Орындау уақыты : 3 минут.
Бағалау шкаласы: 9-10 балл — бала суреттегі 7 қисынсыздықты толық атап, қай жерде не нәрсе ақиқатқа сай келмейтіндігін қанағаттанарлықтай түсіндіргенде қойылады және зерттелініп жатқан қасиеттер өте жақсы дамығын деп бағаланады.
7-8 балл — бала суреттегі қисынсыздыктардың барлығын атап беріп, олардың ақиқатка сай келмейтіндігін түсіндірсе, бірақ оларды айтып беруге қиналса қойылады. Бұл баға баланың еске сақтау қабілеті жақсы дамығанын, логикасы барлығын, дегенмен оның тіл байлығы немесе сөйлеу техникасы онша қалыптаспағанын көрсетеді. Баланың жалпы дамуы жақсы деп бағаланады.
5-6 балл ~ бала қисынсыздықтарды түгел байқаған, бірақ айтып беру барысында 4-5 қисынсыздықты толық көрсетіп, калғандарын еске түсіруге және ақиқатта қандай болатынын түсіндіруге қиналса койылады. Баланың жалпы дамуы орта деп бағаланады.
3-4 балл - бала қисынсыздықтардың 3-4 атап беріп, олардың дұрыс орны қандай екенін әңгімелеп беруге қиналып, қоршаған ортадағы жан-жануарлардың өмір сүру ерекшеліктерін толык түсінбейтіндігін көрсеткені. Бұл жағдайда баланың даму денгейі төмен екені анық байқалып тұр, сондықтан оның оқу мазмұнын алып кетуі қиын деп бағаланады.
1-2 балл - бала тек сұрактар қойып жетелеу барасында қисынсыздықтарды еске түсіріп, олар туралы өте қысқа мағлұмат берсе, немесе басын изеп отырса, оның даму деңгейі өте төмен деп бағаланады.