6 тақырып. Саяси партиялар, партиялық жүйелер және қоғамдық-саяси қозғалыстар
Дәріс жоспары
1. Саяси партилар, партиялық жүйелер түсінігі.
2. Саяси партилар түрлері.
3. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
"Жүйе" ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға ең алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи (1901-1972) болды. Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды. Ғалым бұл жүйеге өзара байланыста тұратын элементтердің біртұтас жиынтығы ретінде қарады. Оның пікірінше, егерде жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса, оның барлық тұтастығы өзгереді. Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің талаптарына жауап қайтару арқасында дамиды.
Кейін бұл жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда жиі пайдаланыла бастады. Әлеуметтануда қоғамды жүйелік тұрғыдан талдаған - Т.Парсонс болып саналады. Ол қоғамды өзара байланыста болатын 4 жүйеліктен (экономикалык, саяси, әлеуметтік және рухани) тұрады дейді. Жүйеліктің әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады, іштен және сырттан түсетін талаптарға жауап қайтарады. Осылардың бәрі қосылып біріккенде жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді.
Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уакыт болған жоқ. Оны XX ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Дэвид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Яғни, саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.
"Кірістің" 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылыктардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және ол әр түрлі болады. Мысалы: енбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардын құқықтары мен бостандықтарын қорғау және т.б. Егерде мұндай талаптар көбейіп жатса, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.
Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін, адалдығын, саяси институттарға сенімділігін білдіреді. Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға, мысалы. салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару, ұлтжандылық білдіру, сайлауға белсене қатысу, қабылданған шешімдерді, заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т. б. жатады.
Халықтын әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты оларды қарастырады. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлык, саяси жүйе адамдардың талап-тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қабылдайды. Сондықтан олардың әділдігіне сенімсіздік білдіріп, әр түрлі айла-тәсілмен басып-шаншуға тырысады. Демократиялык, конституциялық саяси жүйе халықтың мұқтаждығына, тілек-талаптарына жауап беруді, оларды мүмкіндігінше канағаттандыруды өз қызметін атқару деп түсінеді.
Шығыс - саяси жүйе жұмысының нәтижесі. Онда саяси жүйеге түскен талап-тілектерге сәйкес саяси шешімдер қабылдайды, сонымен бірге оларды жүзеге асыру жоспары қарастырылады. Оны халықтың талап-тілектеріне жауап деп түсінуге болады. Мысалы, шығысқа қабылданып жатқан зандарды, атқарушы биліктің қаулыларын, соттардың шешімдерін және т.б. жатқызуға болады. Саяси жүйе орасан зор әлеуметтік мәлімет, хабарламаларды қарастырып, оларды нақтылы шешімдерге айналдырады. Олар жаңа талаптар-ды тудыруы мүмкін. Сөйтіп "кіріс" пен "шығыс" әрдайым бір-біріне әсер етіп отырады. Саяси өмірдегі бұл кері байланыс қабылданған шешімдердің дұрыстығын тексеру, оларды түзету, қателерді жою, қолдауды ұйымдастыру үшін үлкен маңызы бар. Кері байланыстың бұрын тандалған бағыттан бас тартып, басқа бағдар алуға, жаңа мақсат койып, оған жету жолын тандауға да мәні зор.
Егер билік басындағылар қоғам мүшелерінің талаптарын тыңдамаса, оның шешімдері қолдау таппайды. Егер талаптар шамадан тыс көп болмаса және "кіріс" пен "шығыстың" әрекеттері дер кезінде өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе тиянақты кызмет атқарады.
Д. Истонның идеяларын Г. Алмонд одан әрі дамытты. XX ғ. 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардын біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс елдерініңсаяси институттары бетен әлеуметтік-экономикалық және мәдени-діни ортада өзінің көптеген кызметтерін ойдағьщай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұракты дамуына кол жетпеді. Мүндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д. Истон басшылық етті.
Ол саяси жүйегс рөлдер мен олардың өзара қатынасынын жиынтығы рстінде қарады. Олар укіметтік институттар аркылы ғана емес, басқа да саяси астары бар құрылымдар аркылы да жүзеге асырылады. Бұл құрылымдарды талдағанда ол 2 деңгейді - институционалдық және бағдарлык. — баса айтты.
Егер біріншісі мемлекеттік және мемлекеттік емес институт-тарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі саяси мәдениетті құрай-тын саяси құрылымды зерделеді. Құрылым деп Д. Истон өзара байланысты рөлдержиынтығын түсінді.
Саяси жүйенін өзіндік мүмкіндіктері де бар. Д. Истон мен Г. Алмонд (1911 жылы туған) олардың төрт түрін көрсетеді: 1) топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байла-нысты реттеу мүмкіндігі; 2) өзінің кызмет етуіне қажетгі экономикалык және басқа қорларды табуға байланысты кысымдық мүмкіндігі; 3) корларды, игіліктерді, кызметті, үздік (озаттық) белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі; 4) әлеу-меттік ортаның талаптарына әркашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі. Үндістан саясатшысы П. Шарон бүл төртеуіне бесіншісін — ішкі жағдайын басқара алатын өзін-өзі реттеу мүмкіндігін косады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.
Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халыктың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, калыптарда бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті зандар шығарады. Сол аркылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара колданылады.
2. Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әр түрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқыңдайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.
3. Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметті атқарады. Ол ортақ, әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, тап-тар, жіктердің белгілі бір бірлестігін камтамасыз етеді.
4. Экономиканың қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін күкыктық тұрғыдан бекітеді, каржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді.
5. Қоғамды, онын мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдаскан қылмыс, сырткы агрессиядан (әскери, экономикалык, информациялык) және т.с.с.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесіпсп билік жүргізіп қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті камтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындагы саяси өзара қатынас-тарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету жолдарын камтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт аркылы жузеге асы-рады. Сонымен қатар оны жуйе дейді. Өйткені оган мемлекеттен басқа мемлекеттік билікке ықпал ету ушін басқалармен бәсекеге түсетін, одақтарға кіретін, мәмілеге келетін мемлекеттік емес көптеген ұйымдар да кіреді. Бұл саяси қатынастардың күрделі көрінісі жүйелілікті, тұтастықты білдіреді.
Саяси жүйеге мемлекетпен бірге саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген ұғым латын тілінен шықкан, яғни, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болған. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейе түсті. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Мақс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы - олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялык байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі - олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптастыру.
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараныц ойынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әр-түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты - билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына дейінгі қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және мақсаттылық сипат береді. Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық құрылысы мен практикалық іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен жарғыларында айқындалады.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топтардың, таптардын, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу қажеттігінен шығады.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардыц көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т. б.;
г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау;
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
е) қоғамдық пікірді калыптастыру;
ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;
и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті - азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның арқасында қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік қопарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жоқ шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.
Қоғамның қай жігіне партияның ыкпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латыннын, сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-демократиялық партияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, ұсак кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін. Консервативтік партиялар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады. Демек, солардың мүддесін де көздейді.
Сонымен, партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеалогия негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: |