Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Пневматикалық станокта арқауды салу



бет43/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Пневматикалық станокта арқауды салу


Күзуде арқау жіпті салу үшін ауалы шүмек қызмет атқарады. Аталған құрылғы станоктың сол жақ бөлігінде орнатылған, сондықтан да батанның артқы күйінде оның өсі аэродинамикалық арна ортасы бойынша өтеді. Аэродинамикалық арна жоғарғы жағы тесіктер жиынтығынан тұрады, арнаның аталған тесіктері арқылы батанның мата шетіне қарай жақындауы барысында арқау жіптері еркін шығады.


Шүмек сыртында 1 (сурет 70) өзі арқылы арқауша 4 өтетінімен шүмектің 3 өзі кіретін арнайы бөлшек 2 болады. Бөлшек 2 беті арна орталығы бойынша шүмек өсінің бағытын реттеуге мүмкіндік береді. Компрессордан ауа бәсеңдеткішке қысыммен беріледі, ал одан ауа өндірілуші матаға және оны сабақтау ендігіне байланысты 2 – 3 атм шығады, содан ауалы камераға содан кейін шүмекке беріле отырып шығып кетеді.
Әрбір станокта бәсеңдеткіш болады, ол өз кезегінде әрбір станоктағы қысымды жеке жеке реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Пневматикалық станоктың батаны склизбен бірге аэродинамикалық арналарға ие болып табылады, аталған аэродинамикалық арна арқылы ауалы ағыммен арқау жібі салынады.




Сурет 70. Пневматикалық станокта арқауды салу кезінде күзудің ашылу сұлбасы

Арна жоғарғы жағында арқау жібі шығатын тесіктері 2 болатын пластинадан 1 тұрады. Соққы кезінде конфузор өндірілуші мата астына кетеді де, ал арқауша күзуде 3 қалып, мата жиегіне бердомен 4 ұрылады. Бердо батанда бұрандамамен 5 бекітілген.
Батан шүмектен ауа арна ортасы бойынша дәл бағытталуы үшін дұрыс орнатылады, өйткені арқауды салу жүйесі бұзылады. Арна міндетті түрде тазалықта болуы керек, яғни, аптасына бір рет тазалау керек.
Станокта жіп ұзындығы белгілі бір өлшемге тең болатын арқау жіптерін беру және оны өлшеуге арналған механизмге ие болып табылады.

Өндірілу мөлшері бойынша мата тоқыма станогынан тауарлы білікшеге оралады. Ол үшін негіз жіптер тізбеораушысынан белгілі бір керілісте төгілуі керек, сонымен қатар ол тоқыма станогының қалыпты жұмыс істеуі үшін де қажетті болып табылады. Жеткіліксіз немесе шамадан тыс негіз жіптерінің керілісі мүмкіндігінше болмағаны дұрыс, өйткені ол өз кезегінде үзілгіштіктің жоғарылауына және матаның дұрыс қалыптаспауына алып келеді.
Тізбеораушысынан төгілетін негіз жіптерінің ұзындығы өндірілуші мата ұзындығынан мейлінше көлемде ұзын болуы керек, өйткені арқау жіптерімен айқаса тоқыла отырып негіз жіптер түзусызықты емес, керісінше толқынтәріздес орналасады, ал бұл өз кезегінде мата көлемінің кішіреюіне алып келеді. Мата көлемінің кішіреюі өз кезегінде бүтіндей бірнеше қатарлы факторларға байланысты болады, соның ішінде негіз және арқау бойынша мата тығыздығының арақатынасы, негіз және арқау жіптерінің сызықтық тығыздығы, айқаспа түріне және тоқыма процессінде негіз жіптерінің керілісі.
Тоқыма станогында негіз жіптер керілісі циклді түрде өзгереді: күзуде толық ашу барысында кідірістен қарағанда ол үлкен болады, ал мата жиегіне арқаушаны соғу барысында ережеге сәйкес аса жоғары шамаға ие болады.
Дайын болған матаны тауарлы білікшеге орау және тоқыма станогында тізбеораушысынан негіз жіптерін төгу өз кезегінде тауарлы және негізгі реттегіштер көмегімен іске асырылады. Станоктың кейбір құрастырылымында негізгі реттегіштер орнына негізгі тежегішті қолданады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет