11. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар
Жоспар
1. Саяси шиеленістер: түрлері, пәні, объектісі және субъектілері.
2. Саяси шиеленістердің ерекшеліктері, олардың даму динамикасы және оларды шешу әдістері.
Саяси шиеленіс - ол екі немесе одан да көп жан-жаққа бағытталған күштердің олардың қызығушылықтарын қарама- қарсы əрекет жағдайында жүзеге асыру мақсатында қақтығысуы. Бұл саяси шиеленістің саясат феномені ретіндегі ең жалпыланған сипаттамасы. Дүниежүзілік саяси процестің соңғы жиырма жылдағы тəжірибесі қақтығысты жағдайларда диалогтың басымдылығын дəлелдейді.
Əлем саяси шиеленістердің жаһандық ракеталық - ядролық апатқа дейін эскалациясының (біртіндеп үдеу; күшею; ушығу) мүмкін еместігін сезінді жəне бұрынғы конфронтациялардан қалған постконфликтік синдромдары бар ушыққан жағдайларда да компромисстер қажет деген қорытындыға келді. Қақтығыс саяси субъектілердің өзара əрекетінің мүмкін нұсқаларының бірі болып табылады. Адамдардың өз жағдайларына қанағаттанбауын, позициялары мен көзқарастарының сəйкес келмеуін үздіксіз тудырып отыратын қоғамның бір текті еместігін ескере отырып, көбіне топтар мен индивидтердің мінез - құлқының, билік құрылымының трансформациясының, саяси процестердің дамуының негізінде дəл осы шиеленістің жатқанын байқауға болады.
Əлеуметтік қақтығыс тіршілік əрекетінің көптүрлі ресурстарына байланысты үлкен əлеуметтік топтардың конфронтациясы ретінде көрінеді. Саяси шиеленісті осы үлкен əлеуметтік топтардың билік үшін күреспен байланысты саяси міндет, құндылық, талап, ұран түрінде көрінетін біріккен қызығушылықтарының қақтығысы ретінде түсіндіруге болады. Саяси қақтығыстардың субъектілеріне белгілі бір мақсатты сезінген жəне көздеген, саясиланған əлеуметтік қозғалыс, қысымның экономикалық жəне саяси топтары, криминалдық топтар түріндегі ресми емес жағдайда қалыптасқан əлеуметтік бірлестіктерге ресми ұйымдасқан индивидтер, адамдардың шағын жəне үлкен əлеуметтік топтары жатады.
Саяси ғылымның тарихында шиеленіс «əлеуметтік феномен» ретінде алғаш Г. Зиммельдің, Г. Гегельдің, К. Маркстің, А. Смиттің, А. Токвильдің еңбектерінде зерттелген. Шиеленістерді зерттеу əдістемесі келесі тəсілдерге негізделеді: а) əлеуметтік-биологиялық тəсіл (С. Вильсон, А. Гелен). Авторлар табиғи сұрыпталу теориясына сүйене отырып, адамның табиғи агрессивтілігі идеясынан бастау алады. Қоғамдағы қақтығыстардың себептері адамдардың агрессивті мінез-құлқының түрлі типтерінде жатыр жəне міндет осы агрессияларды болдырмау, оның алдын алу мен жою жолдарын табуға келіп тіреледі; б) психологиялық тəсіл (Т. Адорно, З. Фрейд, Э. Фромм). Қақтығыстың психофизиологиялық табиғаты бар, онда маңызды рөлді шиеленіс пен фрустрация атқарады; в) кластық тəсіл (К. Маркс, Г. Маркузе). Кластарға бөлінген қоғамда үнемі негізінде қарама-қарсы қызығушылықтар жататын, қақтығыстар болып тұрады; г) функционалдық тəсіл (Т. Парсонс). Қақтығыс қоғамда дисфункционалдық рөл атқарады. Дегенмен қақтығысты тек қиратушы процесс ретінде ғана қарастыру дұрыс емес. д) диалектикалық тəсіл (Г. Зиммель, Р. Дарендорф, А. Дмитриев).
Қақтығыс жағымды қызмет атқаратын, қалыпты əлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Саяси қақтығыстардың табиғатында басым рөлді əлеуметтік факторлар атқарады. Саяси конфронтацияның негізінде жатқан үш негізгі себептер:
Бірінші себебіне қоғамдық қатынастардың түрлі формалары мен аспектілерін жатқызады, олар саясат субъектілерінің мəртебелерінің сəйкес келмеуін, олардың ролдік тағайындаулары мен қызметтерін, биліктегі қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қорлардың жетіспеушілігін анықтайды. (басқарушы жəне контрэлит арасындағы қарама-қайшылықтар, түрлі топта, билік жүйесінің басқа да саяси субъектілер жағынан қысым).
Саяси қақтығыстардың себебінің екіншісіне саяси құбылыстар (саяси идеалдар, құндылықтар, тарихи оқиғаларды бағалау) туралы адамдардың субъективті көзқарастарының сəйкес келмеуі жатады.
Қақтығыстардың үшінші себебі ретінде азаматтарды теңестіру процестері, олардың əлеуметтік жəне саяси жүйедегі өздерінің орындарын түсінуді анықтайтын белгілі бір əлеуметтік, этникалық, діни жəне басқа да қауымдастықтар мен бірлестіктерге жатуын сезіну процестері қарастырылады.
Саяси қақтығыстар түрлері:
а) əрекет ету уақыты бойынша - созылған жəне тез;
б) əрекет көлемі бойынша - локальді немесе аймақтық;
в) көріну формасы бойынша - бейбіт жəне бейбіт емес;
г) қатысушыларының саны бойынша - көпсубъектілі, немесе мультиполярлы жəне екі жақты немесе биполярлы;
д) нормативті реттеу дəрежесі мен сипаты бойынша - жүйелік немесе жүйелік емес, институтталған немесе институтталмаған;
е) салдары бойынша - позитивті немесе негативті, конструктивті немесе деструктивті;
ж) басқару тəртібін үйымдастыру иерархиясы бойынша - яғни биліктің түрлі деңгейлеріне жататын субъектілердің өзара қарым-қатынастарын сипаттайтын тік (вертикальді) жəне бір жағдайдағы субъектілер мен билік тасымалдаушыларының байланысын ашатын көлденең. Саяси қақтығыстарды басқару.
Саяси шиеленістерді басқару технологияларын талдау оларды реттеп отыру үшін бірнеше міндеттерді ерекшелеуге мүмкіндік берді. Біріншіден, шиеленістің пайда болуына кедергі келтіру, ал егер де ол бар болған жағдайда мүмкіндігінше оның келесі кезеңге өтіп кетуіне жол бермеу. Екіншіден, бақылаудан тыс, басқарылмайтын процестер аумағын азайту мақсатында барлық көлеңкелі, латентті қақтығыстарды ашық формаға ауыстыру. Үшіншіден, саяси шиеленіс ағымымен келген əлеуметтік қозу деңгейін неғұрлым азайту.
Саяси шиеленістерді шешу əдістері. Е. Нордлинжер саяси шиеленістерді сəтті реттеудің алты қағидасын негіздеп берді:
а) тұрақты коалиция;
б) пропорционалдылық қағидасы;
в) десаясаттану;
г) өзара вето құқығының болуы;
д) компромисс;
е) концессия, яғни қақтығысты үшінші жақтың реттеуіне құқық беру. Шиеленіс қоғамдық қатынастар жүйесіндегі феномен ретінде көпқырлы құбылыс болып табылады жəне осыған орай оны шешуде поливарианттылық туындайды.
Мұндай жағдайда кейбір ғалымдар келесі факторларды ескеруді ұсынады: а) институционалды фактор - қоғам шеңберінде қақтығыстарды шешу үшін мынадай əлеуметтік институттар қызмет етуі тиіс: келісім комиссиялары, конституциялылық сот, арбитраж жəне т.б.; б) күштер теңдігі факторы - екі жақ та тең құқыққа жəне қайшылықты жағдайды шешу теңдей мүмкіндікке ие болуы керек; в) кумулятивті фактор - қақтығысқа қатысушылардың саны неғұрлым аз болса, оны бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады; г) психологиялық фактор - қақтығысқа қатысушылардың субъективті ерекшеліктерін ескеру.
Саяси шиеленісті шешу үшін мыналар аса қажет: а) қақтығыс шекарасын нақты белгілеу, яғни оны таратпау жəне оған қосымша факторлардың, қатысушылардың, себептердің, таралу масшабтарының қосылуына жол бермеу; б) шиеленістің негізінде жатқан мəселені жеңілдетуден, оларды дихотомикалық түсіндіруден алыс болу; в) конструктивті шараларды қабылдауда жайбасарлыққа жол бермеу, себебі шиеленісті шешу уақыты - ол шиеленістің өзінен қауіптірек салдарға əкелуге қабілетті фактор; г) қақтығысты ұлттық арнайы əдіс призмасы арқылы реттеудің əмбебап (жалпы адамзаттық) тəжірибесін қолдану.
Саяси шиеленістің даму кезеңдері: бастапқы, жасырын (латентті түрі); ашық түрі (қарсы тұру); постшиеленісті кезең. Шиеленістің бастапқы (жасырын) кезеңіне туындап келе жатқан шиеленісті сезіну, өзінің қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін басқа жақтан кедергілер мен мүмкін қарсы əрекеттерді түйсіну тəн. Екінші кезеңде – ашық, мынадай əрекеттер болады: ұрандар, қорқытулар, содан кейін кедергілер жасау, қосалқы зиян тигізу (БАҚ-та жариялау) басып алуға бағытталған əрекеттер. Постшиеленісті кезең бұрыннан бері қақтығысып келе жатқан, аяқталған конфронтация нысанына қатысты бағалар мен пікірлердің сəйкес келмеуіжалғасып келе жатқан жақтардың қарым-қатынасындағы шиеленіспен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |