Сабақ тақырыбы: Трапецияның ауданы (1)



Дата30.12.2021
өлшемі28,74 Kb.
#106854
түріСабақ
Байланысты:
0006042f-ab5f06d0
0006042f-ab5f06d0, 0006042f-ab5f06d0, ×6 апта С , ccfdb0fc-d431-11e7-8fe7-dd79c8802846Ходжаева Аманжан 14 апта, Зауреш тапсырма 2020




Күні, айы:




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Аудан

Мектеп: «Манашы орта мектебі» КММ




Мұғалімнің аты-жөні: Самаликова Рзакан Нурбергеновна

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Трапецияның ауданы (1)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.11

параллелограмның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

8.1.3.12

үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;

8.1.3.13

трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану.



Сабақ мақсаты:

Трапецияның ауданының формуласын және олардың элементтерін пайдаланып, есептер шығарады. Есептің нәтижесін тауып, ретімен орналастыру; сұрақтарға жауап беру, сұрақ қоя білу, талдаулар жасау.

Бағалау критерийі

Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез, ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Тілдік мақсаттар

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын:

Қазақша

Русский

English

трапеция

трапеция

trapeze

трапецияның ауданы

площадь трапеции

the area of a trapezoid

трапецияның биіктігі

высота трапеции

the altitude of the trapezoid

трапецияның орта сызығы

средняя линия трапеции

the middle line of a trapezoid



Құндылықтарға баулу

  • жұппен жұмыс жасай отырып оқушыларды өзара сыйластыққа, сенімділікке баулу;

  • оқушы өз бетімен ақпаратты табу;

  • қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану.

Пәнаралық байланыс

Геометрия

Алдыңғы білім

Үшбұрыштың ауданы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру

1) Сәлемдесу;

2) Оқушыларды түгелдеу;

3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

4) Топқа бөлу.



Сабақтың ортасы



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «IDEAL тәсілі»

  1. Суреттегі берілгендер бойынша сұрақтың орнына қойылатын санды табыңдар.

20% 36

50% ?



  1. Параллелограмның бір бұрышы екіншісінен 50 қа үлкен болса, оның бұрыштары неге тең?

Жауабы: 65 , 115

ІІІ. Жаңа тақырыпты ашу:

D C


Дәлелдеуі. ABCD трапециясы (АВ||CD)

берілсін.

АС диагоналі оны АВС және АСD екі

Үшбұрышқа бөледі және олардың

сәйкесінше АВ және CD қабырғаларына

A E B түсірілген биіктіктері трапецияның СЕ

биіктігіне тең болады. Ендеше трапецияның ауданы осы үшбұрыштардың аудандарының қосындысына тең болады, яғни:

Сонымен а, b табандары және һ биіктігі болатын трапецияның S ауданы келесі формуламен есептеледі:



Салдар. Трапецияның ауданы оның орта сызығы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең болады.
ІV. Сыныппен жұмыс. Топтық жұмыс

1. Табандары 12см, 16см және биіктігі 15см болатын трапецияның ауданын табыңдар.



Жауабы: 210см2

2. Трапецияның орта сызығы 3-ке, биіктігі 2-ге тең. Трапецияның ауданын табыңдар.



Жауабы: 6

3. Трапецияның табандары 10см, 35см және ауданы 225см2. Оның биіктігін табыңдар.



Жауабы: 10см

Жұптық жұмыс.

4. Трапецияның биіктігі 20см, ауданы 400см2. Оның орта сызығын табыңдар.



Жауабы: 20см

5. Трапецияның табаны 26см, биіктігі 10см, ауданы 200см2. Оның екінші табанын табыңдар.



Жауабы: 14см

Жеке жұмыс.

1. Трапецияның табандары 3,5 дм және 2,9 дм, ал оның ауданы 2,56 дм2. Трапецияның биіктігін тап.



Жауабы: 0,8дм

2. Трапецияның ауданы 288 см2, табандарының қатынасы -ке тең, ал биіктігі 3,2 дм. Табандарын есептеңдер.



Жауабы: 8cм, 10cм.

Есептер жинағы

Bilimland сайты




V. Сергіту сәті. «Ой қозғау»

1. Табандары 15 см және 19 см, ал биіктігі 18 см болатын трапецияның ауданын тап.



А) 307см2 В) 305см2 (С) 306см2 Д) 304см2

2. Трапецияның биіктігі – 16 см, ауданы – 4 дм2. Орта сызығының ұзындығын тап.

А) 2,3дм В) 2,4дм С) 2,2дм (Д) 2,5дм

Bilimland сайты



Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма: §21.

Рефлексия мен кері байланыс: Рефлексия парағы



Сабақтағы жетістіктерім

Оның себептері

Сабақтағы кемшіліктерім

Оның себептері



















Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Теорема. Трапецияның ауданы оның табандарының қосындысының жартысы мен биіктігінің көбейтіндісіне тең болады.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет