Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері


Кәсіпорын қызметінің тиімділігін, көрсеткішін талдау



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі228,5 Kb.
#92026
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Туризм курсовая 3 учет В Даулетбай Наз-Ерке

2.3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін, көрсеткішін талдау.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қызметінің тиімділігі болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.


Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның еңбектері болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында нәтижелілік кәсіпорын қызметінде тиімділіктің басты көрсеткіші болып табылады. Нәтижелілік түсінігі кәсіпорынның шаруашылық қаржы қызметінің бірнеше құрамдас бөліктерінен құрылады. Нарықтық қатынастар жағдайында қызмет ететін кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіндегі нәтижеліліктің басты сипаттамасына табысты жатқызады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтаудың мәнін оны талдаудың негізгі міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Оларды басты міндеттері:
Біріншіден, кәсіпорынның нарықтық қаржылық тұрақтылығын, бәсеке қабілеттілігін сақтау, жұмыскер ұжымның өмір сапасының тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткен нәтижелерінің мәнін қарастыру;
Екіншіден, кәсіпорын қызметінің тиімділігіне ықпал ететін алуан түрлі факторларды және олардың қайнар көздерін зерттеу;
Үшіншіден, зерттеу объектінің келешктегі даму бағыттарын зерттеу;
Кәсіпорынның қызметінде нітижелілікті сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің жиынтығы зерттеу тереңдігіне байланысты болады.
Тиімділікті сипаттаушы бағыттарының бірі зерттеу объектінің іскерлік белсенділігін анықтау болып табылады. іскерлік белсенділік ұйымның дамуының динамикалылығында, оның қойған мақсаттарына жетуінен көрінеді, осының барлығы абсолютты құныдылқты және жанама көрсеткіштерін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет