28. Республикалық кітап мұражайы – мәдени мекеме. Онда Қазақстанның ғылымы мен мәдени жетістіктерін насихаттайтын, кітап және полиграфия мәдениетінің үлгілері, жазбаша ескерткіштерінің қоры сақталады. 1978 ж. ашылған.
Мұражайдың 6 залында республикадағы кітап шығару ісі мен осы заманғы баспа жұмысының қалыптасу және даму тарихы қамтылған. Мұражай экспонаттарының ішінде ғұлама ғалымдар Әбу Наср әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Х.Дулатидың, Қ.Жалайыридың, М.Қашқаридың сирек кездесетін еңбектерінің фото-көшірмелері ретімен орналастырылған. Сондай-ақ 17–19 ғ-ларда жарық көрген кітаптар арасында Ш.Ш.Уәлихановтың, Абайдың қайтыс болғаннан кейінгі жарық көрген басылымдары, тұңғыш жарық көрген әліппеден бастап, осы заманғы ғалымдар мен ақын-жазушылардың көп томдық шығармаларына дейін қойылған. Мұражайдың екі залы Қазақстандағы полиграфия және кітап басып шығару ісінің тарихына арналған. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі ғыл.-көмекші тех. құрал арқылы карта, схема, панорамаларды, диаграммаларды түрлі түсті жарықпен бейнелеп көрсетеді. Мұражай қорында 35 мың, оның ішінде сирек кездесетін 5 мың экспонат бар, олардың негізгі бөлігі кітаптардан, фотосуреттерден, көркем және ғыл. мәні бар материалдардан тұрады. «Дүние жүзінің мұражайлары» атты анықтама көрсеткіштің каталогына енгізілген. еспубликалық кітап музейі әдебиет пен жазу өнеріне қызығатын, айналысатындар үшін өте қызық орын. Бұл музейде 20 мыңнан аса кітап пен түрлі жазбалар қоры бар. Олардың ішінде сирек кездесетін кітаптар мен кейбір кітаптардың түпнұсқасын кездестіруге болады.
29 . Өткен ғасырдың бас кезінде Жетісу патшалық Ресейдің Орталық Азиядағы отарлық аймақтарының бірі ретінде саналып, тұтасымен дерлік Түркістан генерал-губернаторлығының Жетісу облыстық басқару жүйесі құрамында болды. Верный, Лепсі, Жаркент, Пішпек және Пржевальск уездерінен тұратын Жетісу облысы патшалық Ресейдің ұзақ жылдар бойы жүргізген отаршылдық саясатының нәтижесінде көпэтностық өңірге айналып, оның жергілікті тұрғындары саналатын – қазақтар мен қырғыздар отаршылдық саясаттың тауқыметін бірге тартты. Ең алғаш рет Ш.Ш.Уәлиханов, Н.Н.Пантусов Жетісу өлкесінің археологиялық ескерткіштері мен тарихы туралы құнды мәліметтер берді. 1893-1894 жылдары белгілі шығыстанушы В.В.Бартольд Шу мен Талас алқабының, Ыстықкөл қазаншұңқыры мен Іле алқабының ескеркіштері жайында “Отчет о поездке в Среднюю Азию с научной целью” атты еңбегінде атап өтеді. Тіпті осы іссапарында Синьцзяннан келген белгісіз көпестің тапсырысымен қорғандардан құнды жәдігерлерді тонаумен айналысатын топтардың іс- әрекеті жайлы да жазып кетеді (Акишев. А. 1990, с. 144-145).
Бірінші кезеңде өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап Қазақстан территориясында бірқатар археологиялық экспедициялар зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Соның ішінде Материалдық мәдениет тарихы институты (КСРО ҒА ММТИ) мен Ғылым академиясының Қазақ филиалы ұйымдастырған А.Н.Бернштам басшылық еткен Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялар белсенді түрде зерттеу жұмыстарын жүргізді. А.Н.Бернштам Қазақстанның оңтүстүгі мен Жетісудың отырықшы мәдениетін және көшпелі тайпаларының мәдени дәстүрлерінің ерекшелігі мен өзгешелігін анықтай отырып, көршілес аймақтар мен аудандардың тайпаларымен тығыз байланыста дамығандығын анықтап, ескерткіштердің даму кезеңдемесін ұсынды (Бернштам А.Н.1949). Осындай іргелі мәселелердің маңыздылығын ашып көрсетуде ғалым Алматы маңындағы Қарғалы, Талас аңғарындағы Кеңқол обалары, Үлкен Шу каналы бойында жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесінде қол жеткізді (Степная полоса Азиатсой части СССР в скифо- сарматское время. 1992, с.73-75).
Ал екінші кезеңде, Жетісудың ерте көшпелілер археологиясын зерттеуге К.А.Акишев, Е.И.Агеева, Г.А.Кушаев, И.И.Копылов, А.Г.Максимова, А.К.Акишев, Б.Н.Нұрмұхамбетов сүбелі үлес қосқан ғалымдар болып табылады. 1954 жылдан бастап Тарих, археология, этнография институты Қапшағай ГЭС-інің құрылыс жұмыстарына байланысты К. А. Ақышевтың басшылығымен Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырады. Соның нәтижесінде Жетісудың сақ- үйсін ескерткіштерін алғаш рет ашып талдаған К. А. Ақышев пен Г. А. Кушаев 1954, 1957- 1960 жылдары Іле аңғарында жүргізген зерттеулері негізінде сақ- үйсін қоғамы, шаруашылығы және діни наным- сенімдерінің әр тарихи кезеңдегі дамуын ғылыми еңбек етіп жазды (Акишев К. А. , Кушаев Г. А. 1963).
Бұл кезеңнің басты ерекшелігі сонда ХХ ғасырдың 50 жылдарынан басталған ғылыми зерттеу жұмыстары барысында Жетісудың көне тарихының көптеген қалтарыс тұстары ашылып, сақ дәуірі ескерткіштерін зерттеудің өлшеуші үлгісі іспеттес ескерткіштердің тізбесі ғылыми айналымға енгізілді. Әсіресе, “Есік” қорғанынан Алтын адамның табылуы еліміздің тарихында әлемдік маңызы бар оқиға болды. Бұл қорғаннан табылған жәдігерлер сақтардың мәдениетін, өнерін, шаруашылығын т.б. факторларды зерттеуде басты құрал болып табылды (Акишев К. А. 1978). К. А. Ақышевтың Жетісудың ерте темір дәуірі мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі өз алдына маңызды мәселе болып табылатыны осыдан анық көрінсе керек. Ал келесі бір үлкен еңбегінде сақ тайпаларының дүниетанымы, рухани мәдениеті мен әскери теократиялық идеологиясын жоғары дәрәжеде сипаттап берді (Акишев К. А. 1984, с. 66-119).
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы зерттеулерді үшінші кезеңге жатқызамыз. Мұнда атап өтерлік басты мәселе тарихымыздың ұлттық мүдде
Достарыңызбен бөлісу: |