75. Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі Музей Алматы облысы әкімі шешімімен 1999 жылы 24 қыркүйекте құрылды. Ал ресми ашылуы осы жылдың 30-шы тамызында болған еді. Ал тариxына келетін болсақ, бұл музей үйін 1899 жылы казак-орыстар діни мектеп үшін салғызған. Кейін Ұлы Абай есімі мектепке 1945 жылы ақынның 100 жылдық мерейтойына орай берілді. Сол мектепті 1958 жылы бітірген 42 түлектің бірі – бүгінгі күнгі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Музейдің залдары мен бөлімдері Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне және үш мың жылдық тарихы бар Қарасай жеріне арналған.