Турабаева акмарал айдаровна


сурет - Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің



бет3/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9932
түріДиссертация
1   2   3   4

5 сурет - Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің

есте сақталуы ( А. Маслоу бойынша)
Әртүрлі анықтамаларды қарастыра отырып, педагогикалық технологияның негізгі белгілерін бөліп көрсетуге болады: 1) технология мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті ретінде анықталады; 2) бұл іс-әрекет міндетті түрде педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді; 3) оқыту және оқу іс-әрекеті алдын ала жобаланады; 4) ол жоғары нәтижеге кепілдік береді.

Педагогикалық технологияның ерекшелігі қойылған мақсаттарға жету кепілдігін беретін оқыту және оқу үдерісі жобаланатындығы мен жүзеге асырылатындығында.

В.В.Юдин оқыту технологиясының негізгі белгілерін береді: -нәтиженің нақтылығы мен анықталғандығы; -оған жету өлшемдерінің бар болуы; -оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің қадамдық құрылымының болуы және тәжірибені қайталау мүмкіндігі.

Білім беру жүйесіндегі технологиялық амалдың маңызды белгілерінің бірі мұғалімге өзі мен оқушылардың жұмысын бағалауға және түзету енгізуге мүмкіндік беретін мақсаттардың бар болуы.

Ең тиімдісі – оқыту мақсаттарының оқушылар әрекеттері арқылы көрінетін оқыту нәтижелері түрінде берілуі. Ол үшін: 1) мақсаттардың деңгейленген нақты жүйесін (таксономиясын) жасау; 2) мақсаттарды айқын және нақты тілмен сипаттау.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тетіктерін мектеп тәжірибесіне жедел және жүйелі енгізу үшін курстардың мазмұнына Б. Блумның «Толық меңгерту теориясы», сондай-ақ нәтижеге бағдарланған педагогикалық технологияларды оқып-үйрену енгізілді. Бұл модулдердің шеңберінде тыңдаушылар бағалаудың критериалдық жүйесін де меңгертіп шығатын болды. Нәтижеге бағдарланған, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған технологияларды меңгерту техникалық және кәсіби білім, жоғары оқу орындары педагогтарының біліктілігін көтеру курстары мазмұнына да енгізілді.


Блум таксономиясы

6 сурет - Білім игеруге бағытталған 6 қадам
Бағдарламаның басты жаңа бағыты – іс-әрекет арқылы зерттеу болып табылады. Ағылшын ғалымдары теориялық білімдерін міндетті түрде мектептерде қолданып, оның дұрыс-бұрыс жақтарына терең талдау жасап отырады екен. Осы бағытта әрбір жаңашыл мұғалімнен өзі сабағында қолданған жаңа тәсілдердің дұрыс-бұрыс жағын терең талдап, зерттеу жүргізу талап етіледі. Ағылшын ғалымдарының дені мектепте дәріс беретін қарапайым мұғалімдер екен, осыдан кейін біздің елдегі кейбір мектеп көрмеген ғалымдар теориясының тәжірибемен мүлдем қабыспай жататындығы әбден ойландыруы тиіс деп есептейміз. Сондай-ақ, осы Бағдарламаның кейбір тақырыптарына қарап отырып, терең толғануға тура келеді. Құндылықтар мен ұстаным, мәдениет дегеніміз не, мәдениетаралық оқушыны қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту сияқты тақырыптар үлкен философиялық тұжырымдарға жетелейді.

Қорыта айтқанда, бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түсетін. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.



Педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында дайындалып, 7 модуль бойынша ұйымдастырылған тренингтік сабақтардың мазмұны мектептегі білім беру жүйесі үшін тың әрі бүгінгі күннің өзекті проблемаларын ашып беріп отыр. Бағдарлама оқыту мен оқу негіздері туралы ғылыми-теориялық білімнің айырмашылықтары бар дегенді жоққа шығармайды. Дегенмен, біздің ойымызша, құзырлы ұстазға теориялық та, тәжірибелік те білім қоры қажет.
Білімге апаратын екі жол Теориялық білім

Тәжірибелік білім



Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет