Турлыбекова а. Б., Алимбетов м. О., Абдикаликова н. Б., Балабеков о. К


Тікиіршікте тізіп орау барысында иірім жіп ұзындықтарының тоқайласуы



бет54/56
Дата19.09.2023
өлшемі5,69 Mb.
#181553
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
токыма жабдыктары

Тікиіршікте тізіп орау барысында иірім жіп ұзындықтарының тоқайласуы


Тікиіршік өлшемін есептеу барысында міндетті түрде олардың көлемін толық пайдалануға тырысу керек. Орауышдағы немесе тізіп орау білікшесіндегі жіп ұзындығы, сонымен қатар тізіп орау білікшесіндегі және тоқыма иіршік орнатпасындағы жіп ұзындықтары бір бірімен байланыстылықта болуы керек.


Тікиіршік көлемін толық пайдаланбау және олардың байланыстылығының (тікиіршіктің жүйесіздігі) болмауы себебінен тоқымада ақаулар көрсеткішінің жоғарылауына және еңбек және қондырғы жұмыстары өнімділіктерінің төмендеуіне алып келеді.
Бір мата қиындысына жұмсалған негіз ұзындығы (м) мынаған тең болады:

l l 1 a0
, (4)

0 T



100


Мұндағы:
lT - мата қиындысының ұзындығы (мата ендігіне байланысты 30, 40 және 50 м);
a0 - тоқымадағы негіздің азаюы, %

Иіршік орнатпасындағы негіз ұзындығын (м) келесі формуласымен анықталады:
Lиір.орнатпасы nl0 lтк lпр , (5) Мұндағы: n - бір иіршік орнатпасынан шығарылған мата қиындыларының бүтін саны;
lтк - тоқыма станогында алынатын негіз ұштарының ұзындығы;
lпр - сабақтау барысында алынатын негіз ұштарының ұзындығы.

Тізіп орау білікшесінде (топтамалы тізіп орау барысында) негіз ұзындығы бір топтамалы білікшеден алынатын негіз санымен, сонымен қатар топтамалы білікшелерден негізді кескеннен кейін қалатын жіп ұштарының ұзындығы және желімденген жіп ұштарының ұзындығын ескере отырып иіршік орнатпасындағы негіз жібінің ұзындығынан қысқа болуы қажет.


Тоқыма станогында иірім жіптерінің үзілгіштігі:
Тоқымада иірім жіптерінің үзілгіштігі технологиялық процесстерінің қалыпты жүрісін бұзып, шығарылушы өнімнің сапасын төмендетеді, сонымен қатар еңбек және қондырғылардың өнімділігін төмендетеді, сондықтан да әрбір фабрикада иірім жіптерінің үзілгіштіктерін мән бере отырып зерттеп, олардың алдын алу жолын қарастыру қажет.
Тоқыма станогында негіз жіптерінің үзілу себебін үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топты иірім жіп сапасының төмендігімен немесе оны дайындау бөлімінде дұрыс дайындалмағанын сипаттайтын себептер құрады.
Екінші топты тікелей тоқыма станогының күйі және баптауына байланысты болатын себептер құрады. Мысалы, ремизкалардың, бердо, шпаруток, арқаулы айыршасы және қайықшаны дұрыс орнатпау немесе дұрыс жұмыс істемеуінен, сонымен қатар негізді дұрыс кермеуінен және басқада себептерге байланысты болып келеді.
Ал үшінші топқа қондырғыға ұқыпсыздықпен қызмет көрсету және лас ұстауға байланысты болып келетін себептермен бірігеді, мысалы, негіз жіптерінің ластануы, жіп

ұштарын дұрыс байланыстырмау және т.б.
Станокта арқаудың үзілгіштігі негізінен иірім сапасының төмендігі және оның тікиіршікке дұрыс оралмағандығы, сонымен қатар станокты дұрыс баптамағаннан, әсіресе арқаулы айршаны баптамағаннан және қайықшаның дұрыс жұмыс істемеуіне тікелей байланысты болып келеді.
Негізгі жіптердің үзілгіштігі әдетте сағатына бір станокта шығарылатын 1 м матадағы үзілген жіп саны бойынша анықтайды, ал арқаулы иірім жіптің үзілгіштігін белгілі жіп ұзындығымен, мысалы, 1000 м бойынша.
Бақылау сұрақтары:

  1. Көпқайықты механизмдердің белгілері қандай?

  2. Қайықты қорапшаны алмастыру өз кезегінде қандай болуы мүмкін?

  3. Көпқайықшалы механизм құрылғысының жұмысы?

  4. Қайықшаларды бір жақты алмастыратын механизм қалай аталады?

  5. Қайықшаларды бір жақты алмастыру барысында процесс қаалй жүреді?

  6. Қайықшаларды екі жақтама алмастыру барысында, егер түрлі арқау жіптерінің саны бір жақты қорапшалар санынан көп болмаса, онда қайықшаларды айдау қандай болады?

  7. Көпқайықты станокта қанша түсті құрылғылар қолданылады?

  8. Аталған құрылғыларды қолдана отырып қанша түсті матаны шығарады?

  9. Арқау жібінің түсін алмастыру үшін не іске қосылады?

  10. Төрт түсті құрылғыларда қолдану барысында станок қоректендіргіші қозғалмайтын қанша орауыштан іске асырылады?

  11. Матадағы түрлі ақаулар пайда болу себептері?

  12. Арқаулы үзінділер және арқау қашуының орын алу себептері?

  13. Ластануы немесе майлы дақтар қандай жағдайда орын алады?

  14. Тоқыма станогында алынатын ақаулардың алдын-алу?

  15. Тоқыма станогында иірім жіптерінің үзілгіштігін болдырмау жолдары?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет