Турабаева акмарал айдаровна


сурет – Технологияландыру моделі



бет2/4
Дата18.02.2017
өлшемі0,92 Mb.
#9932
түріДиссертация
1   2   3   4

2 суретТехнологияландыру моделі
Яғни, педагогикалық технология - білім беру үдерісінде бекітілген психологиялық педагогикалық ұстанымдар негізінде жүйелі түрде қолданылатын нысандар, әдістер, тәсілдердің жиынтығы, арнайы топтамасы.

Технологияның кәсіби үлгісін қалыптастыру үшін мыналар маңызды:



  • Үш үдерісті айыра білу, олар: тұлғаны дамыту; оқушының іс-әрекеті және оқытушының қызметі;

  • Алдағы тұлғалық өзгерістерге сәйкес келетін тұлғаны дамытудың өзекті (жетекші) тетіктерін таңдап алу;

  • Тұлғаны дамытудың өзекті тетігінің негізінде қандай үдеріс жатқандығын білу;

  • Осы үдеріс негізінде оқушы мен оқытушының іс-әрекет ретін құру;

  • Оқушы мен оқытушының іс-әрекет үдерісінің құрылымын таңдау;

  • Осы үдерістердің құрамды бөліктерінің тұлғаның ішкі белсенділігін

(психологиялық үдерістер) арттыру керектігін есте сақтау.

Педагогикалық технологияның негізгі белгілері төмендегінше нақтыланады:



  • мақсаттары ( оны оқытушы не үшін қолдануы қажет);

  • диагностикалық құралдардың болуы;

  • педагогикалық үдерісті жобалауға мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушының өзара әрекетін құрылымдау заңдылықтары;

  • педагогикалық мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін құралдар және шарттар жүйесі;

  • оқытушы мен оқушы қызметінің барысын және нәтижелерін саралау құралдары;

Заманауи жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін жандандырсақ мұғалімнің талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана «жаңа ғасыр мұғалімі» ретінде көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.















Педагогикалық ізденіс





3-сурет – Инновациялық технологияларды мектепке ендірудің жолдары
В.А.Сухомлинскийдің: «Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың "миына құйғанмен", ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда баланың ой еңбегі өзі де ойлап үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген, байланыстарды жаттап алуына әкеледі. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланы топтастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек» - деген сөзі де дәлел.

Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі – талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу, оны өсіру. Әр мұғалім оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. Қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі Ұлттық орталық «Өрлеу» акционерлік қоғамы құрылды. Бұған бұрынғы облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты мен Астана және Алматы қалаларындағы біліктілікті жетілдіру институты кірді. Назарбаев зияткерлік мектептері жанынан педагогтардың шеберлігін шыңдау орталығы құрылды. Нақ осы жаңа құрылым мұнда Қазақстан мұғалімдерінің шеберлігін тұрақты түрде жетілдіру жұмыстары жүргізіліп, бүкіл әлемдегі озық тәжірибелер негізінде мүлде жаңа бағдарламалар мен әдіс-тәсілдер жасалатын болды. Мұнда оқу үш кезеңге бөлініп, төрт сатылы болып құрылды. Нақты айтқанда, дәрісханаларда «бетпе-бет» оқыту, қашықтан онлайн оқытуы және тағы да дәрісханаларда оқыту. Мұндағы ең негізгі енгізілген жаңалық қайта даярлаудың нақты мерзімі – сын көзбен қарап ойлай білуге үйрету, ақпараттық коммуникациялық технология, оқушыларды тұрақты зерттеу, сыни тұрғыдан бағалау және т.с.с. Қазірдің өзінде осы жүйе бойынша қайта даярлау жұмыстары барлық облыстарда жүргізілуде. Бұның өзі білім беру сапасын арттырудағы және мұғалімдердің дәрежесін көтерудегі айтарлықтай маңызды қадам деуге болады. Бұл мұғалімдердің баспалдақ секілді кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып өсуіне зор ықпал ететіні сөзсіз.






4-сурет – ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі
Шын мәнінде, қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдануды, жаңа формациядағы ұстаздар дайындау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді, нарық экономикасына бейімделген, бәсекеге қабілетті білімді де білікті мамандар дайындауды негізгі стратегиялық межеге жатқызады. Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық, технологиялық әдістерді қолдануды игеру, оқытудың жаңа модельдерін іздестіру және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін күн тәртібіне ендірді. Осы бағытта Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы үшін шетелдік тәжірибелерді зерделеп, енгізу талабы туындап отыр. Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңдегі айқындалған тенденциялары әр халықтың өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің біліммен байланыстылығын, білім саласының өзгермелі өмірдегі аса маңыздылығын дәлелдеп отыр. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттық және мәдени қарымы білім сапасының күйін, оның прогрессивтік даму тарихын айқындайды. Осы тұрғыдан алғанда, егемен Қазақ елінің білімі мен ғылымының стратегиясы, білім беру жүйесінің ұлттық білім мен тәрбие идеяларын сақтай отырып, әлемдік білім кеңістігіне кірігуімен анықталады. Қазіргі мектептердегі оқушылардың бойындағы функциональды сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылып отыр. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға құмбыл, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Қазіргі талаптың басты міндеті – педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми-әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр.

Осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту? Ол – қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады. Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т.б. жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнды ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Бұл жерде «Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген қытай мақалының түпкі мағынасына терең бойлауға тура келеді. Ғалымдар оқыған, естіген, көрген т.б. әрекеттерден гөрі адамның өзі өзгелерге түсіндірген білім көп есте сақталатынын айтады. Алайда барлық оқыту үдерісін ұйымдастырып, көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, бағдарлама ең алдымен, мұғалімге қарай бағытталады. Өйткені мұғалімдер ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, онда алдымен өздерінің де терең ойлау қабілеттерін дамытқан жөн. Сонда ғана бір жақты, «тек менікі дұрыс» деген сенімнен гөрі, жаңашыл идеяларға деген көңіл көкжиектері ашылып, жаңаша қалыптасуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет