«Туризм және сервис» кафедрасы Пән: «Жетісу өлкетануы»


Пржевальский Николай Михайлович (



бет10/61
Дата01.05.2022
өлшемі126,95 Kb.
#141589
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61
Байланысты:
Жетісу өлкетану сессия.docx (копия)
айтылымдар, 1, 36. Ш-Университет студенттері үшін сауалнама (жұмысқа орналастыру бойынша), music - exercises 0, 2 5247087251178918766
26 . Пржевальский Николай Михайлович (31 наурыз (12 сәуір). 1839, Ресей, Смоленск губ. Кимборово ауылы — 20 қазан(1 қараша). 1888, Қырғызстан, Қарақол қаласы) — Орталық Азияны зерттеуші орыс саяхатшысы. Петербург Ғылым Академиясының құрметті мүшесі (1878), генерал-майор. Николай Михайлович Европа ғалымдарының аяғы баспаған Орталық Азияның табиғаты мен оның байтақ даласын бірінші болып зерттеген ғалым. Ол үздіксіз 20 жыл жорықта болып, құпиялы жердiң сырын ашуды мақсат тұтты.

Сөйтiп, атақты саяхатшы Орталық Азияны зерттеудiң негiзiн жасап, кейiнгi шыққан саяхатшы ғалымдарға жол көрсеттi.


27 . Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерек­шеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Алматы қаласының қала маңы аймағының бас жоспары (Аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы) (бұдан әрі - Бас жоспар) қала маңы аймағы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады. Алматы елімізде урбанизация жедел жүріп жатқан қалалардың көшін бастап тұр. 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыда ресми түрде 1,7 млн адам тіркеліпті. Бұл - Алматыға Қарасай және Іле аудандарының бірнеше елді-мекені қосылғаннан кейінгі жаңартылған дерек.

Алматыда урбанизация белсенді қарқынмен жүріп жатыр. Бұрын алаңдар мен қоршаулар болған жерде жаңа аудандар мен орамдар, тұрғын үй кешендері мен бизнес-орталықтар пайда болып, көптеген қалалықтардың өмір сүру стилі айтарлықтай өзгерді, қазір әрбір үш тұрғынға бір автокөлік келеді. Соңғы 15 жылда қала халқы 2003 жылы 1 200 000-нан 2018 жылы 1 800 000-ға дейін, яғни 50% - ға өсті. Алматы агломерациясының саны қазір 2 500 000 адамды құрайды. Субурбанизация кезінде агломерация орталықтары - қалалармен салыстырғанда қала маңындағы халықтың өсу қарқыны жоғары, бұл Алматы ауданында ең көп байқалатын болады. Алматы қаласының өзін қоса отырып, Алматының қала маңы аймағын қазір Алматы агломерациясы ретінде анықтауға болады. Қазіргі уақытта бірқатар іргелес елді мекендерде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қоймалар салынып жатыр, агломерация халқы басқа өңірлерден қоныс аударушылар есебінен ұлғаяды, олардың бір бөлігі қалалық өмір салтына көшеді.Осыған байланысты, сондай-ақ жалған урбанизация көріністерін анықтау маңызды, бұл қала халқы санының қарқынды өсуі жұмыс орындары санының жеткілікті өсуімен қатар жүрмесе, урбанизацияның әлемдік процесін сипаттайтын қалалық функциялар дамымаған кезде орын алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет