«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Қабанбай батыр тарихи- этнографиялық музейі



бет42/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)
айтылымдар, 1, 36. Ш-Университет студенттері үшін сауалнама (жұмысқа орналастыру бойынша), music - exercises 0, 2 5247087251178918766
69. Қабанбай батыр тарихи- этнографиялық музейі
Қаракерей Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейі 1990 жылы қазан айында құрылды. 1991 жылы тарихи-өлкетану музейі болып ашылды. 1991 жылы халық батыры Қаракерей Қабанбай батырдың 300жылдық тойынан кейін, 1993 жылы музейге Қабанбай батырдың есімі берілді. Бұл Қабанбай ауылында салынған тарихи ғимараттың тарихы тереңде жатыр. Музейге кіре берісте оң қанат, сол қанат болып екіге бөлінетін екі басы бар. Сол қанатта орналасқан үй Лепсі уезінің бай көпесінің үйі болған. 1935 жылы бай-шонжарларды тәркілегенде үйін бұзып алып, осы жерге орналастырған. Оң қанатта орналасқан үй Қызыл әскер штабының үйі. Екеуі де бөрене ағашынан салынған. Екі үйді қосып тұрған ортадағы кең зал қызыл кірпіштен салынған. Осы тарихи орындарды сақтай отырып, аудан тұрғындарының сұрауы бойынша музей құрылған.
Музейдің жалпы көлемі 518,1 шаршы метр. Экспозициялық зал көлемі 311 шаршы метр. Музейлік маңызы бар материалдар саны 837, оның ішінде 348-і негізгі қорды құрайды. Олардың ең құндысы экспозиция залдарында ұсынылған. Олар: Самаурын (1892ж.), зерленген кимешек (ХІХғ.), күміс сырға (ХІХғ.), ет салатын астау (ХІХғ.), қыштан жасалған құмыра (Х ғ.). Музей залдарында ұсынылған экспонаттар ауданның бай әрі сұлу табиғаты мен көне тарихынан бастап, Тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихы туралы сыр шертеді. Музей: «Тәуелсіз Қазақстан», «Өлкеміздің табиғаты», «Археология», «Қабанбай батыр», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлкенің тарихы», «Этнография» залдарынан тұрады.
70. Көлсай көлдері – Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған 3 көл. Жоғарғы Көлсай теңіз деңгейінен 3000 м-ге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 м және Төменгі Көлсай 2130 м. биіктікте орналасқан. Төменгі Көлсайдың су айдыны басқаларына қарағанда үлкен. Көлсай көлдерінің табиғаты әсем тау шатқалында жатыр. Көлдердің төңірегін шыршақарағай, қайың, т.б. тау ағаштары мен шалғындары көмкерген. Көлдердің туристік маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет