Тусупбеков Ж. А. Жуматова Г. М. Абдрахманова А. А


Тақырып 8. Саяси мәдениет және саяси мінез – құлық-1С



бет8/11
Дата26.03.2022
өлшемі109,22 Kb.
#136886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дәріс тезистері

Тақырып 8. Саяси мәдениет және саяси мінез – құлық-1С.


Жоспары
1. Саяси мәдениет: түсінігі, құрылымы, қызметі.
2. Саяси қатысудың негізгі түрлері.

Саясатгану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси-санасымен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің, даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат кұбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.


Бұл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы - 60 жылдардың басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс жөнінде бірнеше жұмыстар бастырып шығарды. Олар кейін "саяси мәдениет" деген атпен кең тарап кетгі.
Бірақ бұдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-пікір болмаған екен деген ой тумауы керек. Себебі, антикалық ойшылдар, атап айтқанда, Платон ("Мемлекет", "Зандар" деген еңбектерінде), Аристотель ("Саясат" деген еңбегінде), кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әр қилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан қилы жауап қайтаратындығын байқаған. Бұл неліктен, неге байланысты болатындығын білгілері келген. Сол сұрақтарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы "саяси мәдениет" деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.
Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын "саяси мәдениетті" саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбалы, мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.
Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның, Кеңес Одағының, Болгарияның және т. б. бұрынғы социалистік елдердің қоғамтанушылары қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі "дамыған социалистік қоғамның" саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген желеуді дәлелдеуге тырысты.
Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бұл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек.
Саяси мәдениеттің мағынасьш айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Бұл жөнінде де ғалымдар арасында келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г. Алмонд пен С. Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды.
Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметгік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.
Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болады. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзін-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсақ, оның іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал қандай мәдениет болмасын ол сананың элеметгерімен бірге нақгылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз.
Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси санамен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси мәдениеттің өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады.
Танымдық қызметі - қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын зандылықтар мен принциптерді танып-білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі - саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттейді.
Тәрбиелік қызметі - әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыруға, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке тәрбиелейді.
Біріктірушілік қызметі - қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.
Қорғау қызметі - қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі - саяси тәжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет