Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К



бет51/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

m=(m1+m2)-1, (2)
Мұндағы: m1бір қайықшадағы қайық саны;
m2екінші қайықшадағы қайық саны. Әдетте


m1=m2. (3)
Арқау бойынша түрліше түстегі эффектілі матаны екі жақты көпқайықшалы механизмді және қайықшалы қорапшаны туынды түрде алмастыратын станокта шығаруға болады.
    1. Көпқайықшалы механизм құрылғысының принципі


Көтермелі қорапшалы және қайықшаларды туынды түрде алмастыратыны бар біржақты төртқайықшалы механизм. Жоғарыда аталған механизм келесі жағдайда жұмыс істейді.


Қозғалмайтын өсте 0 (сурет 77) сол жақ ұшы қайықшалы қорапшаларға 1,2,3 және 4 ие болатын вертикальді штангамен байланысқан иін ағаш еркін отыр. Ал иін ағаштың екінші ұшында қайықшалы қорапшасы болатын қарнағы тепе теңсіздендіріп отыратын жүк болады, жоғарыдағыдардың нәтижесіндеиін ағашты бір немесе екінші жаққа еркін орын алмастыруға болады.
Иін ағаштың орын алмасуы өз кезегінде қайышқалы қорапшалардың төмен немесе жоғары көтерілуіне алып келеді. Осылардың нәтижесінде олардың бірі батан склизі бойында, яғни, соққылаушы деңгейде орналасады.
Иін ағашы негізінде екі эксцентрик әсерімен орын ауыстырады. Кіші эксцентрик өз өсінде еркін отырады, ал үлкен эксцентрик оған отырғызылған, дегенмен үлкені кішісіне қатысты тәуелсіз айналысқа ие болады. Үлкен эксцентрикке тарпамен иін ағашқа байланысатын сақинаға (қамыт) ие болады. Қашан қос эксцентриктің қасиеті төмен қарай бағытталғанда батан склизі деңгейінде бірінші немесе ең жоғарғы қорапша болатындай қайықша төмен түсіріледі. Қашан кіші эксцентрик эксцентриситеті жоғары, ал үлкен эксцентрик эксцентриситеті төмен бағытталғанса, онда батан склизі бойынша тек қана екінші қорапша болады. Ал егер кіші эксцентрик эксцентриситеті төмен, ал жоғары эксентрик эксцентриситеті жоғары, онда склиз бойында үшінші қорапша болады. Егер қос эксцентрик қаситеттері жоғары бағытталса, онда склиз деңгейінде төртінші қорапша болады.

Сурет 77. Көтермелі қорапшалы біржақты төртқайықшалы механизм сұлбасы



Демек, тек кіші эксцентриктің бұрылуы немесе жартылай айналымы өз кезегінде қайықшаның бір қорапшаға көтеріліп немесе төмен түсуіне алып келсе, үлкен эксцентриктің жартылай айналымы немесе бұрылуы қайықшаның екі
қорапшаға көтеріліп немесе төмен түсуіне алып келеді.

Қайықшаларды бір жақты алмастыратын револьверлі көпқайықшалы механизм. Мұндай түрдегі механизм сұлбасы (78 суретте) көрсетілген. Батанның ұшында орнатылған қайықша әдетте алты қайықшалы қорапшадан тұратын револьерлі батан түрінде болады. Барабан өз кезегінде ілмекті тартпа әсерімен мына жағдайда, қашан қосиықты тұтқыштың 4 екінші жағында орналасқан пышақпен 5 көтерілген жағдайда ғана бұрылады. Ал пышақ болса орта білікте қатаң түрде отырған пышақты жұдырықша 6 әсерімен көтеріледі. Оның жанында осы білікке қатаң түрде эксцентрик 7 отырғызылған, ол өз кезегінде қатырма қағаз 8 призмасының бұрылуын басқарады.
Бұрыштың тұтқыштың 9 көлденең иығы саусақшасы тұтқышты сағат тіліне қарама
қарсы бұра отырып қатырма қағаз картасының саңылауына түседі. Сонымен қатар бұрыштық тұтқыштың вертикальді иығының төменгі бөлігі ілмекті 3 оңға қарай, қашан ол пышақпен 5 ұсталып және көтеріліп, кейін өз кезегінде қайықшалы барабанның бұрылуын қамтамасыз еткенше бұрыла береді.
Батанның екінші ұшында бір қайықшалы қорапша болады, демек, алмастыру тастаманың тек қана жұп сандарынан кейін іске асады деген сөз.
Қашан эксцентрик 7 штанганы 10 көтергенде, оның жоғарғы бөлігіндегі шықпа призма және картон саңылауынан оның саусақшаларын шығара отырып бұрыштың тұтқышты 9 бұрады, содан кейін призма және картонды бір бұрышқа бұратын шүріппесі 12болатын көлденең тұтқышты 11 бұрады.



Сурет 78. Қайықшаны бір жақты
алмастыратын револьверлі механизм сұлбасы

Сурет 79. Үш қайықшалы станок үшін қайықшаларды айдау кестесі

Екінші жағынан қайықты барабан оның екінші жағында орналасқан тарпа 13 әсерімен айналады. Аталған тарпа қосиықты, яғни, ілмекті және бұрыштық тұтқышқа ие болып табылады.
Револьерлі көпқайықшалы механизм қайықшаның бұрылуына қандай да бір кедергі келтіретін жағдайдағы бөлшектердің сынуын немесе ақаулануын ескертуші, мысалы, қайықшаның мезгілінде қайықшалы қорапшаға жетпеуі, біруақытта пышаққа екі ілмектің қатарласа түсуі немесе т.б. алдын алатын сақтандыру құрылымдарына ие болып табылады. Сақтандыру құрылғысы конструкциясының принципі мынадан тұрады, яғни, пышақты тұтқышқа жалпақ серіппемен 16 қысылатын тұтқыш 15 кедергісін алдын ала отырыпаталған пышақты тұтқыш өсі 14 жоғары бағытта орын алмастыра алатынынан тұрады. Көпқайықты станокта қайықшаларды айдау кестесі түсі немесе басқада айырмашылықты белгілері бойынша арқаудың белгілі бір кезектесуімен матаны шығару үшін қайықшалы қорапшаның алмасу тәртібі және онда қайықшалардың орналасу тәртіптері көрсетілген.
Қайықшаларды айдау кестесі бойынша қайықшалы қорапшаны алмастыру процессін басқаратын аспапқа арналған қатырма қағазды құрады.
Қайықшаларды бір жақты алмастыру барысында, қашан әрбір арқаудың тастау саны жұп болғанда, қайықшаларды айдау өте қарапайым болады. Мұндай жағдайда түрлі арқаудың максималды саны ауыспалы қорапшалардың санына тең болады.
Ал қайықшаларды екі жақтама алмастыру барысында, егер түрлі арқау жіптерінің саны бір жақты қорапшалар санынан көп болмаса, онда қайықшаларды айдау да күрделі болмайды.
79суретте әрбір түстегі арқауды бірлеп салу бойынша түстердің раппорты барысымен a, b, c үш өлшемді түсті арқаулы иірім жіпке арналған қайықшаларды екі жақта байланыссыз алмастыратын үш қайықшалы станокта қайықшаларды айдау кестесі келтірілген. Жоғарыда аталған мұндай раппорт 1a,1 b,1 c деп белгіленеді.
Кестедегі тілшелер қай қорапшадан қайықша шығып жатқанын, ал әріптер станоктың
екінші жағынан қай қорапшаға қайықша түсіп жатқанын көрсетеді. Сол жақта орналасқан сандар арқаушаның тәртіптік нөмірін белгілейді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет