1.1. Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
Сисенбаева Раушан Жаңабайқызы - Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасының оқытушысы
Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы №4 ғимарат 4-қабат, 409-бөлме.
1.2.Пән туралы мәлімет
Сабақ кестесі:
Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.
Аптасына 1 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан (дәріс, практика) және екі оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) тұрады.
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізілу уақыты
|
Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ
1 сағат
|
50 мин.
|
СӨЖ
1 сағат
|
50+50 мин.
|
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс-
тер
|
Лабор.сабақ
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
4
|
7
|
2
|
15
|
15
|
30
|
30
|
90
|
емтихан
|
1.3. Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы: Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні - тіл білімінің түркітану саласындағы басты бағыттарының бірі. Туыстас түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын салыстыра зерттеу. Курста түркі тілдерінң зерттелуі, дамуы мен қалыптасу кезеңдері қарастырылады.
Курстың мақсаты: Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру.
Курстың міндеттері:
- Түркі тілдерінің зерттелу тарихына шолу жасау;
- Түркі тілдерінің жүйесіне тән дыбыстық,лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерді саралай білуге үйрету;
- Түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- Түркі тілдерін салыстыра зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдістің негізінде түсіндіру;
- Тілдік деректерді салыстыра отырып зерттеуді ұғындыру.
Курстың мазмұны:
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері;
Түркі тілдерінің жіктелуі;
Салыстырмалы фонетика;
Салыстырмалы морфология;
Салыстырмалы синтаксис.
Оқыту әдістемесі: Курс баяндау, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау, интерактивті көрнекілік әдістер негізінде оқытылады.
Пререквизиттер: түркі тілдерінің грамматикасынан (фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларынан) мағлұматтары болулары керек.
Постреквизиттер: Курс соңында студент түркітану ғылымының негізгі нысаны - түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы туралы жалпы мағлұмат алып, түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің қалыптасу кезеңдері, өзіндік ерекшеліктері жайлы хабар алады.
Достарыңызбен бөлісу: |