздығы 3,19- ға тең.

Жауабы:
6. 1 моль газ тәрізді алкан (қ. ж) жанғанда 22,4 л. көміртегінің (ІҮ) оксиді және 36 г су түзілді. Алканның формуласын тауып, осы газдың 5 л көлемін жағуға қажет оттегінің көлемін есепте.

Жауабы: ; 10 л .


7. 30 л метанды жағу үшін 200 л оттегімен байытылған ауа жұмсалды. Оттегімен байытылған ауадағы оттегінің көлемдік үлесін (%) есепте.

Жауабы: 0,3 немесе 30 %.

8. 1 кг гександы толық жағу үшін (қ.ж) қандай көлем ауа жұмсалады? Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 %.

Жауабы: 11782,9 л.

9. Массасы 90 г этан термиялық ыдырағанда қандай масса күйе алынады Күйе шығымының массалық үлесі 80 % .

Жауабы: 57,6 г..


10. Массасы 500 г болатын, құрамында жанбайтын 8% қоспасы бар гексан жанғанда қандай көлем көміртегі (ІV) оксиді түзіледі?

Жауабы : 718,9 л.


11. Метанның небір көлемінің массасы 10 г . Осындай көлем пропанның

(қ.ж) массасын есепте.

Жауабы: 27,5 г .
12. Массасы 43 г гександы нитрлегенде реакция өнімінің шығымы 80% болса, қандай масса нитрогексан түзіледі?

Жауабы: 52,4 г.


13. 4,48 л этанды (қ.ж) нитрлегенде 12 г нитроэтан түзілді. Оның шығымының (%) массалық үлесін есепте.

Жауабы: 0,8 немесе 80%


14. 3 л метан мен этанның қоспасын толық жағуға (қ.ж) қандай көлем оттегі қажет? Осы газ қоспасының ауамен салыстырғанда тығыздығы 0,6.

Жауабы: 6,45 л.


15. 21,6 г алюминий мен 9,6 г көміртегінің әрекеттесуінен алюминий карбиді алынды, оны судың артық мөлшерімен өңдеді. Мұнда қандай көлем (қ.ж) метан бөлінеді?

Жауабы: 13,44 л.


16. Массасы 41 г мен массасы 30 г NaOH әрекеттескенде (қ.ж) қандай көлем метан алынады?

Жауабы: 11,2 л .


17. Қ. ж. 140 л метаннан қандай көлем (тығыздығы ρ=1,5 г|мл) хлороформ алуға болады? Хлороформның шығымы теориялық шығымның 72% құрайды.

Жауабы: 358,5 мл.


Күрделі есептер
1. Қоспа 6 л метан мен 8 л циклобутаннан тұрады, оны жағу үшін (қ.ж.) қандай көлем ауа қажет. Ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 21 %.

ж. 285,7 л

2. 255,6 г иодометан мен 50 г натрийді қосып қыздырғанда 19,04 л (қ.ж.) этан

алынды. Алынған этанның көлемдік шығымын (%) есепте.

ж. 94,44 %.

3. Массасы 100 грамнан болатын бес парафинді май шамның оттегінде жануынан қандай масса су түзіледі, егер парафиндегі көміртегінің массалық үлесі 80 % болса?

Жауабы: 900 г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет