Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Тоқыма станогындағы қоқыстар және қалдықтар



бет53/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Тоқыма станогындағы қоқыстар және қалдықтар


Дөрекі мата сапасынан көбінесе дайын мата сапасы тікелей байланысты болып келеді.


Матадағы түрлі ақаулар немесе оның түрлері сапасы күмән тудыратын иірім жіптерді қолдану, негіз жіне арқау иірім жіптерін тоқымашылыққа дайындау сапасының төмендігі, станок жұмысы және орнатудың дұрыс еместігі және станокқа қызмет көрсетуші тоқымашының ұқыпсыз жұмысы, сонымен қатар басқада себептер нәтижесі барысында қалыптасады.
Дөрекі матада келесі қоқыстар кездеседі.
Близны – матаның бірнеше ұзындығында бір немесе бірнеше негіз жіптердің болмауы. Аталған ақау түрі станоктың жұмысы барысында негізгі жіптердің үзілуібарысында, негіз
жіптерінің үзілуі барысында станокты тоқтатпайтын негізді бақылаушының дұрыс жұмыс істемеуі, станокты дұрыс сабақтамау, бердоның және қайықтың ақаулануы барысында пайда болады.
Белгі салушы немесе арқау өту аралығы - айқаспа суреті белгілі бір деңгейде бұзылған мата бетіндегі көлденең жолақтар. Прометкалар арқаулы айырша немесе сүңгіштердің дұрыс жұмыс істемеуінен, сонымен қатар тазды дұрыс таппау себебінен пайда болады.
Кем тоқылған – арқау бойынша төмен тығыздықтағы бойлық жолақтар. Аталған ақаулар өз кезегінде тауарлы білікшелер, негізді беруші құрылғылар және арқаулы айыршаның дұрыс жұмыс істемеуінен пайда болады.
Жапырылған - арқау бойынша артық тығыздықтағы бойлық бойынша пайда болатын жолақтар. Бұл ақаулар шөлмектерді алмастыру барысында кертпекті құрылғылармен матаны жіберу барысында, сонымен қатар негізгі реттегішпен негізді жеткілікті түрде жібермеу барысында пайда болады.
Жіп түйіні – негіз жіптерінің үзілген ұштары жанындағы жіптерге шатасады да, нәтижесінде айқаспа суреттемесі бұзылады.
Мата ақаулары (отрывы) – көп санды жіптердің үзілуіне алып келетін ақау түрі болып табылады, әдетте күзуде қайықшаның тоқтауы барысында, сақтандыру механизмдерінің (құлып немесе тастаушы бердоның) дұрыс жұмыс істемеуі барысында пайда болады.
Үзінділер – кішігірім аймақта арқау жіптері негіз жіптерімен айқаспайды, керісінше жайманың жоғары және төменгі жіп үзінділері түрінде шығып тұрады. Үзінділер әдетте дұрыс орнатылмаған немесе таза ұсталмаған күзу барысында немесе негіз жіптерінің босаңсуы барысында қалыптасады.
Суреттің бұзылуы – матаның барлық ендігі бойынша айқаспа суретінің тізбегі бұзылады; бұл ақау түрі қатырма қағазды дұрыс жасамау немесе күймешелер салмасын дұрыс таңдамау барысында пайда болады.
Арқаулы үзінділер және арқау қашуы. Аталған ақаулар негізінен мата бетіне шығатын арқауша шашақтары, үзінділері немесе ширатпалары жатады. Шөлмекке арқаудың дұрыс оралмауы барысында, иірім жіптің шамадан тыс ширатылуы барысында, сонымен қатар соққылаушы механизмдерді дұрыс орнатпау салдарынан пайда болады.
Бердомен қию – саңылау сияқты көлденең жолақтар; өз кезегінде бердо жұмысының дұрыс жұмыс істемеуінен немесе аталған бердоға негіз жіптерін дұрыс сабақтамау салдарынан пайда болады.
Ластануы немесе майлы дақтар – бұлар өз кезегінде станокты баптау, станокты және күймешені шамадан тыс майлау барысында ұқыпсыз қарау, сонымен қатар лас арқауды қолдану барысында пайда болады.
Жоғарыда аталған ақаулардан басқа өндіріліп шығарылатын мата сапасын мейлінше төмендететін ақау түрлері де жеткілікті болып табылады.
Тоқыма станогында алынатын ақаулар өз кезегінде негіз немесе арқау бойынша болуы мүмкін.
Негіз жіп ақаулары өз өздерін станокқа негізді сабақтағаннан кейін қалатын іп үзінділері ретінде, сонымен қатар негіз жіптерінің үзінділерін және үзулерін жою барысындағы жіп ұштары ретінде қарастырады. Қолданылмайтын жіп ұштарының жалпы ұзындығы әрбір негіз бойынша 2м болуы мүмкін. Әдетте мақталы-мата тоқымасында негіз бойынша ақаулар 0,05 тен 0,15% аралықта болады. Тоқыма саласының басқа бағыттарында бұл көрсеткіш мөлшері жоғары болуы мүмкін.
Арқау бойынша ақаулар негізінен автоматты станоктар батареясын қуаттау барысында немесе механикалық станоктарда қайықтарды дайындау барысында алынатын иірім жіп үзінділері болып табылады. Мақталы мата тоқымасында арқау бойынша ақаулар өз кезегінде шығарылушы мата артикулы, станок конструкциясы және жұмыс әдісіне (сүңгішпен немесе онсыз, қосымша орамамен немесе онсыз) байланысты 0,3 тен 2% дейін және одан да жоғары көрсеткішті көрсетеді.
Дегенмен иірім жіп құны матаның өзіндік құнының негізгі бөлігін құрады, сондықтан да негіз жіптерін ұшын сабақтау немесе өндіруді барынша пайдалануды қысқарта отырып, собықта арқау иірім жіпті соңына дейін пайдалана отырып (алмастыру механизмі айырша арқылы іске қосылу барысында) иірім жіпті міндетті түрде тиімді пайдалану керек. Қостүсті құрылғының жұмыс істеуі барысында әрбір түстің арқаулы тастандысын тақ сан ретінде және де жұп санды ретінде де пайдалануға болады. Егер алмастыру механизмі шуплодан іске қосылса, онда шөлмекте иірім жіптің минималды ұшын қалдыру керек.
Ақау саны сонымен қатар қондырғының жай күйіне де байланысты болып келеді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет