Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Шлихталау машинасына қызмет көрсету және оларға күтім жасау



бет17/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Шлихталау машинасына қызмет көрсету және оларға күтім жасау


Шлихталаушы машинаны әдетте екі жұмысшы, аға және кіші операторлар қызмет көрсетеді.


Аға шлихталаушы шлихталанған негіз сапасы және санына, машинаның жай күйіне және оның механизмдеріне жауап береді және келесі негізгі жұмыстарды атқарады: тізіп орау білікшелерін дайындау, машинаны сабақтау, қатаршаға жіптерді салу, өңделген тізбеораушыларын ауыстыру, шұғаны сығушы білікшелерге керту, бағалы баушаларды салу, қысқыштарды қию, машинаны іске қосуға дайындау, машинаны іске қосып және өшіреді, автоматты құрылғы жұмысын бақылайды, шлихтаның сапасын бақылау, мерильді-белгілеу механизмі және бүтіндей машина сапасын бақылауға алады.
Кіші шлихталаушы жоғарыда көрсетілген жұмыстар бойынша аға шлихталаушыға көмек береді, сонымен қатар тізіп орау білікшелерінен негіздің шығарылуына және оның шлихталаушы науа арқылы өтуін бақылайды.
Әрбір ауысым немесе тізіп орау білікшелерінің өңделуден өткеннен кейін шлихталаушылар машинаға қызмет көрсетеді. Машинаның толық тазалауын аптасына бір реті демалыс күні іске асырады.
Машинаны майлау оның кестесіне сәйкес іске асырады.
Ағымдық жөндеу жұмыстары жөндеу-механикалық бөлімнің темір ұсталары (слесарь) орындайды. Орташа және толықтай жөндеу жұмыстарын жұмысшы күштері орындайды. Орташа жөндеу жұмыстарын төрт айда бір рет (үш ауысымды жұмыс кестесі барысында) орындайды. Орташа жөндеу жұмыстары үшін машинаны 3-4 күнге тоқтатады.
Әдетте толық жөндеу жұмыстары 8-9 күн бойы әрбір үш жылда іске асырады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Негіз жіптерді шлихталау процесінің мақсаты қандай?

  2. Шлихталау процессінің маңызы?

  3. Шлихта құрамы және оның қасиеттері?

  4. Шлихталау процессінен кейін негіз жіптер салмағы қалай өзгереді?

  5. Желімдегіштер дегеніміз?

  6. Желімдегіштерді қандай түрлерге бөлеміз?

  7. Партиялы негіздің көрінетін желімдегішін қалай анықтаймыз?

  8. Шлихталау машиналарының құрылғылары және жұмысы?

  9. Шлихталау машиналары қандай негізгі бөліктерден тұрады?

  10. Термореттегіштердің қызметі?

  11. Негіз жіптердің керілісін төмендету үшін?

  12. Камералы шлихталау машиналарының ерекшеліктері?

  13. Шлихталау машинасында автоматты түрде бақылау қалай жүзеге асырылады?

  14. Науадағы шлихта температурасын реттеу қалай жүреді?

  15. Науадағы шлихта деңгейін реттеу ненің көмегімен жүзеге асырылады?

  16. Кептіру барабанында бу қысымын реттеу?

  17. Иірім жіп қасиетіне шлихталаудың әсері қандай?

  18. Шлихталау ақауларының түрлері мен қалдықтары?

  19. Шлихталау машинасына қызмет көрсету?

  20. Шлихталау машинасы қызметкерінің міндеті?

  21. Шлихталау машиналарына жөндеу жұмыстары қанша уақытта жүргізіледі?




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет