Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет44/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Тауарлы реттегіштер


Тауарлы реттегіштер өндірілген матаны тауарлы білікшеге орау үшін қызмет атқарады. Сонымен қатар арқау бойынша мата тығыздығын және ондағы арқау жіптерінің орналасу сипатын реттеу үшін қызмет атқарады.



Матада арқау жіптерінің орналасауы біртекті болуы мүмкін, егер,
a1 a2  ...  a5
(84,

І суретін қараңыз) теңсіздігі орындаса, және де біртексіз болады, егер,
a1 a2 ... a5 (180,

ІІ суретін қараңыз) тепе теңсіздігінің шарты орындалса. Бірінші жағдайда (І) мата беті біртекті болады, егер иірім жіп қалыңдығы бойынша жеткілікті түрде біртекті қасиетке ие болатын болса. Егер иірім жіп қалыңдық бойынша біртектілікке ие болса, онда жеке арқаушалары аралығындағы түстіктер b1 b2 ... b5 тең болады, ал егер тең болмаса, онда бұл өз кезегінде сыртқы түрі бойынша матаның біртексіздігіне алып келеді. Ал екінші жағдайда (ІІ) арқаушалар саны ұзындық бірлігі бойынша біртекті болмағанның өзінде мата сыртқы түрі бойынша біртекті болады, өйткені жеке арқаушалар аралығындағы түстіктер біртекті болады:

b1 b2  ...  b5
(1)

Матада арқаудың орналасу бойынша бірінші әдісі арқауды біртекті реттеу деп, ал екінші әдісін арқауды біртекті соғу бойынша реттеу деп аталады. Арқаудың орналасу сипаты өз кезегінде тауарлы реттегіш құрылғысына байланысты. Демек, тауарлы реттегіштер арқау жібін біртекті (оңды тауарлы реттегіштер) таратушысымен матаны қалыптастыру үшін және арқауды біртекті соққылау (теріс тауарлы реттегіштер) үшін арнаулы болып табылуы мүмкін. Бірінші түрдегі реттегіштер әдетте қалыңдығы бойынша мейлінше біртекті иірім жіптер үшін, мысалы; мақталы мата, тарақтап иірілген жүн және т.б. үшін қолданылады. Ал екіншісі біртектілігі төмендеу, мысалы: аппаратты және қалдықты иірім жіптер үшін қолданады.

Сурет 71. Матада арқау жіптерінің орналасу


сұлбасы

Орау әдісі бойынша тауарлы реттегіштер тура әрекетті, яғни, мұнда мата тауарлы білікшеге тікелей оралады, сонымен қатар тура емес әдісте мата тауарлы білікке оралудан алдын арнайы жүннен басылып алынған құрылғы арқылы өтеді.
Матаның өозғалу сипаты бойынша тауарлы реттегіштер тұрақты әрекеттегі, яғни, тоқыма станогының белгілі жұмысы барысында матаны тұрақты (әдетте келесі арқау жібін соққаннан кейін) орайды және үздіксіз әрекеттегі, яғни, матаны тауарлы білікшеге үздіксіз ораушы процессті атайды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет