«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Баум Эдуард Оттонович(1850-1921) — бағбан



бет2/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)

3. Баум Эдуард Оттонович(1850-1921) — бағбан.
Ресейдегі Петровск-Разумовский Егіншілік және орман шаруашылығы академиясын (қазіргі Н.А. Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы) және Санкт-Петербургтегі егіншілік институтын бітіргеннен кейін 1874 жылы Верный(Алматы) қаласына қоныс ауыстырған. Баум бүкіл ғұмырын Алматыны көгалдандыруға арнады. Қала бағының(қазіргі Орталық мәдениет және демалыс саябағының) негізін қалады, қала сыртында үлкен орман алқабын(қазіргі Баум тоғайы) отырғызуды, көшелерді көгалдандыруды, т.б. ұйымдастырды. Баум қалада бақ шаруашылығын дамытуға, сырттан әкелінген әр түрлі жеміс және сәндік ағаштар мен өсімдіктерді жерсіндіруге үлкен үлес қосты. Баум ұсынысымен қалада бақ шаруашылығы мектебі ашылды
4. Жетісу — тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шаньжоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. Семь главных рек, от которых произошло название региона: Или, Каратал, Биен, Аксу, Лепси (Лепсы, Лепса), Баскан, Сарканд. Бұл өлкеде егін шаруашылығы ертеден-ақ шұраттық сипат алып, қолдан суғаруды қажет еткен. Жайылымдық мал шаруашылығы кең өріс алған. Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде (600 — 1200 м биіктікте) ауа райы ылғалды, қоңыр салқын және ауыспалы, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары өседі. Бұл өңір мал жайылымына қажетті көкорай жемісті ағаштар мен шалғындарға бай. В Алма-Ате на фонтане, символизирующем Семиречье, были высечены названия семи рек: Или, Чу, Аксу, Каратал, Лепсы, Тентек и Коксу.
5. Андрей Павлович Зенков(1.12.1863, Ресей, Түмен қаласы – 1.8.1936, Қазақстан, Алматы) – сәулетші, құрылыс инженері. Санкт-Петербургтегі Николаев инжинериялық академиясын (қазіргі Санкт-Петербург архитектура-құрылыс университеті) бітірген (1893). 1898 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Верный қаласына (қазіргі Алматы) қоныстанған. 1907 – 17 жылдары Жетісу облысы инжинерия басқармада жұмыс істеді. Жер сілкінісіне төтеп беретін ағаш үйлер салумен, жер сілкінісіне төзімді құрылыстар жобасын жасаумен шұғылданды. Зенковтың жобасымен салынған үйлер: Верный әйелдер гимназиясы (1904 жылы, қазіргі Алматы мемлекеттік университетінің көркемсурет-графика факультетінің корпусы), Кафедральдық собор (1907), Верный әскери мәжіліс үйі (1908 жылы, қазіргі Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі), Верный сауда үйі (1912 жылы, қазіргі “Қызыл таң” мата үйі), т.б. Кеңес өкіметі жылдары Зенков Алматыны қайта салуға қатысты. 1927 жылдан губерниялық инженер, одан кейін Қазақстанның Халық комиссарлары кеңесі жанындағы Құрылысқа бақылау жасау басқармасының бастығы болды. Ресей мен Түркістанның бірсыпыра ғылыми қоғамдары мен қоғамдық ұйымдарына мүше болды, баспасөз бетінде тарихи және этнографиялық материалдар жариялады. Павел Матвеевич Зенков (1831-1915) - орыс сәулетшісі, Верный қаласының бірінші басшысы (қазіргі Алматы).1869 жылы инженер Н. И. Криштановский бірге Верный қаласының бастапқы тікбұрышты жоспарын әзірледі.1871 жылдан бастап Жетісу облыстық сәулетшісінің міндетін атқарды, қазан Богоматерінің шіркеуін және Эдуард Баумның орман өсіруші үйін салды (Амангелді көшесінде сақталған).1877 жылы қала азаматтық әкімшілік басқармасына берілгенде, бірінші қалалық бас лауазымына қалалық жиналыспен сайланды және 1888 жылға дейін ол болды.1887 жылғы жер сілкінісінен кейін ол жаңадан ұйымдастырылған Верный метеостанциясында жұмыс істеді. Павел Матвеевич бірнеше ғылыми қоғамдардың корреспонденті, жергілікті және орталық басылымдарда Жетісу бойынша өлкетану материалдарын жариялап, Ресей мен Түркістанның түрлі ғылыми қоғамдарымен бірлесіп жұмыс істеді.
6. Балқаш ауданы – Алматы облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1932 жылы құрылған. Жер аумағы 37,4 мың км².Тұрғыны 30,2 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 0,9 адамнан келеді (2006). Аудандағы 38 елді мекен 15 ауылдық әкімшілік округ құрамына енеді. Аудан орталығы – Бақанас аулы. Жер бедері негізінен жазық. Аудан жеріндегі ең ірі өзен – Іле. Оның тармақтары ескі арналар мен көлшіктер құрай отырып Балқаш көліне құяды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі орналасқан. В июне 2018 года создан Госуда́рственный приро́дный резерват Иле-Балхаш.
8. Көксу ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 10 ауылдық округтен, 34 ауылдық елді мекеннен тұрады.Көксу ауданының жалпы жерінің көлемі 706,7 мың гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер 498,1 га. Көксу ауданының климаты континенталды. Жазық даласы жартылай шөлейтті сұры-қоңыр топырақтан, ал тау бөктері ашық-қоңыр, қара топырақтан тұрады.Аудан аумағында Көксу, Быжы, Жарлыөзек, Мұқыры, Мұқаншы өзендері ағып жатыр.Аудан аумағында өсімдіктердің 109 түрі тараған. Ең көп таралған үш тұқымдастар: дәнді, күрделі гүлділер және бұлдырлар. Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнер/гектарды құрайды.Жайылымдар азықтарының қоры жайылымдық кезеңде 180-210 күн ұзақтығымен пайдаланылады. Көксу ауданында 2 мал дәрігерлік пункті, 14 қолдан ұрықтандыру пункті және 7 мал көмінділері жұмыс істейді.
9. Ш.Уәлихановтың Алтынемел мемлекеттік мемориалдық музейі 1985 жылы ғалымның туғанына 150 жыл толуына орай ашылды. Музей құндылықтары ұлы ғалымның өміріне байланысты үш бөлімге бөлініп жинақталған. Ол бөлімдер «Шоқан Уәлиханов және ол өмір сүрген уақыт», «Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі», «Шоқан мәңгі бізбен бірге» деп аталады. Музей экспозициясында Ш.Уәлихановтың өміріне қатысты құнды жәдігерлерлер қойылған. Олардың арасында ғалымның Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай өлкелеріне жасаған саяхаттарының карталары, салған суреттері орын алған. Музей қор бөлімі мен лекция залдарынан тұрады. Экспозиция залдарының көлемі 454 шаршы метр жерді алып жатыр. Музей экспозициясы мен қорында Мемлекеттік Эрмитаж, этнография музейінен берілген қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысына қатысты заттар, құрал-жабдықтар коллекциясы бар. Қазақстанның мемлекеттік Орталық музейі, Пушкин атындағы кітапхана мұражайы музейге көптеген заттар мен кітаптарды сыйға тартты. Музей экспозициясындағы материалдар Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметіне байланысты тақырыптық жүйелеуге қарай бес бөлімді құрады. Бұл бөлімдерде Ш.Уәлихановтың қайраткер ретінде қалыптасуына ықпал еткен сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік, мәдени өмірін қамтитын материалдар, Омбы кадет корпусындағы оқу жылдары мен әскери қызметінің басталуы, алдыңғы қатарлы көзқарастағы орыс интеллигенциясымен танысуы туралы құжаттар, Орта Азия, Оңтүстік Сібір, Қазақстан тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеудегі із қалдырған ғалымның ғылыми мұрасы тұрғысындағы, Петербург кезеңіндегі материалдар деп бөлінген үш бөлім қамтылған. Музей экспозициясында Шоқанның өзі тұтынған заттары да қойылған. Ғалымның өзі жасаған карталары, схемалары, қолжазбалары, экспедиция мен саяхатта салған суреттері, халық қолөнер туындыларының жинақтары қойылған. Экспонаттар ішінде ұлттық музыка аспаптары, Шоқанның жеке коллекциясынан қалған қырғыз, ұйғыр, қытай халықтарының ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдар, минералдар бар.
10. Түргеш және Қарлұқ (766 — 940) қағандықтары дәуірінде Шу, Талас және Іле бойында қолөнер мен сауданың орталығы болған ескі қалалар өсіп, жаңалары пайда болды Атлах, Хамукент, Құлан, Мерке.
9 — 10 ғ-ларда Алматы, Талғар, Дүңгене, Қойлық, Қарғалы.
11 — 12 ғ-ларда Жетісудың солтүстік-шығысындағы негізгі қалалар мен елді мекендер (Шелек, Қапал, Арасан, Лепсі, т.б.) пайда болған.

11. П. П. Семенов Тянь-Шань мен Қазақстан территориясын зерттеуге 1856—1857 жылдары кірісті. 1856 жылғы майда экспедицияға шыққан ол июньде Барнаул қаласында жұмысын бастап, одан Алтайдың батыс аймақтарында болып, Семей қаласы арқылы Верный (қазіргі Алматы) қаласына аттанды.


«Семейден бастап Қапал бекінісіне дейін бүкіл қеңбайтақ әрі өзіндік қызғылықты ерекшеліктері ұланасыр елді аралап, топырақ өңдеу ғылымының мудделері талап еткен жерлердің бәріне аялдап, асықпай-саспай жүріп өттім. Екі жерде биік таулардың мәңгі қар жатқан шоқыларына, атап айтқанда Қапалдың түбіндегі Қаратау тізбегінің және Қапалдан әлдеқайда шалғайдағы Кексу өзенінің маңындағы Аламақ сілемінің ұшар басына шығудын сәті түсті»,— деп жазды, П. П. Семенов Орыс Географиялық қоғамы Советіне жолдаған алғашқы хатында.П.П. Семенов Верный қаласынан екі жолы – Ыстықкөлге, бір жолы – Құлжа қаласына сапарға шықты. Алғашқы сапары Іле Алатауының тау асулары арқылы Ыстықкөлдің шығыс пұшпағына дейін созылды да, екіншісінде Қастек асуынан өтіп, Боам шатқалына барды. Қайтар жолында П.П. Семенов Күнегей және Іле Алатауының ең биік асулырын басып өтті.1857 жылы П.П. Семенов Теріскей Алатау жотасын кесіп өтіп, Тянь-Шань сыртындағы биік адырларға шықты. Сөйтіп оған Сырдарияның негізгі тармағы – Нарын өзенінің жоғарғы сағасын тауып ашудың сәті түсті. Содан соң саяхатшы Тянь-Шаньдағы күрделі әрі қиын екінші бір маршрут бойынша — Қарқара мен Көкжар өзендерінің алқаптарын бойлай отырып қиып өтті де, Хантәңірі тау тізбегін көрді. Сарыжаз өзенінің бастауында болып, П. П. Семенов Хактәңірінің солтүстік беткейіндегі мұзарттарды тауып ашты. Қайта оралған сапарында ол Іле және Жоңғар Алатауын, Іле алқабындағы Қату деген жерді және Алакөл көлін зерттеді. Өз зерттеулерінің корытындылары бойынша П. П. Семенов 1857 жылы екі жазба есебін жариялады. 1867 жылы «Орыс Географиялық қоғамының жазбаларьшда» ол жолсапар күнделігінен үзінді бастырды. 1885 жылы «Аспанмен тілдескен тау және Іле өлкесі» деген тағы бір мақаласын жарыққа шығарды.
12. Панфилов ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. 1923 — 42 жылы Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфилов есімімен аталды. 1956 жылы ауданға Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) қосылды. Жер аумағы 10,6 мың км2.Аудандағы 45 елді мекен 1 қалалық және 12 ауылдық округке біріктірілген.Орталығы — Жаркент қаласы.
Панфилов ауданының туризм саласын дамытуға, көрікті табиғи-рекреациялық аудандары мен тарихи-мәдени мұраларын қайта қалпына келтіруге экономикалық тұрғыдан басты назар аударылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет