Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет19/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Сабақтау түрлері


Ремизкада жіпті сабақтау тәртібіне байланысты сабақтаудың бірнеше түрін ажыратады. Олардың ішіндегі негізгілері: қатарлы, төгілмелі және қайтымды. Арқаумен біртекті айқасатын барлық негізгі жіптер бір ремизкаға сабақталады. Таралмағаны ретінде төгілмелі сабақтау болып табылады, яғни, сабақтау барысында біртекті айқалушы жіптер екі, ал кей кездері көп санды ремизкаларға сабақталады.

Сурет 19. Сабақтау түрлері


Қатарлы сабақтау-ең қарапайым және аса кең таралғандарының бірі болып табылады (19, а суреті). Аталған сабақтау түрі әр түрлі айқаспалы матаны шығару барысында қолданылады және негіз жіптер біріншіден бастап соңына дейін ремизкалар қатарында сабақталады, осыдан кейін сабақталу қайта қайланумен қорытындыланады. Қатарлы сабақтау раппортындағы жіп саны (сабақтау суретінде қайталанатын) ремизка санына тең болады. қатарлы сабақтау кемшілігі раппортта негіз жіптер саны көп болуы барысында ремизкаларды да соншалықты қолдану қажеттігі қатысты болып келеді.
Төгілмелі сабақтау негіз жіптерінің алдымен тақ, ал содан кейін жұп санды ремизкаларына (19, б суреті) сабақталуымен негізделеді. Мысалы, төртремизкалы сабақтау барысында бірінші жіп бірінші ремизкаға, екінші жіп үшінші ремизкаға, үшінші жіп екінші ремизкаға және төртінші жіп төртінші ремизкаға сабақталады. Осы тәртіптен бастап сабақталу қайта қайталанады. Осының нәтижесінде жаймалы өрім матасын өндіру барысында (мысалы, миткаль, бөз және т.б.) біртекті сабақталушы жіптер жанама орналасқан ремизкалар қатарына сабақтала бастайды. Станокқа жіптердің сабақталуын жеңілдетеді, өйткені төрт ремизкмен жұмыс істеу барысында екі күзу ашпалы эксцентриктердің өзі жеткілікті, өйткені олардың әр бірі екі ремизканы қозғалысқа келтіреді.
Қайтымды сабақтау негіз жіптердің ремизканың біріншісінен соңына дейін қатарынан және керісінше соңынан біріншісіне дейін сабақталуымен негізделеді. Аталған қайтымды
сабақталу қарапайым (19, в суреті) және екілік (19, г суреті) болып келеді. Қайтымды қарапайым сабақтау барысында раппорттағы жіп саны еселенген ремизка санынан екі есеге төмен болады, ал екілік сабақтау барысында ремизканың еселенген санына тең болады.
Жоғарыда аталған қарапайым сабақтау түрлерінен басқа аса күрделі сабақтау түрлері де қолданылады, яғни, қысқартылған, құрамалы, үздікті және т.б. қолданысқа ие болып табылады.
Негіз жіптерін күзуге немесе ремизкаға сабақтау әдетте сол жағынан басталады.
Күзудің (бердо) әрбір тісіне екі, үш және одан да көп санды жіптер сабақталады.
Сабақтауды суреттеудің екі әдісі болады: сызықтық және канвовалы. Бірінші әдісте ремизка суретте көлденең сызық түрінде суреттелсе, ал негіз жіптері тігін сызық түрінде суреттеледі. Негіз жіптеріне есептеу солдан оңға қарай есептеледі. Белгілі ремизкалар көзшесіне жіптерді сабақтауды домалақ немесе қиыспа ретінде суреттейді. Канвовалы әдіспен канвовалы қағазға сабақтауды суреттеу барысында клеткаларды бояиды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет