Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Негізгі бақылаушылар және негізгі сақтандырғыштар



бет47/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Негізгі бақылаушылар және негізгі сақтандырғыштар


Негізгі бақылаушылар негізгі жіп үзілген жағдайда тоқыма станогын тоқтату үшін арналған болып келеді, сондықтан да бұл өз кезегінде өнімнің ақаулануын алдын алып, тоқымашының негіздің үзілуін бақылау уақытын үнемдейді. Негізгі бақылаушылар ламельді және ламельсіз болып, және де механикалық және электромагнитті әрекеттегі болып бөлінеді.


Пневматикалық станогының механикалық әрекеттегі негізгі бақылаушылары. Аталған механизмде негіздің әрбір жібі жіңішке метал пластинкасының (ламелкасында) 1 (Сурет 73) дөңгелек саңылауы арқылы ілінеді. Метал пластинасының жоғарғы жағында бойлық бойы кертпек болады. Ламельдердің кертпектері арқылы рейка деп аталатын тісті тақтайшалар жүреді. Аталған рейкалардың бірі қозғалмайтын 2, ал екіншісі біріншісінің ішінде жылжып отыратындықтан қозғалмалы 3 болып келеді. Қашан негіздің бір жібі үзілген жағдайда, оған сәйкес ламель қозғалмалы рейканың 3 қозғалысына кедергі келтіре отырып төмен түседі. Тұтқыш және тарпалардың әрекеті нәтижесінде әске қосушы тұтқа орын ауыстырады да, станок тоқтатылады. Негіз жіптерінің тығыздығына байланысты станокта екі немесе төрт рейка жиынтығы орнатылады.
Рейкаларға қозғалыс келесі жағдайда беріледі. Басты біліктен шынжыр арқылы бір төлкесінде тегершік Z1 отыратын жұлдызша Zжұлд. айналмалы қозғалысқа келтіріледі. Аталған тегершік тегершікпен Z2 тістесе байланыса отырып, эксцентрикті білікшеге қозғалысты береді. Эксцентрикті білікшеге эксцентриктер, яғни, шеңберлі 4 және дөңес 5 эксцентриктер қатаң түрде бекітіледі. Шеңберлі эксцентрикке бұлғақ 6 кигізілген, ол өз кезегінде білікшеде 8 еркін отырған қосиінге 7 тербелмелі қозғалысты береді. Қосиіннің жазықтықты бетіне серіппенің әсерімен серіппеленген стерженнің 9 басы қысылады, ал серіппеленген стерженнің ұшы білікшеде 8 еркін түрде отырғызылған тербетпелінің төменгі дөңес саңылауы арқылы еркін өтеді. Сайып келгенде тербетпелі тербелмелі қозғалысты қосиіннен алады. Тербетпелі дөңесінің саңылауы арқылы білікшеге 8 жоғарғы жағы сіргемен ұсталатын итеруші 11 өтеді.
Қалыпты жұмыс барысында қашан тербетпелі тігін күйде болған кезде, итергіш кіші радиусты эксцентрик 5 аймағында орын алады, ал тербетпелі шеткі күйде болатын жағдайда, үлкен радиусты эксцентрик аймағы тігінен орнатылады.
Негіз жіптерінің бірі үзілген жағдайда төмен түскен ламель рейка тістерінің аралығына түсе отырып, рейканың қозғалысына кедергі келтіреді, ал бұл өз кезегінде тербетпелінің вертикаль күйде болуына және итергіш эксцентриктің 5 бойына орналасуына алып келеді. Соңғысы үлкен радиус аймағында айнала отырып итергішті көтереді. Аталған көтергіштің жоғарғы ұшы тұтқышқа 12 әсер етеді де, осы тұтқыш 12 арқылы тұтқышқа 13,
білікше 14 және тартпаға 15 әсер етеді, дегенмен оймасы бар теңгергіш 16 ұшы көтеріліп, батан 17 соққысының 18 әсер етуші жолында тұрады. Осыдан соң соққылаушының әсерімен теңгергіш 16 қосиықты тұтқышты 19 бұрады, ал ол тартпа 20 арқылы іске қосушы тұтқаны жұмысшы күйден шығарады да, станокты тоқтатады.
Үзілген негіз жібін қайта сабақтағаннан кейін ламелька өзінің бастапқы күйіне келіп тұрады да тоқыма станогын жұмысқа қайта қосады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет