19. Ұлы Жібек жолы дәуіріндегі Жетісудың аймағы
«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Егер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудың ең ірі қаланың бірі — Науакентке (Қытайша Синчен) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады. Науакент түрік қағандарының сарайы және соғдылардың қаласы болған. Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикет) арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кей түргештер, қарлықтар астанасы) Суябқа келеді. Жол Іле Алатауының баурайындағы, кәзіргі Қастек, Қаскелең мен Алматы орындарындағы шағын қалашықтар арқылы Талғар қаласының теріскей шетіне орналасқан Тәлхиз (Тәлхира) қаласына жеткен. Осы арада Талғар өзенінің оң жағалауындағы тау баурайында орта ғасырдың аса ірі қала жұртының ойран болған орны жатыр. Тәлхиз транзитті сауданың үлкен орталығы болған.
20. Жамбыл ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі, туристік-рекреациялық мүмкіндігі
Жамбыл ауданы - Алматы облысының оңт.-батысында орналасқан әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 19,3 мың км². Аудан орт. – Ұзынағаш аулы. Таулардан Күрті өз-нің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа). Аудан жері арқылы Алматы – Бішкек автомоб. жолы өтеді. Ж. а-нда 900-ге жуық тарихи-археол. ескерткіш мемлекет қарауына алынған. Негізінен аграрлы аудан. Тәлімі және суармалы егіншілік дамыған. Дәнді дақылдар, картоп, қант қызылшасы, темекі егіледі. Қой шаруашылығы және ет-сүт өндіру дамыған. Көрнекті қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың (1846–1945) әдеби-мемориалдық музейі Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында орналасқан.
21. Алматы (Верный) қаласының тарихы
1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату(Алмалы)) — Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматыда 1 801 713 адам тұрады
Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы «бақша-қала» деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі. Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы — Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.
22. Верный қаласындағы Поль Гурденің өмірі мен шығармашылығы. Заманауи мегаполистегі Гурденің шығармалары
Поль Гурде 1846 жылы 8 қаңтарда Бургундиядағы Конне-он-Луара қаласында дүниеге келген. Франциядан 24 жасында шыққан Павел Гурденың бүкіл шығармашылық өмірі біздің қаламызға байланысты болды. Ол осында шамамен 40 жыл тұрған. 1899 жылы Верный қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Павел Гурде әкімнің үйінің, балалар үйінің, қалалық мектептің, әйелдер мектебінің, ерлер гимназиясының, саудагер Исхак Габдулвалиевтің дүкенін және қазіргі Алматы қаласының көрікті ғимараттарын тұрғызды. Ол Қасиетті Вознесенск кафедралды соборының, Интерсуциялық шіркеудің жобасына қатысты; сантехниканы құру және қалалық жарықтандырудың пайда болуы.
23. Ескелді ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі, туристік-рекреациялық мүмкіндігі
Достарыңызбен бөлісу: |