Туризм тарихы


Туристік және экскурсиялық қоғамдардың пайда болуы



бет21/98
Дата19.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#136079
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   98
Байланысты:
treatise22711

2.2. Туристік және экскурсиялық қоғамдардың пайда болуы

Экскурсиялардың, тау, жаяу жорықтарының, велосипедпен серуендеудің таралуы; көптеген оқу орындарының, ұйымдардың, ғылыми және кәсіптік қоғамдардың туризмге көңіл бөлуі, орыс интеллигенциясының саяхаттар мен экскурсияларды халық ағарту мақсатында қолдану ынталылығы туризм мен экскурсиялар әуесқойларының әртүрлі мамандандырылған ұйымдарға бірігуінің алғышарттары болды.


Ресейдегі алғашқы туристік ұйымдар Кавказда пайда болды. Бұл кездейсоқ жағдай емес. Антикалық дәуірдің өзінен бастап Кавказға саяхатшылар келген. Оларды ең алдымен, Кавказдың Қара теңіз жағалауларындағы Батус (Батуми), Фазис (Поти), Гионос (Очамчира), Питиус (Пицунда), Триглиф (Гагра), Бата (Новороссийск), Горгиппия (Анапа), Диоскурия (Сухуми) және басқа порттық қалалары қызықтырған. Диоскуриядағы сауда операциялары жергілікті аудармашылар көмегімен жүргізілген. Осы алғашқы гид-аудармашылар алғашқы экскурсия жүргізушілері болды деп айтсақ, қате емес.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресейде бірқатар туристік және экскурсиялық қоғамдар пайда болды. Олардың мүшелері өз өлкесінің табиғатын зерттеумен бірге табиғатты әуес еткендер үшін экскурсияларды ұйымдастырған.
1877 жылы Тифлисте Кавказдың жаратылыстану қоғамының жанында Ресейдегі алғашқы альпілік клуб ұйымдастырылды. Осы клубтың жұмысына оның мүшесі А.В.Пастухов белсене қатысқан, оның аты Эльбрустағы 5000 м биіктікте орналасқан баспанаға берілген («Приют Пастухова»).
Клуб бірнеше жыл ғана жұмысын жүргізді, дегенмен оның мүшелері Кавказ таулары мен аңғарларында бірқатар жорық жасап, Кавказ бен Закавказье фаунасы мен флорасы туралы мақалалары жарияланған «Известия» атты екі жинақ шығарды. Олар талай баяндама мен реферат жасаған. Осы клубтың басты маршруттарының бірі Әскери-Грузин жолы болған. Осы жолмен тек Кавказ бен Ресей ғана емес, шетелдік туристік топтар да өткен. Белгілі ағылшын «Кук пен баласы» фирмасының иелері Дарьял шатқалы жолымен өтіп, ол топтық саяхаттарды ұйымдастыруға жарамайды деген тұжырым жасаған.
Кавказ саяхаттары өмір үшін қауіпті екені туралы орыс басылымдарында талай рет жазылған, онымен бірге өлкенің сұлулығына тәнті болған. «Всемирный путешественник» газетінің 1887 жылғы бір нөмірінде Әскери-Грузин жолы: «Кавказ Еуропаның Альпілері сияқты шұрайлы да көңілді емес, қарауытқан болып көрінеді. Оның үстіне Кавказ асулары өтуге керемет қиын. Жолдары шым-шытырақ соқпақтар ғана. Тайғанақ тар соқпақпен атты өте абайлап ертіп жүру керек. Бір жағынан құз, екінші жағынан түбінде судың күркіреген дыбысы естілетін тұңғиық. Жолда қалың тұман, жауын мен қар асса, ол жазды күні де болады, қанша дірілдеп қалшылдасаң да қозғалмай тұру керек. Тауға үйренбеген адамның жүйкесі тозып тіпті есінен ауысқан жағдайлар да болады», – деп суреттеген.
Мүмкін, осы себептен Тифлис альпілік клубын ешкім дұрыс қолдамады да, ұзақ уақыт өтпей ол жабылып қалды. Бірақ тура осы клубтың ізімен ХІХ ғасырдың 90-жылдарында Ресейдің саяхат әуесқойларының әртүрлі бірлестіктердің қалыптасуы басталды.
Қалай болса да, кейін Кавказ ішкі ғана емес, сыртқы туризмнің де нысанына айналды. ХІХ ғасырдың соңында мұнда тас және темір жолдар төселеді. Тифлис, Баку, Ереван, Владикавказ, Батуми, Кутаиси қалаларында қонақүйлер ашыла бастайды, асу жолдарында пошталық станциялар мен казармалар тұрғызылады. Баксан мен Башиль өзендерінің басталуында, Қараугом мұздығының жанында саяхатшылардың түнеуіне арналған ағаш үйлер салынады.
1888 жылы Тифлисте суреттері мен картасы бар алғашқы «Кавказ бойынша жолнама» шығады. Оның құрастырушысы Е.Вейденбаум Кавказ өлкесіне жан-жақты сипаттама беріп, басты елді мекендердің, қалалардың, табиғи және тарихи қызықты орындарының суреттемелері берілген тоғыз маршрут ұсынады.
Осы кезеңде Ресейде алғашқы туристік фирмалар ұйымдастырылады. Мысалы, 1885 жылы Петербургте алдында әңгіме қозғалған Леопольд Липсонның кәсіпорыны ашылады. Фирма туристерді саяхат кезінде барлық қызықты жерлерімен таныстыру уәдесін береді.
ХІХ ғасырдың соңында құрлықпен болсын, теңізбен болсын жетуі өңай екінші таулы аймақ – Қырым ресейліктерді өзіне тартады. Оның үстіне таудың онша биік еместігі және жылы теңіздің жақын орналасуы саяхатшыларға өте тартымды болып көрінеді. Бұл мезгілге қарай Қырым тыныс жүйесі ауырғандар үшін ем болатын өзінің шипалы климатымен даңқы жайылған. Осының бәрі Қырымды Ресейдегі демалушылардың ең көп келетін ауданына айналдырды.
Ялтада 80-жылдардың соңында туризм мен саяхат кәсібінің дамуына зор үлес қосқан «Табиғат, тау спорты мен Қырым таулары әуесқойларының үйірмесі» пайда болды. 1890 жылы 25 қаңтарда оның негізінде Қырым тау клубы қалыптасты, оның құрылтай жиналысында 15 адамнан тұратын басқармасы сайланды. Клуб басқармасы Одессада орналасқан.
1891 жылы қабылданған клуб жарғысында:
- Тавр (Қырым) тауларының ғылыми зерттелуі және жинақталған мәләметтерді жариялау;
- осы тауларға келуге, зерттеуге табиғаттанушылар мен суретшілерді шақырып олардың тұрмысын жеңілдету;
- ауыл шаруашылығының, бау-бақша мен тау-кен өнеркәсібінің жергілікті салаларын қолдау;
- сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау, – деп жазылған.
Клубтың ұйымдастырушы мүшелері Қырым тауының ғылыми зерттелуін ең маңызды міндеті ретінде қабылдаған. Клуб жарғысы оған мүше болып кіруге кең мүмкіндік берген. Ресейдің «кәмелет жасына толған және сотталмаған», мекенжайына қарамастан, кез келген қала мен елді мекендердің тұрғындары клуб мүшесі бола алған. Мүшелері құрушы, құрметті, өмірлік және шын мүшелері болып бөлінген. Клубты қолдаған тұлғалар, белгілі ғылым қайраткерлері клуб жиналыстарында клубтың құрметті мүшелері ретінде сайланған. Шын мүшелерін клуб басқармасы тағайындаған, оларға бір жылдық мүшелік билет берілген; осы шара арқылы клуб мүшелерінің саны реттелген, жыл сайын кездейсоқ адамдар клубтан шығарылған. Клуб құрушы-мүшелерімен бірге оның жұмысына көп жыл бойы қатысқан адамдар да клубтың өмірлік мүшелері бола алған. Қырым клубы қаржы жағынан мүшелерінің жарналары, демеулер, экскурсиялардан түскен пайда, клуб еңбектерін шығару арқылы жұмыс жүргізген қоғамдық ұйым болған.
Клуб өз қызметін 1891 жылдың сәуірінде Қырымға 19 мүшесінің экскурсиясын ұйымдастыруынан бастады. Экскурсанттар Севастопольге барды, Севастополь мен Гурзуфтың арасындағы Херсонестегі археологиялық қазбаларын, Инкерман монастырын, Алупка сарайын, Айтадор шамшырағын, Никит ботаникалық саябағын және Қырымның басқа қызықты жерлерін көріп шықты. Саяхат барысында клуб мүшелері Қырым тау клубы мұражайының негізін құрған геологиялық, топырақтық, ботаникалық коллекцияларды жинақтады. Сонымен қатар, жеті нүктеде экскурсанттар ауаны зерттеді. Осы экскурсияның маңызды болуының тағы бір себебі – оның нәтижесінде Қырым тау клубының Севастополь мен Ялтадағы бөлімшелері ашылды. Ялта бөлімшесі Қырымдағы туризм мен экскурсияларының дамуында ерекше маңызды рөл атқарды. Уақыт өте Қырым тау клубы іс-әрекетін Кавказда да жалғастырып, Қырым-Кавказ клубы деп аталып кетті. Өз жұмысын жылда бір рет шыққан «Записки горного клуба» хабаршысында жариялаған.
Революцияға дейінгі Ресейдің ең ауқымды туристік ұйымы Орыс туринг-клубы болған. Оның құрылтай жиналысы 1895 жылы сәуір айында Петербургте өткен. 27 мүшелері-орнатушылары қоғам кызметін басқару комитетін сайлаған. Осы комитет клуб іс-әрекетінің бағдарламасын әзірлеуге тиіс еді.
Клубтың пайда болу себептерінің бірі – ХІХ ғасырдың соңында ол кезде жайлы көлік құралы болып қаладан тыс ұзақ серуендеуге жиі қолданылған екі дөңгелекті велосипедтердің кең таралуы болған.
Орыс туринг-клубы халықаралық туристік ұйым (лига) мүшесі болып, шетелдік қоғамдармен қатынас жасаған және оның шетелдеріндегі өз өкілдері болған. Осы туристік ұйым мүшелерін өзара қабылдау мен оларға қызмет көрсету жөнінде кейбір еуропалық туринг-клубтарымен келісімдер жасалған. Клуб «Русский турист» журналы мен жылдық хабаршысын шығарған.
Туринг-клуб үлгісіне еріп, Ресейдің басқа қалаларында да велосипед қоғамдары мен топтары ашыла бастады. Бірақ осындай алғашқы қоғамдар кішігірім ғана болған, саяхатты әуес ететін және қымбат тұратын велосипедке қаржысы жеткілікті адамдарды біріктірген. Олар өз мүшелері үшін әдетте 200 шақырымнан аспайтын веложорықтар ұйымдастырған.
Велосипедшілер қоғамдары Мәскеуде «Велосипедист» пен «Циклист», Петербургта «Велосипед» пен «Самокат» журналдарын шығарған.
Бірте-бірте Орыс туринг-клубы іс-әрекеті бөлімшелері арқылы Ресейдің көптеген аймақтарын қамтыған Ресейлік туристер қоғамына (РТҚ) (Российское общество туристов, РОТ) айналды. Қоғамның басты мақсаты жалпы туризмді, оның ішінде велосипедті туризмді қолдау болған. Өзінің өркендеген кезінде РТҚ-ның 5 мыңдай мүшесі болған.
РОТ құрметті, қазіргі және өмірлік мүшелерінен тұрған. Қоғамға кірушісі екі мүшесінің кепілдемесін алғаннан кейін жалпы жиналыста дауысқа салынуға мүмкіндік алған. Кіру және жылдық жарнасы 2 сом болған. Өмірлік мүше үшін кассаға бір рет 50 сом төлеу жеткілікті болған. Құрметті мүшелері қоғамға ерекше еңбегі сіңгені үшін жиналыста сайланған.
1899 жылға дейін РОТ-тың ресми басылымы «Велосипед» журналы болған. 1899 жылдың 3 қаңтарынан бастап, қоғам «Русский турист» айлық журналын шығара бастаған.
Қоғам іс-әрекетінің географиясы өте көлемді болған. Мысалы, 1903 жылы оның мүшелері Ресейдің 174 қаласымен қатар, Түркия, Корея, Италия мен Жапонияда тіркелген. Жартысынан көп бөлігі Ресейдің Азиялық бөлігінде тұрған. Қоғам жарғысына сәйкес, 25 мүшесінен асқан жерде комитеттер құрылған. Ең ірі комитет құрамында 562 мүшесі бар Благовещенск комитеті, одан кейін Владивосток – 240, Петербург пен Ростов – әрбіреуі 93-тең болған.
Он қалада – Воронеж, Иркутск, Киев, Дальний, Зее-Пристань, Лодзь, Одесса, Рига, Хабаровск және Жаңа Харбинде РОТ-қа 30-дан 70 дейін турист-велосипедші кірген. Қалған жерлерде, тіпті, Владимир, Рязань, Калуга мен Харьков сияқты ірі қалаларда қоғамға бір адамнан ғана кірген.
Қоғамның негізгі міндеттері мүшелері үшін жорық өткізу, туристерді қабылдау үшін Ресей қалаларында қонақүйлерді ұйымдастыру, «Русский турист» пен «Дорожнина» журналдары мен туристерге арналған анықтамалық-жолдық кітапшалар түріндегі жылдық басылымдарды шығару болған.
Көпшілік жорықтарға қатысу үшін өткен жолына байланысты ұпайлар есептелген, ал жылдың соңында ең үлкен ұпай көрсеткішіне жеткен мүшелері қоғамның арнайы естелік жетондарымен марапатталған.
Бірлі-жарым жетістіктерге жетсе де, РОТ дегенмен, мүшелерінің белсенділігі төмен болғандығынан қуатты туристік ұйым бола алмады. Мысалы, қоғамның алғашқы ашылған кезінің өзінде Петербург қоғамының 300 мүшесінің 30-ы ғана жиналыстарына қатысқан, келесі жылдарда жағдай өзгерген жоқ.
Мүшелерінің саны шамалы болса да, РОТ туризм тарихында маңызды орын алды. Бұл таза туристік мақсаттарды қуған, тау клубтары сияқты тау өлкелеріне ғана емес, Ресейдің талай аудандары мен тіпті басқа елдерге саяхат жасауға шақырған алғашқы ұйым тұғын. Орыс қалалары, елдің қызықты жерлері, саяхаттар туралы баяндаған клуб басылымдары отандастарын өз Отанын тануға ынталандырған.
1901 жылы Мәскеуде Орыс тау қоғамы (ОТҚ) (Русское горное общество, РГО) пайда болды. Владикавказда, Пятигорскіде, Сочиде Қоғамның бөлімшелері жұмыс істеді. Қоғам өз алдында таудағы, әсірес, Кавказдағы саяхаттардың дамуына қолдау жасау мақсатын қойған. Қоғам ұсынысы бойынша бірнеше тау лашығы мен қонақүйлері, Красная Поляна маңындағы Ачишха мен Анчхо тауларында тау саяхаттарының әуесқойлары үшін баспаналар тұрғызылды.
Алғашқы тау баспанасы 1903 жылы Казбек беткейінде салынды. Орыс тау қоғамының Кавказ бөлімшелерінің мүшелері тауға, асуларға жорық жасаған, Әскери-Грузин, Әскери-Сухуми және Әскери-Осетин жолдары бойын кезіп сапарға шыққан.
1902 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы Сочи қаласында Кавказ тау клубының бөлімшесі ашылды. Басқармасына жергілікті тұрғындармен бірге Сочиге жазды күні келіп жүрген Петербург пен Ресейдің басқа қалалар өкілдері да кірген. Кавказ тау клубының Сочи бөлімшесінің мақсаты «Кавказ тауларын, оның ішінде тау шаруашылығын, тау-кен кәсібін, археологиясын, этнографиясын жаратылыстанушылық-тарихи тұрғыдан жан-жақты зерттеу және туристерге септігін тигізу» болған.
Клуб мүшелері Красная Поляна маңы мен тауларға бір және көп күндік жорықтарын жасаған, ал жазғы сапарлар мен экскурсиялардан кейін Сочи мен Петербургта ол жөнінде баяндаған. Кавказ тау клубының Сочи бөлімшесі Петербургта «Дорожник экскурсий по городам и ущельям Сочинского района» («Сочи ауданы қалалары мен шатқалдары бойынша экскурсияларының жолнамасын») шығарды, орыс тау қоғамының Қырым мен Пятигорск бөлімшелерімен іс қатынасын құрды, Мюнхен, Лондон, Еуропаның басқа тау туристік қоғамдарымен хат байланысын үзбей жолға қойды.
Солтүстік Кавказ аймағында туризм жұмысын Пятигорскідегі Кавказ тау қоғамы (КГО) жүргізді. Қоғам Кавказ Минералды Сулар маңында оқушылар үшін және жалпы экскурсияларды ұйымдастырған, туристер мен оқушыларға Кавказдың ішкі аудандарына экскурсия жасауға көмек берген. Қоғам Пятигорск маңындағы жол мен соқпақтарда нұсқауларды орнатты, Пятигорскіде, Бермамытта, Азау және Лейцинчировскийде баспаналарды тұрғызды. Пятигорск баспанасында Кавказ Минералды Суларына барған оқушы-экскурсанттар тоқтап демалған. Қоғам ережелеріне орай, оқушылар экскурсияларының үш күн ішінде баспанада қонуға, тау құрал-жабдықтарын пайдалануға құқықтарын иеленген; қоғам басшылары оқушыларға Кавказ Минералды Сулар айналасын көрсетіп таныстырған. Қоғамның жеткілікті көлеміндегі құрал-жабдықтары, айналаны өте жақсы білетін тәжірибелі жетекшілері болған. Қоғам бірнеше ғылыми еңбектерінің жинағын, бірталай жолнамалар мен анықтамаларды шығарған.
ХХ ғасырдың бірінші онжылдығы Кавказдағы теңіз маңы аудандары мен асулардағы жаяу туризмінің дамуымен сипатталады. Осымен бірге шетелдік туристердің саны да өседі. 1911 жылы Германиядан Гаграға шетел туристерінің алғашқы тобы келіп, одан әрі Батумиге, Тифлиске барып Әскери-Грузин жолымен өтті. Бір қызығы – 130 неміс туристерін тасымалдау үшін Кавказдың барлық меншікті автомобильдерін пайдалануға тура келген.
Кавказдағы туризмге бірте-бірте тек Орталық Ресей тұрғындары ғана емес, жергіліктілер де қатыса бастайды. Тифлисте Кавказдағы туризмді қолдау бойынша Бас комитет құрылды. Осы комитет қағидаларын 1912 жылы аймақ әкімі (наместнигі) граф Воронцов-Дашков бекітті. Өкінішке орай, бірінші дүниежүзілік соғыс комитет іс-әрекетін үзіп жіберген.
Екатеринбургта ашылған Орал қоғамы (Уральское общество любителей природоведения, УОЛП) да үлкен жұмыс атқарған. Оның белсенді мүшелерінің арасында А.К.Карпинский, Д.Н.Мамин-Сибиряк, басқа ғалымдар мен жазушылар болған. Жұмысына құрметті мүшелері ретінде сайланған К.А.Тимирязев, Д.И.Менделеев, И.П.Павлов, Н.М.Пржевальский қатысқан.
ХХ ғасырдың басында Ресейдегі экскурсияларға деген қызығушылығы кейбір қоғамдардың (мысалы, табиғаттану әуесқойлары қоғамдарының) жанындаэкскурсиялық комиссиялардың пайда болуына түрткі тудырды. Олар экскурсиялық топтар мен жеке экскурсанттарға астаналар мен губерниялық қалалармен танысқанда, оларға жәрдем беру міндетін орындаған.
Техникалық білімдерді тарату қоғамының оқу бөлімінің экскурсиялық комиссиясы Ресейдегі шетелдік саяхаттарды дамыту ісіне үлкен үлес қосты. 1908 жылы құрылып, бес жыл ішінде (Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) 7217 саяхатшыға, оның ішінде Ресейдің әралуан қалаларының 4500 мұғалімдеріне шетелдерге саяхат жасауға көмектесті. Жылдан жылға шетелге сапар жасайтын топтардың саны өсіп, 1913 жылға қарай Германия, Швейцария, Италия, Англия, Жапония мен Скандинавия елдеріне жүйелі маршруттар бекітілген. Еуропа елдеріне сапарлары 22-42 күнге, Жапонияға екі айға созылған. Саяхат бағасы онша қымбат емес, мектеп пен училищелер мұғалімдері үшін қол жетерлік болған. Оның үстіне, сапарға земстволық қалалық өзін-өзі басқару әкімшіліктерімен жіберілген халық мұғалімдері үшін жеңілдіктер жасалған.
1910-1915 жылдары арасында әртүрлі қоғамдардың экскурсиялық комиссияларының саны күрт өсті. 1915 жылдың соңына қарай Ресейде осындай 100 ұйым жолға қойылған.
1910 жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін де экскурсиялар ұйымдастырыла бастады. Мысалы, Воронеж земствосы жыл сайын ең озат дихандарға Киев, Полтава, Харьков, Волынь және басқа да ауыл шаруашылығы жақсы дамыған губернияларға, шетелге жоғары өнімді ауыл шаруашылығымен танысу үшін экскурсиялар ұйымдастырған. Мысалы, 1914 жылы Воронеж губерниясының шаруалары Моравияға (Чехия) барып, алты елді мекен, 23 шаруашылықпен және ауылшаруашылық мектебімен танысқан. Бұл экскурсиялар оған қатысқан шаруалар үшін өте пайдалы болған.
Қорыта айтқанда, Ресей империясындағы туристік-экскурсиялық кәсіп XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан және экскурсиялық жұмыс ұйымдастырушылары мектеп педагогтарының әрекетіне байланысты болған.
ХХ ғасырдың басында Ресейде алғашқы экскурсиялық мекемелер өмірге келеді, педагогикалық съездер мен жиналыста талқыланған мектептік-экскурсиялық әдістемелігі әзірленеді.
В.Генштің атымен ұйымдастырылған туризм мен Кавказ бен Қырым туристік ұйымдардың қалыптасуы саяхаттардың дамуына өз септігін тигізді.
Ресейде екі дөңгелекті велосипедтерінің таралуына байланысты туринг-клуб жұмыс істеді. Туринг-клуб шетелдік қоғамдармен қатынас орнатты. Оның жеке мерзімдік баспасөзі болған. Кейінірек туринг-клуб Ресей аймақтарында туризм дамуы жұмысын атқарған Ресейдің туристер қоғамы (РОТ) болып аталды.
Туристік-экскурсиялық іс-әрекетті үзіп жіберген Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында К.Ренгартен мен А.Панкратовтың Жер шарын айналған саяхаттары ресейліктердің күш-қуатын, ерлігін әлем алдында паш етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет