Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері.
Қазіргі кезде туризмнің дамуы қарқын алып келеді. Ол туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті жолға қойды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік нарық мына бағыттарда бөлінеді:
*келу туризмі-Қазақстанға келген шетелдіктерге қызмет көрсетуге бағытталған;
*кету туризмі-Қазақстан Республикасы алыс-жақын шетелдерге сапарын ұйымдастыру;
*шоп-туризмі-«желқайықтармен» («челноктармен»)қызмет ету;
*ішкі туризм-ел ішінде отандық туристермен жұмыс;
*әлеуметтік-мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлетін қаражатынан демеу көрсететін саяхат;
*өздігінше (самодеятельный)-туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын, жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.
Бұған қоса туристік бизнестің өзінің ерекше терминалогиясы бар:
*турист-уакытша 24 сағаттан 6 айға дейін қатар келетін немесе 1 түнеп қана қайтатын, денсаулығын түзейге, ел көріп, жер тануға,кәсіби іссапармен, және ешқандай мақсатсыз, бірақ ақысы төленгендіктен елге келетін азамат;
Туристік ресурстар- табиғат, тарихи орындар, туристерге көрсетуге арналған әлеуметтік-мәдени обьектілер сондай-ақ туристердің рухани қажетін өтейтін, олардың күш жігерін нығайтуға ықпал етеін басқа обьектілер;
Тур- туристерді орналастыру, жүктерін тасу, тамақтандыру бойынша қызмет көрсетудің, сондай-ақ жолбасшы- аудармашылардың қызмет көрсетуі мен сапардың мақсатына қарай баолатын басқа да қызмет көрсетудің кешені;
Туристік азық-түлік – туристерге өткізуге арналған турға құқық;
Туристік азық- түліктің жылжуы – туристік азық түлікті бағытталған шаралар кешені (жарнама, мамандандырылған көрмелерге, жәрменкелерге қатысу, туристік жобаларды сату, каталог, буклет шығару және т.б. бойынша туристік ақпарат орталығын ұйымдастыру);
Туристік жолдама – туристік азық-түлікті тапсыру фактісін растайтын құжат;
Туристік кепілхат (вайчер) тур құрамына кіретін қызмет көрсетуге туристің құқын белгілейтін және оның көрсету фактісін растайтын құжат;
Туристік кәсіпорын - Туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша бір немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұдға, ерекшеленген шаруашылық бірлігі.
Туризмдегі есеп
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген. Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріспен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда. Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.
Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi.
Тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
Туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат.
Туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.
Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді.
Өтінуші лицензия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап жеті ай ішінде көрсетілетін туристік қызметтерге сертификат алуға міндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.
Лицензия мынандай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
туроператорлық;
-турагенттік;
-экскурсиялық;
-туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субьектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі.
Лицензия бір данада беріледі, лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төл құжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым ( бұдан әрі-лицензиялық алым) төлейді.
Тұлғаның аталуы Заңды, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.
Лицензия «Лицензия туралы» Заңмен белгіленген мерзімге беріледі.
Лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті адам лицензияға қол қояды және лицензиардың мөрімен куәландырылады. Туризмнің ұйымдық нысаны - халықаралық және ішкі туризм.
Халықаралық туризмге:Келу туризмi - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегiндегi саяхаты;Шығу туризмі - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкi туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегiндегi саяхаты кіреді.Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді. Түркияда туристік компаниялардың персоналды оқыту және әлемдік нарыққа фирмалық марканы жылжыту шығындары бюджет есебінен қайтарылады. Қазақстанда кіру туризмін дамыту үшін ҚР-ның шетелдегі елшіліктерінде, ірі әуежайларда ақпарат орталықтарын құру, отандық туризмді насихаттайтын видеороликтер шығару керек.
Туристік қызметтер бағасы
Бағалардың өзгеруі туралы ақпараттарды жинау республика астанасында, Алматы қаласында, барлық облыс орталықтарында және қалалар мен аудан орталықтарының іріктелген шеңберінде жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету саласының базалық кәсіпорындарын таңдау сол орында жүзеге асырылады. Сауда және қызмет көрсету түрлерінің барлық объектілері іріктеледі, яғни ол зерттеуге ұсынылатын әртүрлі деңгейдегі сауда орындары мен көпшіліктің сұранысындағы тауарларды (қызметтерді) тұрақты өткізетін сауда кәсіпорындары үшін қажет.
Бағалар туралы ақпарат жинау тікелей тауарларды (қызметтерді) өткізу орындарында баға тіркеушілермен жүргізіледі. Зерттеу жүргізілген күні қолма-қол төленген бағалар, салықтарды қоса, бірақ оларды жеткізу үшін қосымша алымдарды қоспай тіркеледі. Республика бойынша орташа бағаның деңгейі жекелеген өңірлердегі баға деңгейінің орташа арифметикалық салмақтағы шамасымен анықталады.
Үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін біріктіретін (толық немесе ішінара) және тауарлар мен қызметтердің белгілі бір түрлерін, ең бастысы тұрғын үй мен тамақ өнімдерін бірлесіп тұтынатын адамдардың шағын тобы. Үй шаруашылығы бір адамнан да тұруы мүмкін.
Тұтыну шығыстары - халықтың тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге бағытталған ақшалай шығыстарының бөлігі. Бұған тамақ өнімдерін сатып алу, үйден тыс тамақтану, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдерін, азық-түлік емес тауарлары мен ақылы қызметтер сатып алу шығыстары кіреді.
Туристік бизнесте бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, 2001 жылғы 13 маусымдағы №211-II Қазақстан Республикасының «ҚР туристік қызметі туралы» заңымен (2002 жылғы 22 ақпандағы №296-II өзгертулерімен), Қазақстан Республикасының №234-III 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық тұрақтылық туралы» заңымен, 2007 жылғы 23 мамырдағы Үлгілі Шоттар жоспарымен, №2 ҚЕҰС реттемеленеді. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүйесі «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы» Заң мен қаржылық есептеменің ұлттық стандарттары орнатқан қағидалар мен сапалы сипаттамаларға сәйкес құрылады. Қағидалардың екі тобы анықталады: негізгі қағидалар (есептеу мен үздіксіз қызмет); ақпараттың сапалы сипаттамалары (түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырымдылық).
Қазіргі уақытта туризм – экономиканың перспективалы саласының бірі болып табылады. Тарихи-мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстармен тең қолдануда туризм тұрғындардың жұмысбастылық деңгейін көтеруге және тауар өнімін, қызмет көрсету өнімділігін жоғарлатуға ықпал етеді. ҚР Президентінің халыққа жолдауында экономиканың шикізат секторының дамуының қажеттілігін атап өтті.
Туристік шығындарға жататын статистикалық деректер мамандарға жоспарлау, коммерциялық қызмет пен зерттеулер саласында талап етілетін маңызды көрсеткіштердің бірін білдіреді. Олар туризмнің ұлттық экономикаға әсерін байқау мен бағалау үшін пайдаланылады.
Шығындарды анықтау туризмде «туризм бірліктерін (келушілер) тікелей қанағаттандыру үшін пайдаланылған тауарлар мен қызметтер құны» ретінде анықталатын тұтнудың анықтамасымен байланысты.
Туристік шығындар тұжырымдамасы негізіне бірнеше көзқарастар қатары енгізілген. ДТҰ ұсынымдарына сәйкес келушілердің, туристердің және экскурсанттардың экономикалық маңызды болып табылатын шығындары ғана есепке алуға жатады. Оны келушінің өзі, не оның атынан қандай да бір заңды немесе жеке тұлға әкеле алады. Мысалы, бюджетті басқаратын отбасы иесі саяхаттау кезінде барлық мүшелерінің атынан тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізеді. Туысқандарында және таныстарында болған уақыттағы шығындар қабылдаушы жиі жақ өзіне алмайды. Сапарлар сондай-ақ заңды тұлғалармен: мәселе жұмыс нәтижелері бойынша қызметтік іс сапарлар немесе көтермелеу турлары туралы болғанда кәсіпорындармен, балалар, қарт адамдар және халықтың әлеуметтік тұрғыда қысымшылық көрген кейбір топтары үшін сапарларды ұйымдастырыатын қайырымдылық мекемелерімен; мемлекетпен қаржыландырылады. Кейбір жағдайларды ол туризмді спорттық, емдеу және білім беру мақсаттарымен субсидиялайды.
Келушінің шығындары оның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұтынатын тауарлар мен қызметтер құнымен анықталады. Сұрау салулардың өзі сияқты олар өте әртүрлі: тасымалдау, орналастыру және тамақтанудан бастап ұзақ пайдаланатын үлкен емес заттар, ағымдағы туристік тұтыну тауарлары мен базарлықтарға дейін. Олардың барлығы, сыйлықтардан басқа, келушінің өзімен тұтынылады. Алайда бұл жағдайда да оның иесі саяхаттаушы тұлға емес, басқа біреу болатынына қарамастан жасалған шығындар туристікке жатады.
Туристік шығындар көлемін тауарлар мен қызметтерге нақты шығындар бойынша қолданыстағы жеңілдіктер мен бағаларды, шайлықтар және өзгелерін есепке ала отырып, оларды қолма-қол ақшамен, жолдық чектермен, кредиттік карточкалар бойынша және басқа да тәсілдермен төлеу нысанына қарамастан белгілеу ұсынылады.
Туризм статистикасының басты және неғұрлым қиын проблемаларының бірі туристік шығындар құрамын тәртіпке клтіру болып қала береді. Ол келуші шығыншегетін уақытпен (дайындық кезінде, сапар барысында немесе аяқталғанда), сондай-ақ туризм типімен негізделеді. Сәйкесінше резиденттердің өз елі бойынша саяхатымен байланысты ішкі және халықаралық туристік шығындары ерекшеленіп шығады. Соңғыларының экономикалық болмысын түсіну үшін келушінің шығу елінен бару еліне қозғалысының бағыты маңызды мәнге ие. Шығатын туристік ағын халықаралық туристік шығындар санатымен, ал келу – халықаралық туризмнен түсімдермен қатынасады.
ДТҰ материалдарында халықаралық туристік шығындар қандай да бір елдің тұрақты тұрғындарының шетелдегі саяхаты кезіндегі шығындары арқылы анықталады. Өзгелері санында олар шетелдік көлік компанияларының халықаралық тасымалдаулар бойынша қызметтерге төлемін, сондай-ақ шетелде алынатын тауарлар мен қызметтерге алдын-ала төлемін қосады. Ағымдағы есептеулер теңгерімінде оларға жұбы ретінде халықаралық туризмнен түсімдер көрсеткіші пайдаланылады. Ол шетелдік келушілердің бару еліндегі барлық шығындардың сомасы ретінде есептеледі. Екі көрсеткіш те бірыңғай әдістеме бойынша құрылады және ақшалай қаражаттың трансшекаралық қозғалысымен байланысты шығынтарды ғана көрсетеді.
Ережені қалыптандыру және туристік шығындардың салғастырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында ДТҰ олардың келесі топтастырылуын ұсынады: 1) қызметтердің жиынтығын білдіретін және құрамдас бөліктерге бөлусіз біркелкі бағамен жүзеге асырылатын кешенді турлар;
2) орналастыру;
3) тамақтану;
4) көлік;
5) мәдениет, демалыс және көңіл көтеру мекемелеріне кіру төлемін, сапар кезінде сатып алуға, жөндеуге және спорттық мүліктерді сатып алуға шығындарды, спорттық жеке түрлеріне үйренуге, қысқа экскурсияларға, сондай-ақ гидтердің қызметтерін қоса отырып рекреациялық, мәдени, және спорттық тауарлар мен қызметтер;
6) дүкендік сатып алулар;
7) өзге де баптар, сақтандыру төлемдері, комиссиялық жинаулар, фотоленканы айқындау және фотосуреттерді басып шығару құны және т.с.с. Туристік шығындарды анықтау үшін үй шаруашылықтарын «Үй шаруашылықтарын сапарларға шығындар туралы зерттеу сауалдамасы» (Н-050) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша жыл сайынғы іріктеме зерттеу жүргізіледі, онда келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:
сапарлар саны;
өткізген түндер саны;
туристік сапарлардағы шығындар;
шетелге сапар кезінде Қазақстан Республикасы аумағындағы шығындар;
Іскерлік сапардағы шығындар.
Сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сәйкес 2010 жылы Туризмнің қосалқы шоттарына ақпаратты қалыптастыру үшін сауалдама жүргізумен резиденттер мен резидент еместер қамтылатын әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автостанцияларда, және демалыс орындарында келушілерді іріктеме зерттеу («Келушілерді зерттеу» Н-060 сауалдама) жүргізілуде.
Зерттеу нәтижесінде келесі көрсеткіштер қалыптастырылады:
сұралған келушілер саны;
келушілер саны және оларды туризм типтері бойынша бөлу;
келушілердің сапарлардағы шығындары;
келушілердің туризм типтері бойынша шығындары;
келушілердің болу ұзақтығы бойынша шығындары;
сапарлар мақсаттары бойынша;
көлік түрлері бойынша.
Сапар кезінде немесе оған дайындық барысындағы жасалған келушілердің шығындары туралы деректер ТҚШ көрсеткіштерін қалыптастыру үшін де пайдаланылады.
Бұл іріктеме зерттеуді жылына екі рет (қысқы және жазғы уақытта) жүргізген орынды.
Туристік тұтыну нақты ел аумағында барлық келушілермен тұтынылған тауарлар мен қызметтердің құнын қосады. Бұл ең алдымен орналасуға, көлікке, тамақтануға, көңіл көтеруге, қаржылық қызметтер мен туристік қажеттіліктер үшін пайдаланылатын ұзақ және қысқа мерзімді қолдану тауарларын сатып алуға кететін жеке шығындар. Шығындар сапарға дейін және одан кейін, сондай-ақ ел ішінде әрі шет елге саяхат кезінде жүргізілуі мүмкін.
Туристік сұраныс туристік тұтынуды және соңғы тұтыну құрамдас бөліктермен байланысты қамтылмай қалған тауарлар мен қызметтерді қамтиды. Оларға мыналар жатады:
1) ұжымдық туристік тұтынуға мемлекеттік ұйымдарды шығындары – туризммен байланысты нарықтық емес қызметтер (авияцияны басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, курорттардағы санитарлық қызметтер және басқалар);
2)капиталдық салымдар – туристік индустрия қызметтерін жеткізушілермен (жеке сектор) және жабдықтарды жеткізуге, жарақтандыруға, келушілер үшін инфрақұрылымды құруға мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын шығындар;
3)экспорт – туристік пайдалану үшін шетелге жіберілетін тұтыну тауарлары (қызметтерді жеткізушілердің пайдалануы үшін шетелге жіберілетін жанармай, электроника, өндіріс құралдары (ұшақтар, круиздік кемелер)).
Туризмнің статистикалық көрсеткіштері туристердің тарапынан тауарлар мен қызметтерге қосымша сұраныстарының көзі болып табылады. Бұл сұраныс қосымша ұсынысты тудырады, яғни туризмге тән белгілі бір салалардың (қызмет түрлерінің) экономикалық өсімін ынталандырады Бұдан басқа туризм мемлекеттік қосымша табысының көзі ретінде болады, қосымша жұмыс орындарын, инвестицияларды құруға қажеттілікті тудыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |