Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


УА -300 -3 арқаулы -орау автоматы



бет21/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

УА -300 -3 арқаулы -орау автоматы


Ақаулы иірім жіпті арқаулы орау автоматтарында қайта орайды. Өндірісте УА -300 -3 арқаулы - орау автоматы, сонымен қатар басқаша конструкциялы автоматтар қолданысқа ие болды.


Арқаулы орау автоматтарына иірім жіп әдетте кресстілі орамадағы орауыштан түседі. Арқау жібі орауыштан 1 төгіле отырып (сурет 20) баллон сөндіргіштің 2 сымды сақинасы арқылы, керу аспабының 3 дискілері арқылы, бағыттаушы білікше 4 арқылы өтеді. Осыдан соң ол керу компенсаторы болып табылатын өзіндік тоқтатпаның 5 дабылды ілмегінің форфорлы көзшесіне түседі. Содан кейін жіпжүргізгіштің көзшесі 6 арқылы өте отырып жіп шпульдің айналмалы шпинделінде 8 және серіппелі шпиндель жетегі 9 аралығында қысылған шпульге оралады. Жіпжүргізгішке барып келу қозғалысы айналмалы білікшеде 11 орнатылған жұдырықшамен 10 хабарланады. Сонымен қатар жіпжүргізгіш шөлмек параллельді түрде шыңына шыға отырып тұрақты түрде орын ауыстырады (суретте оңға және солға). Өндірілген шөлмектер автоматты түрде қысқыштардан босап, жәшікке түседі, ал оның орнына орау бастиегінің магазинінен бос шөлмек беріледі. Шөлмектер ауысу барысында жіпжүргізгіш өзінің бастапқы күйіне келеді. Жәшікке тасталған өндірілген шөлмектен төгілген жіп жіпжүргізгішке беріледі де бос шөлмек негіздемесінде бекітіліп, үзіледі. Осыдан соң орау механизмі жұмысқа қосылады. Жоғарыда қарастырылған барлық операциялар шамамен 7 сек ішінде автоматты түрде орындалады. Иірім жіптің тізбекті шөлмекке оралуы онда қосымша оралудың қалыптасуынан басталады. Қосымша (резервті) орама ұзындығы 2,5 тен 9 м дейін болады.
Бос шөлмектер машина бункеріне төгіледі, ол жерден аталған шөлмектер арнайы тасымалдағыштармен, яғни, орау бастиегінің магазині бойынша реттеуші арнайы тасымалдағышпен алынады.
Шөлмектер 5 тен 12 мың айн/мимн айналу жиілігімен айналады. Шөлмектердің дәл осылай айналу жиілігімен қайта ораудың сызықтық тығыздығы өз кезегінде орама диаметріне байланысты болады. Қайта орау жылдамдығы әдетте 300-500м/мин құрады. УА-300-3 біржақты ұршық орналасқан екі секциядан тұрады. Әрбір секция алты орау бастиегінен тұрады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет