«Социометрия» Дж. Морено әдісі Мақсаты: оқушының сыныппен қарым-қатынас деңгейін анықтау;
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай сауалнама үлестіріледі.
1.Кіммен бір партада отырғың келеді?
2.Кіммен бірге сабақтан соң үйге қайтқың келеді?
3. Кімді туылған күніңе шақырғың келеді?
«Таңдау» матрицасындағы» мағмұматтар өңдеп болғаннан соң, «Социограмма» жасалады.
Социограмма
Социограмма толтырылғанда ұлдар мен қыздарды бөлек белгілеуге де болады.
Нәтижесі: Сараптама нәтижесі бойынша оқшауланған (елеусіз немесе шеттеп қалған) оқушылармен жұмыс жүргізіледі.
Лидер
Социограмма толтырылғанда ұлдар мен қыздарды бөлек белгілеуге де болады.
Тренинг-жаттығу «Тату отбасы» Мақсаты : қол, бет мимика арқылы сыныптағы көңіл –күйді жеткізу.
Жаттығу барасы : балалар дөңгеленіп отырады.Әр қайсысы белгілі бір іспен шұғылданады: бірі ермексаздан шарик, екіншісі тақтайға шеге қағып отырады, тағы біреуі сурет салып отырады т.б. Балалар іс –әрекетті шынайы етіп мимика арқылы көрсетеді. Жәй әуен қойылып тұрады.
Сұрақтар: - Қандай әсер алдыңыздар?
Қаншалықты қиын болды?
Ш.Е.Рысмаханбетованың "Қисынсыздықтар" әдістемесі Мақсаты: баланың еске сақтау қабілетін зерттеу, логикалық ойлауының көрініс беруін, сөздік қорының, грамматикалық жағынан дұрыс жеткізуін және өмірде кездесетін объектілерінің бір-бірімен ара қатынасын түсінуін зерттеу. Оқушыға сурет көрсетілгеннен соң оған келесі нұсқау беріледі. Суретте жануарлардың қисынсыз жағдайда болған сәттері көретілген (мысық ағаш басында құс сияқты ұяда отыр, кит иттің үйінде, ақ қайында алма гүлі ашылған және алмұрт пен ананас пісіп тұр, терезе алдындағы гүл, үйді қоршаған штакетник орындарынан адасып кеткен). Шартты мерзім өткеннен соң психолог суретті алып қояды да баланың сурет бойынша айтқан әңгімесін тыңдайды. Бала суреттегі барлық қисынсыздықтарды атап шығып, содан соң олардың дұрыс орналасу ретін көрсетуі керек. Бала үндемей отырса, психолог оған келесі сұрақтарды ретімен беріп, оны әңгімеге тартуы керек:
Саған сурет ұнады ма? Бала тек басын изеп жауап берсе оған келесі сұрақтар койылады:
Бұл суретте саған не ұнады? Егер бала сурет фрагменттерін ғана атаса келесі сұрақ беріледі:
Суретте не салынған? Бала жауабының мазмұнына байланысты косымша келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:
Тағы не бар еді?
Сурет қызық па?
Күлкілі нәрсе салынған жерлері бар ма?
Өмірде осындай жағдайлар кездеседі ме?
Орындары ауысып кеткен суреттер бар ма?
Егер бала бірден жағдайды дұрыс түсініп, орындары ауысып кеткен жануарларды атап шықса, онда қосымша сұрақ қоюдың ешқандай қажеті жоқ.