13 – 14-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны. Тәрбие үдерісінің формалары мен әдістері, құралдарының жүйесі. Жоспар:
1. Оқушылар тәрбиесінің формалары мен әдістері туралы.
2. Тәрбие әдістерінің жіктелу жолдары.
3. Оқушылар санасын қалыптастыру әдістері.
4. Мінез-құлық тәрбиесі мен оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру туралы.
5. Іс әрекеттегі ынталандыру әдістері.
Негізгі ұғымдар: тұтас педагогикалық процесс, педагогикалық процестің қозғаушы күші, тәрбиенің формалары мен әдістері.
Әдістің қолданыстағы тиімділігін тереңірек тану ерекшеліктерін жіктей отырып топтастыру керек. Тәрбие процесіндегі әдістің атқаратын мәніне қарай топтастыру мына тұрғыда: 1-топтағы әдіс - тұлғаның санасын қалыптастыру. Мұндатұлғаның көзқарасын қалыптастыру, нәтижені сараптап бағалау мәселері көзделген. 2-топтағы әдіс-тұлға меңгеруге тиісті мінез-кұлық, іс-әрекетті ұйымдастыру. 3-топтағы әдіс - тұлғаны әдептілікке, іс-әрекетке ынталандыру жоспары қарастырылады.
Осы топтастырудағы бірінші әдісте - сана мен мінез-құлықтың бірлігі тұлғаның көзқарасын қалыптастыруғажасайтын ықпалын қамтиды. Әлем жөніндегі адамның оның санасына банланысты болса, мұның өзі міне ықпал ететіндігіне негізделген. Ал екінші топтағы тұлғаның іс-әрекет арқылы қалыптасатындығы туралы басты салаларын қамтиды. Үшінші топтағы әдіс - тұлғаның әрекеттегі кажеттілікті өтеуге деген ынта-ықыласы, мінез-құлқына да пәрменді әсер ететіндігі және оның жағымды, жағымсыз әсерлерінің мәні қарастырылған.
Көрсетіліп отырған топтастырудағы әдістерге тән басты сипаттарын өз алдына талдайық. Мұғалім педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.
Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Әдістер, формалар, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды. Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие процесінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазір тәжірибесі мол тәрбиешілер өз жұмыстарында ұмыт болған адамгершілік-имандылыққа, Абайдың қара сөздеріне, халық педагогикасының амал-тәсілдеріне көптеп сүйенуде. Этикалық тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекциялар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар кеңінен қолданыс табуда.
Мұндағы топтың басты әдістерінің бірі – жаттығу, жаттығудың мәні белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің Өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптасады. Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. К.Д. Ушинский айтқандай, адамның әдеттерді қалыптастыруға қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды.
Мадақтау мен жазалау – ынталандырудың басты әдістері болып саналады.
Оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданады. Оқушының басқалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау. Мадақтау әдісін белгілі бір мөлшерде қолдану керек. Орынсыз және шамадан тыс мадақтаудың тәрбиеге тигізер пайдасынан гөрі зияны көп.
Ынталандыру әдістерінің қатарына жарыстар да жатады. Бұл әдіс оқушының бәсекелестікке, алда болуға деген табиғи қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған. Оқушылар өз сыныптастары арасында, өзара жарысып қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін игеріп, адамгершілік қасиеттерді дамытады. Жарыстарды ұйымдастыру – оқушылар психологиясын білуді талап ететін күрделі іс. Жарыстың мақсаттары мен міндеттерін алдын-ала анықтап, бағдарламасын құрастырып, оның нәтижелерін бағалаудың шарттары мен көрсеткіштерін қалыптастыру қажет. Жазалау дегеніміз педагогикалық ықпал ету әдісі, ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің, жолдастары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы тиіс.
Жазалаудың түрлері: ұялту, жиналысқа салу, белгілі бір жеңілдіктерінен айыру сияқты түрлері қолданылады, ал төтенше жағдайларда сабаққа қатыстырмау немесе тіпті мектептен шығару (педагогикалық және оқушылар кеңесі бойынша) сияқты түрлері де қолданылады.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
Іс-әрекеттің түрлерін ата.
«Педагогикалық ықпал ету тәсілдерін, «түрлерін, «тәрбие әдістерін ағымдарының анықтамасын беріңіз.
Әдістерді, тәсілдерді неге қозғаушы күш дейді?
Жеке тұлғаны тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?
Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар?
Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.
Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін атаңыз.
Жеке бастың іс-әрекетін ұйымдастыруды түсіндір.
Этикалық әңгіме-сұхбат әдісінің мәнін айт.
Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.
Әдебиеттер
Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М., Педагогика. Алматы, 2004.
Педагогика. Дәріс курсы. Алматы, 2003.
Аймағамбетова Б., Бейсенбаева А. Тәрбиенің жалпы әдістері. Алматы, 2000.
Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. Алматы, 2000.
Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. Алматы, 2004.